Конференция мақсаттары:
Оқушылардың география және тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, географиялық ұғым, түсінік, білімдерін, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін дамыту;
Оқушыларды экологиялық, отансүйгіштік, патриоттық, еңбек, кәсіптік, эстетикалық, экономикалық, тіл мәдениетіне, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Конференцияға 7-8 сынып оқушылары қатысты. Жоспарымен таныстыра кетсем конференция 5 кезеңнен тұрады. Жекелей тоқтала кетсем
1 кезең Ұйымдастыру кезеңі
Топта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін «Сәлемдесу» ойынын алдым. «Бастаймыз» деген белгі берілгеннен кейін, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, оқушылар бір-бірлерімен әртүрлі амандасады (көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен)
2 кезең Баяндамалар
«Жер жәннаты Катонқарағай» тақырыбындағы бірінші баяндаманы кіріспе ретінде мен өзім оқыдым, аудан тарихы, халқы, тұрмыс тіршілігімен презентация, видеоларды пайдалана отырып таныстырып өттім. Келесі сөз кезегі оқушыларға беріледі. география және тарих пәндері бойынша дарынды оқушыларға тапсырма алдын ала берілген болатын, 7- сынып оқушысы Дөненбаева Ділназға «Катонқарағайдың киелі жерлері», 7- сынып оқушысы Құмаржанова Аяулымға «Катонқарағай мұражайлары», 8- сынып оқушысы Құмарбекова Еркеге «Катонқарағай гидрологиясы» тақырыбында баяндамаларын дайындап, презентацияның көмегімен қорғады. Бұл бөлімді танымдық бөлім деп те айтуыма болады. Себебі баяндама арқылы балалар ізденіп, білімдерін кеңейтеді.
Оқушылар зерігіп кетпес үшін, сергіту сәтін жасап алу міндетті. Заманауи патриоттық «Мен қазақпын» әнімен әртүрлі қимылдар жасап сергіп алып 4 кезең «Қызық екен» интеллектуалдық ойынын бастадық. Ойынның өтілу барысы кезеңнен тұрады. Ойынның мақсатымен таныстырылып, сынып 2 топқа бөлінді. Тапсырмалармен таныстырылды, ойын логикалық сұрақтарға негізделген. 9 жасырын ұяшықтың бірін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Тарихи оқиғалар мен жаратылыстану бағыты бойынша және өлкетануға байланысты әртүрлі сұрақтар дайындалған болатын. Әр ұяшыққа 10 ұпай беріледі. 40 ұпаймен жеңіске жеткен «Алтай» тобы мақтау қағазымен марапатталып, қорытынды жасалынды.
5 кезеңде
Достарыңызбен бөлісу: |