Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


Педагогикалық эксперимент



бет44/46
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497157
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Педагогикалық эксперимент – нақты жағдайды еске алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибе (зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті);
Проблемалық оқыту бұл ғылым негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.
Рейтинг – ағылшын тілінде «to rate»– «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Сабақ мұғалімнің талапқа сай тиянақты сабақ кестесі бойынша тұрақты оқушылар құрамы мен мұғалімнің жүргізген оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сабақтардың жіктелуі (классификациясы) – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.
Сангвиник эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Семинар сабағы оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Сендіру – бір адамның екінші адамға немесе ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады.
Стандарттау педагогика ғылымы мен кәсіптік білім саласында, қызығушылығы ортақ барлық жақтардың қатысуымен оқытудың, үйретудің, тәрбиелеудің және оны дамытудың қайталанып келетін міндеттерін шешу мақсатында іс-әрекеттердің реттелген тәртібінің белгіленуі және қолданылуы.
Сынақ жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділігін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынып барлық оқушылар өздерінің жас шамасына қарай, білім дәрежесіне сәйкес топтастырылады.
Табиғи эксперимент – педагогикалық процесті зерттеу үшін бүкіл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай әдеттегі жағдайларда жүргізіледі (м., саяхат т.б.).
Тәрбие дегеніміз қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға қоғамдық тәжірибені меңгерту үшін және оны белсенді іс-әрекетке ынталандыруда мақсатты және саналы түрде педагогикалық процесті ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет