Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет10/26
Дата26.03.2023
өлшемі282.73 Kb.
#471129
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар)

Түйсіктер туралы жалпы түсінік. Бізді қоршаған және бізге әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім органдары — көру, есту, дәм және т.б. арқылы біздің санамызда бейнеленеді.
Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.
Мәселен, бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б. жекелеген қасиеттерін түйсінеміз.
Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет:
Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері сезімдік жүйкенің аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде негізінен аңғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады.
Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:
1) сезім органдарынан (рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім органдары дегенді басқаша түйсік органдары деп атаған дұрыс болар еді. Сезім органдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанмен, түйсік органдары деп айтқан дұрыс болады. "Сезім" — бұл өз алдына дербес психикалық үрдіс.
2) өткізгіш жолдан, демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.
3) бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушалар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа — түйсінуге өтеді.
Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П. Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.
Анализаторлар, өзінің атынан белгілі болғандай, қоршаған ортаның әсерін талдау үшін жұмыс істейді.
Анализатор адамның ғасырлар бойы өмір сүру үрдісінде өмірге қажетті мәнді тітіркендіргіштерді ерекше бөліп көрсетеді.
Әрбір түйсік адамға ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен байланысты болады. Бұл - сезімдік немесе эмоционалдық түйсіктің белгісі.
Мәселен, тәттіні түйсіну ұнамды, ащыны түйсіну ұнамсыз. Кейбір түйсіктерде сезімдік белгі үлкен күшпен ерекше байқалады. Осындай түйсіктерге, мәселен, тою, аштық, ауыру түйсіктері жатады.
Ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен бірге түйсіктер тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беруімен (кейде өте әлсіз) бірге жүреді. Бұл ағзаның жауап беруі алғашқы балалық шақ кезінде ерекше аңғарылады. Ағзаның тітіркендіргіштерге жауап беруі арқылы балаларда белгілі дәрежеде түйсіктердің барлығын аңғаруға болады. Бұл жауап берудің (реакцияның) болуы көрсеткендей, түйсіктердің жүйке-физиологиялық негіздері рефлекс болып табылады. Берік шартты рефлекс элементарлық психикалық үрдіс - түйсіктердің физиологиялық негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет