Семинарда менің қорғайтын тақырыбым «География және тарих пәндерінде оқушының оқу мотивациясын арттыруда сыныптантыс шараның рөлі»



бет1/3
Дата11.03.2022
өлшемі45.85 Kb.
#456156
түріСеминар
  1   2   3
семинарга


Қайырлы күн құрметті конференцияға қатысушылар!! Бүгінгі семинарда менің қорғайтын тақырыбым «География және тарих пәндерінде оқушының оқу мотивациясын арттыруда сыныптантыс шараның рөлі».


Қазіргі таңда мектептің алдында тұрған міндет- педагогикалық процестің тиімділігін арттыру. Осыдан оқу процесін қалай тиімді етуге болады? деген сұрақ туындайды.
Әр мұғалім оқушысының жақсы оқып, мектепке қызығушылықпен және құштарлықпен келгенін қалайды. Мұны ата- аналар да қолдайды. Өкінішке орай, көбіне мұғалімдер де, ата-аналар да «оқығысы келмейді», «тым жақсы оқыр еді, құлқы жоқ» деп жатады. Бұл жағдайда біз оқушының бойында білім алуға қажеттілік қалыптаспағандығын, оқуға қажеттілігін сезінбесе, қызығушылықтың жоқтығы айқын аңғарамыз.
Оқушы білім алуға немқұрайлы қараса, қызығушылық танытпаса,білім алудың қажеттігін сезінбесе, оқуда жетістікке қол жеткізе алмайтындығын әр мұғалім біледі. Сондықтан мектеп оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында баланың оқу қызметіне жағымды мотивация қалыптастыруы тиіс.
Оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы – (латын тілінен “moveo” – қозғалтамын) – білім алушылардың білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс.
Оқыту мотивациясы жоғары деңгейде болмайынша, оқуда жетістікке жету, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдысын және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды елестету мүмкін емес.
Оқушылардың оқу мотивациясын арттыруда әртүрлі тәсілдер қолдануға болады. География және тарих пәндерінде өлкетану материалдарын пайдалана отырып сыныптан тыс шара өткізу балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетіні белгілілі.
География және тарих пәндерінде сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мақсаттары мен қойылатын міндеттері, жұмысты ұйымдастыру қағидаларына тоқтала кетсем:
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар мынадай мақсаттарды көздейді:

  • әрбір оқушы өзін табиғи және әлеуметтік ортада ұстай алуына, үздіксіз білім алуына, өзінің қабілеттерін барынша көрсетуге жағдай жасау;

  • оқушыларды табиғатты түсінуге, оны қорғауға, мәпелеуге баулу;

  • өзінің өлкесі: оның табиғаты, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдету;

  • оқушылардың қоршаған орта және ел шаруашылығының орналасуы туралы ойын дамыту;

  • географияны оқуға қызығушылығын қалыптастыру.


Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ең маңызды міндеті болып, оқушыларда өзара түсіністік, достық, ұжыммен жұмыс істеу сияқты жеке тұлғалық қылықтар қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мынадай міндеттерді орындайды:

  • оқушыларды қоғам мен табиғаттың әр қырын көрсететін қызықты жаңа фактілермен, түсініктердің бай түрімен қамтамасыз ету;

  • оқушылардың географиялық ойын қалыптастыру;

  • әрбір адам мәдениетінің маңызды құрамы – географиялық, картографиялық, геоэкологиялық және әлеуметтік – экономикалық сауаттылығын қалыптастыру;

  • сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне мүмкіндік беруі;

  • география мазмұнын тереңдету және кеңейту;

  • мектептегі географияны өмірмен байланыстыру;

  • оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту;

  • әрбір оқушыға дифференциалды жол табу;

  • оқушыларды кәсіби бағдарлау;

  • географиялық мәліметтер алынатын көздерді дұрыс пайдалана білу дағдысын дамыту;

  • сыныптан тыс жұмыстар сарамандық үрдісте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен, географиялық білім мен тәрбие

беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сонымен қатар, пәннен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың міндеті - оқушылардың география ғылымына қызығушылығын арттыру. Географияға танымдық қызығушылықты дамыту сыныптан тыс жұмыстар негізінде тартымды әдістер қатыстыру, ғылымның маңызды жетістіктерімен таныстыру, табиғатқа және өндіріске экскурсиялар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда келесі педагогикалық талаптарды қадағалау маңызды:

  • сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті болуы тиіс;

  • сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта – ықыласына, талабына, бейім – қабілеттері мен құштарлығына сүйенген жөн;

  • экологиялық бағыттылық;

  • өлкетану бағыты;

  • сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен мазмұнының қазіргі заманға сай болуы;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, жастық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескерілуі;

Географиядан сабақтан тыс жұмыстың бірнеше түрлері бар. Соның бірі, кеңінен қолданатын конференция өткізу
Туған өлке, оның табиғаты және экономикасы туралы білімін тереңдетуге арналған географиядан тыс жұмыстардың да мүмкіндіктері де өте үлкен. Бұл оқушылардың ұлтжандық сезімдерін дамыту, шаруашылықта өзіңнің туған өлкеңнің байлығын үнемді қолдана алу маңыздылығын түсіндіру, оның табиғи ескерткіштерін, тарихын және мәдениетін қорғауға үйретеді.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептердегі мақсат ол, оқу-тәрбие үрдісі арқылы оқушыларға терең білім берумен қатар, өлкетанулық мәдениетті қалыптастыру. Демек, бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты — сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтерумен бірге сабақта өлкетану материалдарын кеңінен қолдана отырып білім беру болып табылады.
Өлкетану материалдарын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану үлгілерін көрсету арқылы өз тәжірибеммен бөліскім келеді.
. Оқушылардың география және тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру үшін өлкетану материалдарын пайдалана отырып «Географтар көзімен еліңді таны, тарихшылар сөзімен өткеніңді таны» деген тақырыпта конференция өткізуді жөн көрдім. Себебі бұл біріншіден ауданымыз туралы білімдерін ұлғайтса, екіншіден оқушыларда патриоттық сезім, туған жерге оның табиғи, мәдени байлықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсіру мақсатында сыныптан тыс шараның осы түрін таңдап алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет