Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау



бет38/46
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497157
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау – олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатымен жүргізілетін, нәтижелері бойынша білімі туралы құжат (куәлік, аттестат, қызмет куәлігі, диплом) берілетін рәсім.
Білім беру ұйымдарын аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.
Гимназиянегізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін жалпы орта білім беретін оқу орны.
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру.
Даралық түсінігі бір адамды екіншісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды.
Девианттық мінез-құлық – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы.
Демократиялық стиль – бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарлармен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіреді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдерді қабылдайды.
Дистанциялық (алыстан) оқытуоқыту нысандарының бірі, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет