Сәндік өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері және аурулардан қорғау әдістері



бет4/4
Дата31.08.2022
өлшемі25.54 Kb.
#460104
1   2   3   4
Эссе -сандик осимдк

Аяққұйрықтылар және подурлар - тұрқы 1 — 2 мм, қанатсыз, ақ түсті насекомдар. Топырақта өсіп-өнеді. Шіріген немесе жас өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Аяққұйрықтылар өсімдікке суды жиі құйғаннан пайда болып, көбейеді. Олар гүл өсіргіштік түбіндегі су ағатын тесікке жиналып, су құйғанда судың бетіне қалқып шығады. Күресу шаралары: подурды болдырмау үшін суды өлшеусіз, көп құймау керек. Егер олар көп болса, онда топыр ақтық үстіңгі қабатын (2—3 ем) алып тастайды.
Ақұнтақ - өсімдік клеткаларында паразиттік өмір сүретін, саңырауқұл ақтан тарайтын ауру. Өсімдіктердің жасыл бөліктерінде (жапырақтарда, жас өркендерде, шанақтарда) біртіндеп қоңыр түске енетін ақұнтақ пайда болады. Онымен залалданған жапырақтар бүрісіп, тез солады, өсімдік бойлай өспейді, өркендері мен шанақтары жетілмейді. Инфекция көпке созылады да, ауа ағыны, кесінділер мен топырақ арқылы ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге тарайды. Ақұнтақ ауруы райхан гүлдерін, гортензия, бегония, примула, хризантемалар т. б. үй өсімдіктерін қатты залалдайды.
Күресу шаралары: өсімдіктің зақымданған жерін кесіп алып тастау керек. Ақұнтақ пайда болғаны белгілі болса бұлтсыз ашық күні 20°С температурада таза су бүркіп, күкірт ұнтағын себеді. Ақұнтаққа қарсы мыс пен сабын қоспасы ерітіндісін қолдануға болады. 1 л ерітінді дайындау үшін 22 г мыс купоросын шағын ғана жылы суда еріту керек, ал иіс немесе кір сабынды (1 л суға 10 г иіс немесе 40 г кір сабынын) жеке езіп алады. Сабын толық еріп болған соң мыс купоросын сабын ерітіндісіне қосып, жақсылап шайқап араластырады. Дайындалған ерітіндіні сақтап қоюға болмайды.
Боз шірік - жетілмеген саңырауқұлақтан тарайды. Өсімдіктің боз шірікке шалдыққан жері қоңырқай тартады, жұмсай, ақырында шіриді. Аурудың тарауына ауаның ылғалдығы көп әсер етеді. Сенполияны, примуланы, цикламенді, бегонияны залалдайды. Өсімдік тамырлары, баданалар мен сабақ өзегінің шіруі әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар арқылы болады. Гүлдері бүрісіп, өсімдік солады, ақырында сарғайып қурайды. Өсімдік сабағының өзегі қара қоңыр тартып босайды. Тамырлар мен бадана қоңырқайланып, шіриді. Соның салдарынан сенполия, азалия, антуриума, кактустер, цикламен т. б. кей өсімдіктер өспей, солады. Шіри бастаған өсімдіктерге мыс купоросы мен әктің ерітіндісін бүркеді немесе жарады. У қолданғанда өте сақ болу керек. Өсімдікгі балаларға дәрілетуге болмайды. Қыста өсімдікті дәрілегенде желдеткішті ашып қояды, ал жазда бұл жұмысты дал ада жүргізу керек. Дәрілеп болғаннан кейін қолды сабындан, мұқият жуу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет