Семинардың мақсаты: Мәдениет ұғымына талдау жасай отырып, әртүрлі мәдениеттердің пайда болуы мен қалыптасып дамуын тарихи және заманауи тұрғыда қарастырып оның қоғамға әсерін талқылау. Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар.
Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.
Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».
«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. Жаңару. Қала. Урбандану.
Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.
Әдістемелік нұсқау:
№ 12тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады:
Әдебиеттер:
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.-360 б.
Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Мырзалы С.К. Философия. – Алматы: Бастау, 2009.
Кішібеков Д. Философия: Оқулық /ҚР Білім және Ғылым мин-гі ұсынған. - Алматы: Қарасай, 2010.
Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». http://www.akorda.kz.
Бертран Р. «История западной философии» – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
Kenny A.«New History of Western Philosophy». Volume 1-4. –Oxford University Press, 2006 - 2010. (Кэнни Эй. «Нью хистори оф Вестерн философи». Волум 1-4 – Оксфорд юниверсити пресс, 2006-2010)
Джонстон Д. «Краткая история философии/пер. Е.Е. Сухарева. - М.: Астрель, 2010
Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль, 1969-1972.
Достарыңызбен бөлісу: |