Қиялдың қызметтері:
Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады. Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.
Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялык көңіл күйімен тығыз байданысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Демек, қиял біздің іс-әрекетімізді ретгеуде үлкен рөл атқарады.
Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының «жіктену, оның ыдырауы, қайта топтасуы жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмінің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Қиял көптеген органикалық процестер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдардың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне, т.б. Қиялдың органикалық процестерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процесінің өзгеруі болып табылады. Мысалы, біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы құрал газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.
Қиялдың түрлері.
Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.
Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |