Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта семинар сағат


апта. 2 семинар.1 сағат. 2 семинар сабағының тақырыбы



бет2/10
Дата16.02.2024
өлшемі37.15 Kb.
#492178
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

2 апта. 2 семинар.1 сағат.
2 семинар сабағының тақырыбы: Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы.
Семинар сабағының жоспары:
1. Оғыздардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
2. Қимақтардың мемлекеттік құрылымы.
3. Қарахан мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны
4. Қыпшақ мемлекетінің даму ерекшеліктері.
5. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы тарихи деректер.


Семинар сабағының мақсаты: Түркі мемлекеттерінің тарихын, ішкі және сыртқы саяси дамуы мен кезеңдерін, этногенездегі рөлі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде қарастыру.


Әдістемелік нұсқаулар: берілген сабақты шағын топ түрінде жүргізген жөн. Студенттер 4-топқа бөлініп, әрбір топ жеке тапсырма алады. Әр топ тапсырмада көрсетілген бір мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын бойынша өзара сұрақ-жауап жүргізеді. Жазба, ауызша және археологиялық деректер мен зерттеушілердің еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалану маңызды. Семинар соңында оқытушы өз деңгейінде берілген жауапты бағалай отырып, қорытынды жасалынады.


3 апта. 3 семинар. 1 сағат.
3 семинар сабағының тақырыбы: Монғол шапқыншылығы және Алтын Орда. Ортағасырлық мемлекеттер ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің тарихын, сыртқы саясаты мен билеушілердің рөлін, зерттелу мәселесін ауызша баяндау, тарихи деректермен жұмыс жасау.


Семинар сабағының жоспары:
1. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы) тарихы.
2. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).
3. Жетiсу мен Шығыс Дешті қыпшақтағы Әмiр-Темiрдiң басқыншылық жорықтары.
4. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.).
5. ХIII-XV ғасырлардағы Ноғай ордасы мен Сібір хандығы. 1. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.
6. Қала құрылысының өркендеуі.
7. Алтын Орда кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени дамуы (жаңа археологиялық ашылымдар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет