Күресу шаралары: фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда тагатестің, қызанақтың, петунияның, дельфиниумның, пиретрумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріл алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады. Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады: темекінің (махорканың) үгіндісіне су құйып (1:10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1:3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10 г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақтың, қызанақ жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8—10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.
Өсімдік кенесі - тұрқы 0,3—0,4 мм бітімі сопақша ақшылсары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптал жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсімдік нашар жетіліп , сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер арылығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фуксия, орхидея, кактустер т. б. өсімдіктерді зияндайды.
Күресу шаралары: суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1 л суға 2—3 г) бүркеді. Өсімдікке су бүркін алып, оған пиретрумның немесе күкіртті ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтық бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құнды) бүркуге де болады. Ал бүркіп дәрілеуге келмейтін өсімдіктер үшін төмендегідей тәсіл ұсынылады: туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып, полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады.
Трипстер - ұзындығы 1 —1,5 мм денесі сопақша, қара немесе қоңыр, личинкалары ақ ұсақ жәндік. Жапырақтық астыңғы жағына өзегін бойлай орналасады. Залалданған жапырақтардың астыңғы жағында қоңыр, қызыл қоңыр, ал жоғары бетінде ақшыл даудақ пайда болады. Кейін, жапырақтар қоңырланып түсіп қалады. Трипстердің дамуына жоғары температура мен құрғақ ауа қолайлы әсер етеді. Жәндіктер аралияны, азалия, драцендер, аспидистер, фикустер, цикламендерді, лимондар мен т. б. өсімдіктерді залалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |