Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау



бет2/20
Дата13.10.2022
өлшемі79.12 Kb.
#462613
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тарих кафедрасы

Курстың пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы алғашқы базалық пән ретінде археология, тарихи антропология, этнология, мәдениеттану және дінтану пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.


Курстың постреквизиті: Алғашқы қоғам тарихын толық игеру нәтижесінде философия, ежелгі дүние тарихы, деректану мен тарихнама пәндерін меңгеруге болады.


Алғашқы қоғам тарихы курсына сипаттама:
Алғашқы қоғам тарихы курсының мақсаты – адамзат тарихының ең ірі кезеңін төмендегідей негіздемелер арқылы толықтай игеруден түзіледі. Алғашқы қоғам тарихының деректемесі мен тарихнамасы. Адамның шығу тегі мәселесі. Социогенез мәселесі. Ойлау, сөйлеу мен идеологиялық түсініктің пайда болуы. Рулық қауымның пайда болу мәселесі. Кейіңгі, рулық қауымдық қоғам. Алғашқы қауымның ыдырауының алғы шарттары және жалпы барысы. Жеке меншіктің, таптың, мемлекеттің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезіндегі рухани мәдениеті. Қоғамның этнотілдік мәселесі.
Көрсетілген маңызды мәселелер тізбегін бірізділікпен жүйесі әрі ғылыми негіздемелік тұрғыда меңгеру оның міндеттерін айқындайды.


Курсты оқып-үйрену барысында студенттер:
1). Білуі керек:
1. Алғашқы қоғам тарихы пәні және міндеттері. Алғашқы тарихының бастау көздері. Археология, этнология және антропология деректері. Қосымша дерек көздері. Алғашқы қоғам тарихындағы дерек көздерінің маңызы. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы тұрмыстық қоғам туралы көне замандағы және ортағасырлардағы түсініктер. ХІХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғам туралы нақты білімдердің қорлануы және олардың жинақталуы.
Эволюциялық мектеп. Мәдени тарихи мектеп. Функционалдық мектеп. ХХ ғ. алғашқы қоғамдық археология мен палеантропология ғылымдарының дамуы. ХХ ғ. алғашқы тұрмыстық қоғамды тарихи-этнологиялық тұрғыдан реконструкциялау. Орыс және кеңестік дәуір ғалымдарының алғашқы тұрмыстық қоғам проблемаларын талдауға қосқан үлесі.
Алғашқы қоғам тарихын шежірелеу және дәуірлерге бөлу. Археологиялық, геологиялық және палеоантропологиялық дәуірлер. Тарихи-мәдени дәуір. Жалпы (тарихи-өркениеттік) кезеңдер. Кеңестік-ресейлік тарихшылардың алғашқы тұрмыстық қоғам тарихын кезеңдерге бөлуге қосқан үлесі.
Алғашқы қоғам тарихының жалпы және жекеленген мәселелерінің ғылыми түсініктемелерін талдауды үйреніп игеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет