7- тақырып.
Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі.
Сабақтың мақсаты:
Әр кезеңде де адам мәселесі негізгі проблемалардың бірі болған. Осыны студенттерге аңғарта отырып, адамның болмысы туралы түсінікті қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
Адам және Ғалам. Зат әлемі.
Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі.
Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).
Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).
Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).
Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола).
Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі.
Адам мәнінің марксистік түсінігі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам».
Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам». ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.
Әдістемелік нұсқау:
№ 7 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады:
Әдебиеттер:
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.-360 б.
Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Мырзалы С.К. Философия. – Алматы: Бастау, 2009.
Кішібеков Д. Философия: Оқулық /ҚР Білім және Ғылым мин-гі ұсынған. - Алматы: Қарасай, 2010.
Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». http://www.akorda.kz.
Бертран Р. «История западной философии» – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
Достарыңызбен бөлісу: |