Сұрақтар
1.Педагогикалық процестегі қарама-қайшылықтарды атаңыз.
2.Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама жасаңыз.
3.Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің мәнін ашыңыз.
Тапсырмалар
1.Өз мамандығыңыздың пәні бойынша тапсырмалар құрастырыңыз.
2.Тарих, құқық, филология пәндері бойынша мәселелелік жағдайлар құрастырыңыз.
3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесі бойынша әдебиеттер тізімін жасаңыз.
4.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің дидактикалық әдістерін көрсетіңіз.
Әдебиеттер
1.Педагогика. (дәріс курсы). Алматы, 2003ж.
2.Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова Педагогика. Алматы, 2004ж.
3.Н.Харламов Педагогика. Москва, 1990г.
10-семинар: Тұлғаның дамуының когнитивті теориясы (Д. Келли).
Мұғалім үшін бұл құрал: оқушының танымдық іс-әрекетін басқарып, оның ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Оқушының іс-әрекетінде ақыл-ой қабілеттері жанданады, білімі толығады. Әдістемелік ерекшеліктеріне қарай: мақсатты; ойланбаған жерден; проблемалық мазмұндама; эвристикалық әңгіме; проблемалық қойылымдар; проблемалық ойындық ситуациялар; зертханалық зерттеу жұмысы; проблемалық жаппай эксперимент; проблемалық ойлау эксперименті; проблемалық есеп шешу; проблемалық тапсырмалар болып бөлінеді. Проблемалық әдістердің ерекшелігі сонда, олар проблемалық ситуацияларды жасауға, оқушылардың танымдық белсенділігін оятуға, білімді, талдауды, білікті көкейкесті, заңды етуге негізделген. Проблемалық оқытудың қазіргі теориясында проблемалық ситуацияның екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне, екіншісі оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты.
Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін мұғалімнің қоятын сұрақтарының көмегімен туады.Психологиялық проблемалық ситуациялардың тууы таза жеке тұлғаға байланысты. Проблемалық ситуациялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады:
- мұғалім қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды оқушылардың еншісіне қалдырады;
- практикалық іс-әрекетте қарама-қайшылық тудырады;
- бір сұраққа әртүрлі көзқарас білдіреді;
- оқушыларды салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге итермелейді;
- анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға);
- проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;
- проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:
- оқушылардың білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарын меңгеруі;
- оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы;
- оқушылардың дүниетанымының негізгі болып табылатын диалектикалық – материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.
Арнаулы функциялар:
- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);
- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу.
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін ұйымдастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу).
Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Практикада көрсетілгендей проблемалық оқыту үрдісі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың әртүрлі білім деңгейін көрсетіп отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады.
Біріншісі, теориялық шығармашылық оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теореманы ашуды. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешуден тұрады;
Екіншісі, практикалық шығармашылық оқушының меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешуі;
Үшіншісіне, көркемдік шығармашылық қиял негізінде болмысты көркем бейнелеу, оған әдеби шығарма, сурет салу, музыкалық шығарма жазу, ойын және т.б. енеді.
Проблемалық оқытудың барлық түрі оқушы іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға болады:
- өзіндік емес белсенділік деңгейі – оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап;
- жартылай өзіндік белсенділік деңгейі – меңгерген білімді жаңа ситуацияда қолдана алу, мұғалімнің қойған проблемасын шешу;
- өзіндік белсенділік деңгейі – оқушы тапсырманы өзі орындайды, жаңа ситуацияда қолданады, құрастырады, күрделілігі орта деңгейдегі есептерді шығарады, жорамалдарды дәлелдейді;
- шығармашылық белсенділік деңгейі – шығармашылық қиялды, логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, көркем шығармалар жазады.
Технологияны меңгеру іс жүзінде мұғалімнің жеке басын ғана дамытып қоймай, бүкіл жоғары мектеп ұжымын да дамытады.
Белгілі ғалым И.Я.Лернер: “Дамыта оқыту дидактика тұрғысынан жеке тұлға қалыптасуының бірте-бірте кеңейген аспектілерін қамтиды”-деді. Дамыта оқыту мысалы, жоғары кәсіптік білім деңгейінде шығармашылық жұмыс әдістерін меңгеруді талап етеді, өздігінен жаңа шешімдерді тиімді амалдармен табуды көздейді. Шығармашылық-бәсекелестікті ұйымдастыруда болашақ маманның тиімді де жетілген құралы болады,” - деген тұжырым жасаған.
Бұл көрсеткіштер оқушылардың ой-өрісі дамуының деңгейін сипаттайды. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жағдайларының бірі–бұл проблеманы шешуге кеңінен қарау шығармашылық өмір талабы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шартының бірі - оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру.
А.А. Вербицкийдің пікірінше, кәсіби білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – студенттердің жоғары оқу орнында оқуы кезеңінде болашақ кәсіби қызметінің толықтай құрылымын қалыптастыру [1]. Бұл дегеніңіз, маманның тұлғасын қалыптастыруда мақсатқа жету үшін әрекеттің бір түрінен (танымнан) талаптары мен мотивтері де, мақсаты, құралы, пәні және нәтижесі де өзгерген екінші түріне (кәсібилікке) көшуді қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру керек. Бүгінгі күні маманды кәсіби дайындау үдерісінде оқу әрекеті мен кәсіби қызметінің арасында қайшылықтар бар екені белгілі. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын қолданудың маңызы ерекше.
ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық әдебиеттерде «білім беру технологиясы» термині пайда болды. Білім беру технологияларының пайда болуы мен қалыптасуы туралы шетел авторларының (Б. Блум, Д. Брунер, Г. Гейс, Дж. Кэрролл, Д. Хамблин және т.б.) және отандық ғалымдардың (С.И. Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.В. Беспалько, П.Я. Гальперин, Х.К. Жампейісова, М.В. Кларин, Қ.Қ. Қабдықайыров, Ж.А. Қараев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, П.М. Эрдниев және т.б.) еңбектерінде талданған.
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде білім беру технологияларын қолдану ең өзекті мәселеге айналды. Кәсіби білім беру технологияларының өзектілігін анықтайтын факторларға төмендегілерді жатқызуға болады. Біріншіден, білімді меңгеруде қажеттілерін таңдауда ақпарат көлемінің өте ауқымдылығы. Екіншіден, қазіргі кездегі өркениеттің дамуының техногендік бағытының сапасыз кәсіби маман дайындаудың шығыны туралы ойлауға мәжбүр етуі. Осындай себептер маман дайындаудың сапасын арттыру үшін тиімді білім беру технологияларын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Өкінішке орай, дәстүрлі лекциялық-аудиториялық жүйеде оқыту барысында білім беру сапасын арттыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген [2, 16].
Білім беру технологиялары әлеуметтік психология, психодидактика, кибернетика, менеджмент және басқару ғылымы сияқты теорияларға сүйенеді және оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Білім беру технологиясын оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін білім саласы; оқытуға ықпал ететін барлық факторларды есепке алу мен іріктеу негізінде оқытуда мейлінше жоғары жетістікке жету мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған ғылыми білім саласы; білімді меңгерудің барлық аспектілерін қамтитын жоспарлаудың, қамтамасыз етудің, басқару мен бағалаудың кешенді, кіріктірілген үдерісі; қойылған білімдік мақсаттарды табысты іске асырудағы оқыту мен тәрбие үдерісінің әдістері мен құралдарының жиынтығы түрінде тұжырымдау кең тараған. «Білім беру технологиясы» ұғымынан басқа «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» (дидактикалық технология), «тәрбиелеу технологиясы», «тұтас педагогикалық үдеріс технологиясы», «педагогикалық үдерісті жобалау технологиясы», «педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы», «педагогикалық және өзара мақсаттас қарым-қатынас технологиясы» және басқалар қазіргі кезде педагогикалық лексионда жиі қолданылады..
Педагогикалық технологиялар В.П. Беспальконың [3], М.В. Клариннің [4], Б.Т. Лихачевтың [5], Г.К. Селевконың [6] және т.б. еңбектерінде зерттеліп, анықтамалар берілген. Ғалымдар В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев және басқалар «Педагогика» оқулығында педагогтың алдын-ала жоспарланған, ретімен жүзеге асырылатын педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттердің жүйесі ретінде қарастырылған «педагогикалық технология» ұғымын енгізді [7]. Сол сияқты К.Х. Закирьянов, Б.Т. Лихачев, А.П. Сейтешев және басқалар оқыту технологиясын әлеуметтік мәдени тұрғыдан зерттеген. Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер М.Ж. Арыстанов, Н.К. Ахметов, Б.А. Қойшыбаев, П.И. Пидкасистый, Ж.С. Хайдаров және басқалардың еңбектерінде терең зерттелуде.
Ғалымдардың пікірінше, педагогикалық технология үш түрлі өрісте көрінуі мүмкін : ғылыми, бейнелік және нақты. Бірінші жағдайда ол педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерттеп, педагогикалық үдерісті жобалаушы бөлігі, аймағы болып табылады. Екінші орайда ол үдерістің жүру алгоритмі, жоспарланған нәтижеге жетудің мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдарының бірлігі, ал үшіншіден, барлық жеке, заттық және әдіснамалық құралдардың жұмыс істеп, жүзеге асуы ретінде қарастырылады [8].
Сөйтіп, педагогикалық технологияны оқытудың барынша ұтымды жолдарын іздейтін ғылым ретінде де, оқытуда қолданылатын тәсілдер мен принциптердің түсіндірме жүйесі ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту үдерісі ретінде де түсінуге болады. Педагогикалық технологияның мәні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу. Педагогикалық технологияның елеулі белгілері – ол педагогтың нақты түпкі ойынан туындайды, оның негізі автордың әдіснамалық, философиялық көзқарасы; педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі белгілі бір нәтиже күтетін мақсатпен құрылады; адами және техникалық мүмкіндіктерді даралау және саралау, диалогтық қарым - қатынас ұстанымдары негізінде тиімді пайдаланудағы білім алушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеті көздейді.
Барлық келтірілген анықтамаларға сүйенсек, педагогикалық үдеріс обьективті заңдылыққа бағынады және бұл заңдылық оқу үдерісінде неғұрлым кеңірек байқалса, солғұрлым мұғалімнің қойылған мақсатқа жету мүмкіндігі көбейеді. Ғалымдардың пікірінше, оқу үдерісін технологияландырудың негізгі критерийлері төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |