Күресу шаралары: кенеге қарсы қолданылатын шаралардың бәрі трипстерге де жарайды.
Аққанат - ұсақ ұшпа жәндіктер, тұрқы 1 — 1,5 мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын сағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны, жасминді көп залалдайды. Аққанат уға төзімді келеді.
Күресу шаралары: Иіс сабын ерітіндісін (1 л суға 10—15 г) арасына 6—7 күн салып, жапырақтың астыңғы жағына 3—5 рет бүркеді.
Сымырлар - тұрқы 5 мм-ге дейін жететін, денесі сопақтау біткен жәндіктер. Денесін сирек түк басқан. Мақта тәрізді ақ түсті жұмыртқа салады. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы жағынан оңай байқауға болады. Сымырлар жабысқақ сұйық — саңырауқұлақ тарайтын шіре бөліп шығарады, олар өсімдіктерді залалдайды. Көпшілігінде жер бетіне өркен жалтыл жатаған өсімдіктерді (сабақ-бұтақшаларын, жапырақтарын, шанақтарын), кейбіреулері тамыр жүйелерін зақымдайды. Сонымен бірге пальмаларды, азалияны, акалифті, аспарагустерді, лимондарды т. б. көптеген өсімдіктерді зияндаңды.
Күресу шаралары: жұмсақ дымқыл щеткамен өсімдіктерді сымырлардан, олардан бөлініп шығатын мақта тәрізді личинкалардай тазартады. Одан кейін өсімдікті жуады. Сонымен бірге жапырақтар мен сабақтарды 7 күнде 1 рет сабынды сумен, апельсин немесе мандарин қабықтарының бір-екі тәулік тұрған тұнбасымен жуып тазалайды.
Шитовкалар және жалған қалқандылар - тұрқы 1,5—4 мм, денесін қатты қабық жапқан жәндіктер. Түсі өзгермелі (сарыдан қызыл қоңырға дейін) болып келеді. Жапырақтардың екі жақ бетіне бірдей жабысады, соңдай-ақ өсімдіктердің бұтақтары мен сабақтарын да сағалайды. Өсімдік жалған қалқандылармен залалданғанда жапырағы (өзегінің бойына) мен сабағында дақ пайда болады. Залалданған өсімдіктер баяу өседі, жапырағы сарғайып, түсіп қалады. Сымырлар жабысқақ сұйық шіре бөледі, шіреден саңырауқұлақ өсіп шығады да, ол өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Пальманы, олеандраларды, аспарагустерді т. б. өсімдіктерді зақымдайды.
Күресу шаралары: өсімдіктерді зиянкестерден тазарту керек (жұмсақ тіс щеткасымен) залалданған жеріне спирт немесе пияздан жасалған ботқаны жарады. Сондай-ақ өсімдікті керосин мен сабын қосындысы ерітіндісін пайдалануға болады. Ол үшін 25 г иіс сабынды немесе 40 г кір сабынды 1 л суға езіп, оған 5 тамшы керосин қосып, жақсылан шайқап араластырады. Онымен өсімдіктің залалданған жерін сүртеді немесе бүріккішпен бүркеді. Дегенмен өсімдіктің жапырағында күйген дақ қалатындықтан бүрку тиімсіз саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |