Семинарлық сабақ. Тақырыбы: Хордалылар типі – Chordata. Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia. Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата24.11.2022
өлшемі188.19 Kb.
#465641
түріСеминар
1   2   3
Практический

Зәр шығару мүшелері. Рептилилердің құрлықта тіршілік етуіне әоне зат алмасу процестерінің күрделенуіне байланысты күрделі зәр шыгару мүшесі - жамбас бүйректері (мезонефрос) дамыған. Әрбір бүйректен клоакаға ашылатын зәр шығару түтігі кетеді. Клоаканың құрсақ қабырғасынан қуық шығады.
Көбею мүшелері. Аталықтарында омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан екі тұқым безі, екі тұқым безінің өсінділері және екі тұқым жолы болады. Шағылыс мүшесі клоаканың артқы жақ қабырғасынан өскен өсінді болып есептеледі. Аналықтарында жұп жұмыртқа безі, және клоакаға жеке тесіктер болып ашылатын жұп жұмыртқа жолдары болады. Кесірткелердің жұмыртқа жолының төменгі бөлімі кеңейіп келеді, оны «жатыр» деп атайды.
Жұмысқа қажетті құралдар мен материалдар: кесіртке, жылан, тасбақалар, ұйықтатылған агамалар, кесірткелердің құрастырылған каңқалары, жыланның дамуы бар сулы препараттары, препараттау жабдықтары (табақшалар, инелер, пинцеттер, қайшылар), микротаблицалар мен схемалар.
Студенттердің өзіндік орындайтын жұмыстары.
1-Тапсырма. Рептилилердің систематикасымен танысып, оны жазып алу.
СИСТЕМАТИКАСЫ:
Хордалылар типі- Chordata
Омыртқалылар тип тармағы - Vertebrata
Бауырымен жорғалаушылар немесе Рептилилер класы-Reptilia
Қабыршақтылар класс асты тармағы-Sguamata
Кесірткелер отряды-Lacertilia
Өкілі: Дала агамасы- Agama sanguinolenta.
2-Тапсырма. Кесірткенің сыртқы түріне қараңыздар. Оның мойын бөліміне, терісінің құрғақтығына және қабыршақтарына назар аударыңыздар.
3-Тапсырма. Кесірткені құрсақ жағынан аршып, ішін жарыңыздар (бақаны аршып сойғандай). Сосын олардың ішкі мүшелер жүйелерінің орналасуын қараңыздар. Кесіртке қаңқасын оқып біліңіздер. Қосымша рептилилердің препараттарын да қараңыздар. Бұдан соң, кесірткенің ішкі құрылысы бар суретін салып, мүшелерін белгілеңіздер.
Әдебиеттер:
1. Наумов С.П. «Омыртқалылар зоологиясы» А., 1970, 102-140 беттер.
2. Лукин Е.И. «Зоология» М., 1989, 294-302 беттер.
3. Махмутов С.М. «Зоология» А.,2006,253-265 беттер.
4. Олжабекова К.Б., Есжанов Б.Е. «Омыртқалылар зоологиясы», 2 бөлім, Алматы., 2007, 127 - 183 беттер.
Жаттығу сұрақтары.

  1. Агаманың сыртқы құрылысының қай ерекшеліктері олардың құрлықта тіршілік етуіне бейімделгендігін көрсетеді?

2. Кесірткелердің терісі мен оның туындыларының бақалардыкінен айырмашылығы неде?

  1. Рептилилердің нерв жүйесінің амфибилерге қарағанда күрделі екендігін қайдан көруге болады?

4. Рептилилердің қан айналу жүйесінің ерекшеліктері қандай?
5. Кесірткелердің зәр шығару және жыныс жүйелердің мүшелері қалай сипатталады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет