Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет5/23
Дата22.10.2023
өлшемі0.55 Mb.
#481391
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

2-МОӨЖ тақырыбы:Шетел ғалымы В.Гумбольдтың ғылыми пікірлерін талдау.
Тапсырмалар:презентация дайындау
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары: Этнолингвистикаға анықтама берген қазақ ғалымдарының ережесін тауып, жазып келу.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997.

  2. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.

  3. Воробьев В.В. Лингвокультурлогия. М., 1997. Маслова В.А. Введение в лингвокультурология. М., 1997.

  4. Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы. 1997.

  5. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.

Үшінші апта
3 дәріс тақырыбы:Қазақ этнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері. Қазақ этнолинвистикасындағы жүйелілік принципі.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Этнолингвистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері
2. «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясы
3. Этнолингвистикадағы «індете зерттеу» әдісі
Терминдер мен анықтамалар:
Әлемнің тілдік бейнесі - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);
Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің
1.Этнолингвистиканың зерттеу әдіс-тәсілдері. Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу тәсіл-әдістері. Бұл — этностың тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән-жайын, мағына-мазмұның терең түсіну және түсіндіру арқылы этнос болмысын (рухын, бейнесін, өзіндік қасиетін) паш ету деген сөз. Сондықтан да бұл қазақ этнолингвистерінің ұстанатын аса маңызды принциптеріне жатады. Олар зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты төмендегідей бірнеше нақтылы шарттан тұрады:
1. Соның бірі — қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшеліктері
арқылы ғана танып-білу.
2. Этнос тіл әлемін түбегейлі меңгеру, игеру. Басқаша айтқанда, бұл принцип тіліміздегі ұшан-теңіз лексикалык байлықты тек сан жағынаң ғана түгендеп шығу емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралай түсу, яғни сөз мұхитының түбіне терең бойлап,«інжу-маржанға» толы қазынасын түгел ақтарып, оның сан ғасырлар бойы сақтап келе жатқан сырын аша түсуге барып саяды. Этнолингвистикалық зерттеудің қиын да, күрделі мәселелерінің бірі осы болмақ.
Этнолингвист-ғалымға койылатын басты талап — жалпы тіл табиғатын білумен қатар оның әрбір сөзінің мағына астарындажатқан этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, тани білу және таныта білу. Ал, бұл міндетті орындау кез келген адамның, тіпті тілдің структуралық (грамматика, фонетика, лексика, т.б.) проблемаларымен ғана шұғылданушы мамандардың да қолынан келе бермейді десек, артық айткандық емес. Өйткені бұл салада лексикалық байлықтың тек тіл факторы, сөздердің жиынтығы ретінде ғана емес, этностың тілдегі болмысы, бейнесі, көрінісі, негізі ретінде қаралатындығы. Этнолингвистикамен шұғылданамын деуші талапкерлердің осы бір талапты білгені абзал.
2. «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясы.Тіл байлығындағы заттар мен кұбылыстардың атауларын үлкенді-кішілі (макро-микро) тақырыптық-мағыналық тұлғалық топтарға (салаларға, кластарға, тарау-тармақтарға т. б.) бөліп қарау ғылыми тұжырымды (концепция) іске асырудыңұстанымы (принципі) ретінде талап етілмекші. Этнолингвистикалык еңбектерде адам өзіне қажетті сөздерді оның мағына, түсінігі арқылы іздеп, ол жататын тақырыптық топтардың жүйесінен тез тауып, сол сөзді қоршаған контекст арқылы оған қатысты басқа да мағлұматтармен таныса алады.
Этнолингвистикалық материалды топтастырудың принциптері, әдетте, зерттеу объектісі мен оны танып-білу мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Егер зерттеу объектісін «қазақ этносы», «этнос болмысы» деп жалпылама қарайтын болсақ, онда тіл байлығы — «тіл әлемі» түгел қамтылуы тиіс. Біздің кейінгі жылдардағы зерттеу тәжірибемізде «тіл әлемі» түгел қамтылып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» дегі аталатын үш үлкен салаға жіктеліп, олар іштей 30 (6 + 17 + 7) үлкен (макро) топқа, ал олар өз ретінде 200-дей микро-топқа бөлініп қарастырылуда.
Бұдан шығатын қорытынды: макротоптар өзара «жүйелі қатысты принцип» негізінде, ал микротоптар бір-бірімен «сатылы қатысты принцип» бойынша топтастырылады деген сөз. Осының біріншісі негізгі үш салаға — «Адам», «Қоғам», «Табиғат»— қандай макротоптар енетінін айқындаса, екіншісі әрбір макротоптың тарау-тармақтарына енуге тиісті микротоптарды айқындайды. Мәселен, «Табиғат» саласына жататын ірі-ірі макротоптың бірі «жануарлардүниесі» десек, ол өз ретінде 1)«Жабайы хайуандар» және 2) «Үй хайуандары» болып екі топқа бөлінсе, кейінгісі «төрт түлік мал» «жылқы», «түйе», «сиыр», «қой, ешкі» болып, оның өзі де сатыланып, кіші топтарға жіктелуі мүмкін.
Қысқасы, жалпы «тіл әлемін», сондай-ақкез келгентақырыптықтопты этнолингвистикалық тұрғыдан осылайша жүйелі де сатылыпринциптер бойынша қарастырғанда ғана оларды түгел де түбегейлі меңгердік, танып-білдік деп айтуға болады.
Айта кету керек, бұл принциптер зерттеу объектісіне және оның мақсатына байланысты әр түрлі ауқымда, деңгейде қолданылуы мүмкін.
Айта кету керек, бұл принциптерді кез келген тақырыпқа және әр түрлі деңгейде қолдануға болады. Әдетте, тақырыптық шеңберде этнолингвизмдер мағына, тұлға (кұрам-құрылым, модель т.б.) түрлеріне карап та топтастырылады.
3.Этнолингвистикадағы «індете зерттеу» әдісі. Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеудің тағы бір принципін біз «індете зерттеу» деп атадық. Аңшылар лексиконында: «аңды іңдетіп алу» — тазылардан қашып келіп, жан сауғалап кез келген інге тығылған андарды (түлкі, қаскыр, қарсақ, борсық т.б.) аңшы амалдап, су құйып, түтін салып, таяқ жүгіртіп т.б. қолғатүсіру әдісі.
«Індете зерттеу» деп, шартты түрде алынып отырған бұл терминнің мәнісі — зерттеушінің тілімізде күнделікті айтылып, жазылып жүрген («қолбала, елгезек») сөздермен ғана шектеліп қалмай, неөзі білетін, шеті көрініп тұрған, не ұмыт болған тіл фактілерінің «ізіне түсіп», лексикалык қордың қойнау-қолаттарынан іздеп тауып, түп тамырымен қопарып, түбегейлі айқындауға тырысу деген сөз. Сонда ғана этнос табиғатын толык танып-білуге қажетті тілдік фактілерді сол фактілердің қабатында, астарында, қайнар көзінде жатқан небір ғажайып этнолингвистикалық деректерді тауып, сөйлетуге болады. Олардың «ірілерін» ғана емес, «майда-шүйделеріне» дейін түгел қамту ләзім. «Індете зерттеуге» әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің жеке бастарын ғана емес, олардан туындап, өркенден, бұтақтап, балалап, тарап жатқап туынды да қатысты дүниенін бәрін (олардың атауы арқылы) түгел қамту міндеті де жатады. Бір-екі мысал келтіре кетейік.
Мәселен, қазақ тілінде адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларына байланысты 500-ден астам атау бар екен. Этнолингвистика саласында өзінің бай өмір тәжірибесін, ел арасынан жинап-тергендерін жариялап, өнімді еңбек етіп жүрген Жағда Бабалықов ақсақал, мәселен, малдың тек бас сүйегіне қатысты тілімізде 500-дей атау қалыптасқанын айта келіп, осы бас сүйектің бір өзінен ғана неше жүз жік-жапсар, бөлік-бөлшек атауларын тау-ып жазып отыр.
Ол қазақ малшылары мен емшілері «...тек қой басы сүйегі бөлшектерінін 170—180 жік арқылы байланысатынын да айтады. Тағы бір ғажабы: сүйек жіктерінің табиғи ерекшеліктеріне орай,— 60 қақ жік, 40 ұңғылы жік, 30 жапсар жік, 30 жанас жік, 10 киілмелі жік» дел бөлгені таңқалдырады...» деп жазады.
3 практикалық сабақтың тақырыбы:1.Жүйелілік принципі қалай жүзеге асады?
Тапсырмалар:
1. Ә.Қайдар енгізген «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясының негіздері қандай?
2.Індете зерттеу әдісі дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет