Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау


тақырып. Алғашқы қоғамдық институттардыңпайда болуының алғы шарттары



бет9/20
Дата13.10.2022
өлшемі79.12 Kb.
#462613
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Тарих кафедрасы

4 тақырып. Алғашқы қоғамдық институттардыңпайда болуының алғы шарттары.
1. Жеке меншіктің қалыптасуы.
2. Таптардың шығуы.
3. Мемлекеттің құрылысқа көшу үрдісі.
4. Жыныстық төңкеріс. Неке және отбасы.
5. Алғашқы қоғамдық көршілес қауым және рулық-тайпалық ұйымдар эволюциясы.

Ертеректегі рулық қауымның тууына ықпал еткен факторлар: өндіргіш күштердің дамуындағы ірі ілгерілеушіліктің орын алуы. Техникалық тұрғыда қарулану үрдісінің жандана түсуі. Аналық ру мәселесі.


Өндірістік қатынастардың түрлі формаларының шығуы. Қоршаған табиғи ортаны игеру. Еңбек процесінің күшейе түсуі. Қоныстану ареалдарының күшейе түсуі.
Рулық құрылыстың құрылымдық жүйесі. Оның туысқандық және қауымдастық сипаты. Биліктің ұйымдастырылуы. Некелік-жыныстық қатынастар жүйесіндегі жас ерекшелігіне байланысты жыныстық еңбек бөліністері. Өндіруші шаруашылықтың кейініректегі рулық қауым тұсындағы пайда болуы. Өндірісте металдың жоғары деңгейде пайдаланылуы. Мыс, қола және темірдің кеңінен қолданысқа еңгізілуі.өндірістік қатынастар негізінде айырбас пен сауданың жолға кеңінен қойылуы.Экономикалық аспектіде айырбастың дамуы және түрленуі. Қосымша өнім өндіру, оны қажетке жарату және алғшқы құлдықтың пайда болуы.


5 тақырып. Таптық қоғамдардағы алғашқы тұрмыстық қоғам қалдықтары.
1. Тайпа және метатайпалар. Көршілік қауым.
2. Отбасылық қауым және патронимия.
3. Қоғамдық тұрмыс өлшемі. Отбасы – неке өлшемі.
4. Қоғамдық сана түрлері. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыс қалдықтары ерте таптық қоғамның компоненті ретінде.

Алғашқы тұрмыстық қоғамның қалдықтарының таптық қоғамдардағы көрінісі. Тайпа және метатайпалық реликтілік сипаты. Қалдықтық патроноимиялық ұйымының ареалы. Қоғамдық сананың түрленуі. Отбасы және неке қатынастарының құқықтық, моральдық және дініи нормаларының қалыптасуына өткен дәуір сарқыншақтарының ықпалы.




6 тақырып. Алғашқы қауымдық қоғам тарихынан кесте-сызбалық және терминологиялық жүйесі.

Алғашқы қауымдық қоғам құрылысының негізгі сатыларында орын алған құбылыстар сипатын кесте-сызба түрімен қорытындылап беру. Әсіресе, хронологиялық-дәуірнамалық негізде тарихи-антропологиялық өзгерістер барысы, бастапқы және шаруашылық (салалық) материалдық артефактар топтамасы, тұрмыстық мәселелер және тарихи-саяси географиясы берілуі міндетті шарты болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет