9 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде
Семинар сабағының жоспары:
1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір
2. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан.
3. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.
4. ЖЭС
5. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы.
Сабақтың мақсаты: 1-ші дүниежүзлік соғсытың Қазақстанға әсері және Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы туралы баяндау. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылуы туралы талқылау.
Әдістемелік нұсқаулар: Ақпан-қазан төңкерісінің әсерін талдау. Ұлтық мемлкет құру жолындағы алғы шарттар. Зиялы қауым өкілдерінің қызметімен танысу. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық кезіндегі деректермен жұмыс.
10 апта. 10 семинар. 1 сағат.
10 семинар сабағының тақырыбы: Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
Семинар сабағының жоспары:
1. Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі билігінің күшеюі.
2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
3. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны.
4. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм.
Сабақтың мақсаты: Тоталитарлық режимнің қалыптасу жылдарындағы Кеңес үкіметінің саясатының мәні мен мазмұнын жаңа архив материалдары негізінде ашу. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес өкіметі жүргізген әкімшіл-әміршіл бағыттағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студент деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің мәнін ашады. Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясы мен ұжымдастыру идеясының мәнін ашады. Қазақ зиялыларының еңбектеріне сүйене отырып, олардың индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары мен теориялық пікірталастарына талдау жасайды. Мәдени дамудың қарама-қайшылықтарын анықтау үшін архив құжаттары мен материалдарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |