Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау


Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау



бет8/20
Дата13.10.2022
өлшемі79.12 Kb.
#462613
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Тарих кафедрасы

4. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау.


1 тақырып. Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі тектес адамдардың пайда болуы. Нәсілдік тек.
1. Антропогенез процесінің аяқталуы және қазіргі келбеттес адамдардың пайда болуы.
2. Нәсілдік тектің шығуы.

Дриопитектер приматы, антроморфтық маймылдар түрлері (австролопитектер, парантроптар және плезиантроптар). Гоминидтердің пайда болуы және орны. Палеоантропологиялық табылулар нәтижесі. Алғашқы адамтектестердің пайда болған ошақтары жөніндегі моноцентристік, полицентристік және аралық пікірлер.


Неандертальдік адам типтері. Нәсілдік белгілердің табиғилық факторлары.


2 тақырып. Ертеректегі рулық қауымның рухани мәдениеті.
1. Рухани мәдениеттің бастаулары.
2. Жартылыстанушылық ілімдерді эмпирикалық тұрғыда игеруі.
3. Пиктографиялық немесе суретті жазудың пайда болуы.
4. Алғашқы рулық қауымның өнері.
5. Діни көзқарастары.
6. Тілдік және этникалық жағдайы.

Алғашқы рулық қауымның өндірістік іс-әрекетінің дамуы және әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көтеріле түсуі. Ғылым-білімнің жаңа қырларының тәжірибелік маңызы. Жазу-сызудың даму заңдылығы. Дін және мифология. Діни этикалық қалыптасуы. Политеизм және ғибадат ету орындары мен жерлеу қорымдарының пайда болуы. Қауымдық сананың өсуі. өнердің сан алуандылығының бастауларының туындалуы. Алғашқы рулық қауымның діни наным-сенімдерінің тууы.




3 тақырып. Кейініректегі рулық қауымның рухани мәдениетінің өрлеуі.
1. өндіруші шаруашылық дамыған рулық қоғамдағы жаңа мәдени бастаулар негізі.
2. Бейнелеу өнері.
3. Би және музыкалық шығармашылық.
4. Діни наным-сенімдердің күрделену үрдісі.
5. Тілдік және этникалық жағдай.
Өндірістің дамуы және әлеуметтік өмірдің күрделенуі алғашқы қоғам адамдарының рухани мәдениетінің жаңа белеске көтерілуіне тигізген ықпалын ашып көрсету керек. Жаңа пайдалы ілім түрлері, өнердің өрлеуі, мифологиялық түсініктерді жаңа сипаттарының пайда болуы. Топографиялық түсініктердің қордалануы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет