Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат



бет3/18
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚҰДАЙ ҚАНДАЙ?


Жарайды, осы «себепсіз себеп» бар екен және ол шынында да дана және құдіретті екен дейік. Олай болса, оның қасиеттері туралы қалай білуге болады?

Осы «себепсіз себепті» Құдай деп атауға келіссек, Оның қандай екені туралы біле аламыз. Неге десең, Ол бізге мұны Өзінің хабарларында көрсетті. Тағы бір себебі — Ол бізге Иса арқылы көрінді. Иса бізге Құдайдың қандай екенін анықтап көрсетті. Сондықтан, егер біз Құдайдың қандай екенін шынымен білгіміз келсе, онда біздің Исаға қарай бет бұрғанымыз жақсы. Ол туралы бізге Киелі кітап...


ҚҰДАЙ БАР БОЛСА, НЕЛІКТЕН ЖАМАНДЫҚ ТА БАР?


Ербол, тоқтай тұр! Біз Исаға ауыспай тұрып, Құдай туралы ойдың өзін аяғына дейін түсініп алайық. Құдай аса құдіретті дейсің, Оның ізгілікті жарылқаушы екеніне де сенетініңді мен білемін. Олай болса, жамандық қайдан шықты? Аса құдіретті және бәрін жарылқаушы Құдай жамандыққа жол бермес еді ғой?! Ал егер жамандық бір кезде пайда болған болса, Құдай оны баяғыда-ақ құртпас па еді?! Егер сен сенетін Құдай бар болса онда неге жамандық бар?

Бұл — өте орынды сұрақ. Шынында менің осы сұраққа беретін жауабыма Исаның тікелей қатысы бар. Бірақ әзірше әдеттегі логиканы пайдалана тұрайық.

Сонымен Құдайға сенуші біздер «Құдай бар, Ол шексіз құдіретті, шексіз білгір әрі тұтастай ізгі» және «Дүниеде жамандық бар» деген пікірлердің логикалық жағынан сыйымды екенін, яғни бір-біріне қайшы келмейтінін көрсетуге тиіспіз. Сол үшін бірінші пікірге қайшы келмейтін әрі екіншісін де қамтитын үшінші бір қағиданы алсақ, бұны дәлелдей аламыз. Басқаша айтқанда, егер біз «Б» мен «А»-ның бір-бірін жоққа шығармайтынын және «Б»-ның «Ә»-ні қамтитынын көрсетсек, «А» мен «Ә»-нің өзара қаншалықты қайшы болып көрінсе де, бір-бірімен сыйысатынын дәлелдейміз.

Енді мынадай бір үшінші қағиданы ұсынғым келіп тұр: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық».



Ербол, кешірерсің, бұл үшінші пікірдің алғашқы екеуін қалай байланыстырып тұрғанын ұқпай тұрмын.

Мұрат, сені кінәлай алмаймын, бұл бір дегеннен байқала қоймайды. Осы пікірге бірігіп ой жүгіртіп көрейікші: «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық». Бұның ішінде тағы қандай мағына бар?



Алдымен «рухани жағынан ерікті тіршілік иесі» дегеннің не екенін анықтап берші.

Рухани жағынан ерікті, яғни ерік бостандығы бар тіршілік иесі кез келген уақытта өз еркімен жақсы немесе жаман іс істей алады және шешім қабылдауға оны еш нәрсе мәжбүрлемейді. Яғни, осы тіршілік иесінің жамандық істеу не істемеуге мүмкіншілігі бар.

Сонымен, Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны шынымен артық болса, онда бұл жайт жамандық атымен жоқ дүниеден гөрі жамандық мүмкіндігі бар дүниені жаратудың артық болғандығын көрсетеді.

Рухани жағынан ерік бостандығының болуы оның болмауынан неліктен жақсы?

Бұны маған өзің айтшы! Сенде осы ерік бостандығы бар ғой. Бұл — адамдар сені игі істерің үшін мақтап, жасаған жамандығың үшін сөге алатындығын білдіреді. Ал, мысалы, балғаның ондай бостандығы жоқ. Балғамен қандай сұмдық іс істелінсе де, болған іске оны кінәлайын деген ой ешкімнің басына да келмейді. Балғамен бір жақсы нәрсе істелінсе де, ешкім оны мақтамайды. Енді айтшы, мына екі жағдайдың қайсысын артық көрер едің: әлде өз болмысыңда қалып, жақсылық не жамандық істеу мүмкіндігің бар өзіңді мақтағанды не сөккенді ме? Жоқ, әлде жақсылық та, жамандық та қолыңнан келмейтін, не алғыс, не сөгіс айтуға тұрмайтын, ешбір еркі жоқ балға болғанды ма?



Әрине, балға болғанша, өз қалпымда болғаным артық. Ерік бостандығының болмағанынан гөрі оның болғаны әлдеқайда жақсы, мұнымен келісемін.

Жарайды. Сонымен Құдайдың Өзі игілікті болса және дүниені ерік бостандығы бар тіршілік иелерімен жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық болса, онда бұл жайт Құдай кез келген бір әлемді жаратуға шешім қабылдаса, оны рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін дүние етіп жаратқаны дұрыс екен дегенді білдіреді. Ал мұндай дүниеде жамандықтың болуы да мүмкін. Осылайша біздің «Құдай бар және Ол шексіз құдіретті, шексіз білгір және тұтастай ізгі» деген алғашқы пікіріміз «Құдайдың дүниені рухани жағынан ерікті тіршілік иелері мекендейтін етіп жаратқаны оны соларсыз жаратқанынан гөрі артық» деген үшінші қағидамызға ешбір қайшы келмейді. Ал үшінші қағида «Дүниеде жамандық бар» деген екіншісін де қамтиды. Сонымен Құдайдың болуы мен жамандықтың болуы бір-бірімен логикалық жағынан сыйысып тұр.



Ал неге Құдай жамандықты құртып, оңың қайтадан пайда болуының алдын алмайды?

Әрине, Құдай оны да істей алар еді, бірақ мұнысымен Ол адамдардың ерік бостандығын алып қойған болар еді. Құдай жамандық болуы мүмкін емес дүниені де жарата алар еді, бірақ мұндай дүниеде рухани жағынан ерікті тіршілік иелері бола алмас еді.

Сондықтан екі-ақ мүмкіндік бар: не жамандықтың болуы да мүмкін жақсы дүние, не жамандығы да жоқ, жақсылығы да жоқ, рухани жағынан бейтарап дүние. Ал мұндай дүниеде, әрине, сен екеуіміз бола алмаймыз. Сонымен, қай дүниені артық көресің: өзіңе де орын бар дүниені ме, әлде өзің жоқ дүниені ме?

Әрине, өзім болатын дүниені қалаймын. Енді көзім жетті: Ізгі Құдайдың болуы жамандықтың да бар болуын жоққа шығармайды. Бірақ Құдай жамандыққа да қандай мақсаттармен мүмкіндік берді?

Біріншіден, әрине, жақсы дүниені жаратудың бірден-бір жолы осы болатын. Алайда жамандыққа да мүмкіндік бергендегі Құдайдың мақсаты қандай еді? Сенушілер Құдайдың бұл дүние, әсіресе, жеке адамдар жайындағы ниеттерінің орындалуына тіпті жамандық та үлес қосуға тиіс деп есептейді. Мысалы, дүниеде ешқандай жамандық болмаса, кейбір игілікті қасиеттер мен істер де пайда бола алмас еді. Мәселен, адам ешқандай жамандық істемесе, оған кешірім жасаудың да қажеті жоқ. Солай емес пе? Ал кешірімділік адамгершіліктің өте ізгі қасиеттерінің бірі. Бірақ дүниеде жамандық болмаса, бұл ізгі қасиет те болмас еді. Сондай-ақ, біреу жазалауға тұратын жамандық істемесе, ешкім рақымдылық танытпас та еді. Сонымен қатар азап шеккен адамның қайғысына ортақтасып, жанашырлық білдіре алмас едік. Себебі дүниеде жамандық болғанда ғана адамдар азап шеге алады. Ал қайғыға ортақтасу да жоғары дәрежедегі ізгілік емес пе? Сөйтіп жамандықтың болуы осылардың және тағы басқа көптеген ізгі қасиеттердің көрінуіне мүмкіндік береді. Сондықтан Құдай, бір жағынан, ұлы ізгі қасиеттер көрінсін деп жамандыққа мүмкіндік берді, ал жамандықсыз олардың көзге түсуі мүмкін болмас еді.

Егер дүниеде жамандық болмаса, тағы бір ізгі қасиет, тіпті ең ұлысы, еш уақытта көріне алмас еді: Бұл — Құдайдың біз жасаған күнәның жазасын өз мойнына алуы. Бізге тиісті жазаны Ол Өзі тартты! Ойлап қарашы: адам істеген істердің қайсысы зор мақтауға лайық? Басқаларды құтқару үшін өз еркімен өмірін қию емес пе? Өзін-өзі осылай құрбан ету — ең ұлы ізгілік. Адамдардың өмірін құтқару үшін Мәсіхтің кейпінде Өзін құрбан еткен Құдайдың құрбандығы құрбандықтардың ішіндегі ең ұлысы.

Бұдан мен ешқандай мағына көріп тұрган жоқпын. Мұндай құрбандық неге қажет болды? Құдай адамдардың өмірін құтқарды дегенде нені айтқың келіп тұр? Оларды неден құтқару керек еді?

Оларды жамандықтың екі түрінен — күнә мен азаптан құтқару керек болды. Адамдардың бәрі де күнәкар: біз бәріміз де жаман істер істеп жүрміз ғой. Жамандық жасау мүмкіндігінің себебі біздің ерік бостандығына ие болғандығымыздан. Мұны өзіміздің әрі басқалардың өмірінен де көреміз.

Әділдік жамандықты жазалауды талап етеді. Жазалау дегеннің астарында азап бар. Ал азап дегеннің өзі де бір жамандық қой: бір жамандық екінші бір жамандықтан туындайды. Сондықтан Құдай екі нәрсені сыйыстыруға тиіс болды — біріншіден, Ол ешқашан да әділдікті бұзбайды, бұл Оның қасиеттеріне қарама-қайшы келген болар еді. Екіншіден, Құдай адамдарды жамандықтың жазасының азабынан құтқармақ болды. Ол осы екі мақсатын Мәсіхтің адам болып дүниеге келіп, біздің орнымызда күнәларымыз үшін азап шегіп құрбан болуымен жүзеге асырды.

Бірақ, менің ойымша, адам болмысы негізінен жаман емес, жақсы ғой.

Мәселе адамның ешбір күнә жасамауында. Сен ылғи керектіні ғана істеп, істеуге болмайтын еш нәрсені істемеймін деп айта аласың ба? Өмір бойы бір рет те жамандық жасамадым дей аласың ба? Еш уақытта өтірік айтпай, ешкімді алдамай, басқаның затын ұрламай, бірде-бір адамды жек көрмей келесің бе?



Жоқ, мен күнәкармын.

Осы жерде біз Исаның ісінің аса маңыздылығына және Құдайдың жамандыққа не істегеніне оралайық. Адамды жамандықтан құтқаруы арқылы Құдай жамандық мәселесін шешті. Сонымен қатар Ол ешбір жамандық болмаған жағдайда ешкім біле алмайтын ізгі қасиеттерді дамыту мүмкіндігін бере отырып адамның жетілуі үшін жамандыққа мүмкіндік берді. Адамдар Құтқарушы Иса арқылы жамандықты жеңе алады. Исаның өлімі мен қайта тірілуі арқылы Құдай жамандықты жеңді! Бірақ әзірше Ол оны мүлдем жойған жоқ. Бұл Пауыл елшінің сөзінен көрініп тұр: «Құдай әділетті, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады» (Рим. хат 3:26). Жамандықты жазалауында Құдай әділ болды. Сонымен қатар Ол Исаға сенгендерді ақтап алды. Қалайша? Құдай өз еркімен біздің орнымызды басқан Исаға бізге тиесілі жазаны артып, Исаның шексіз әділдігін бізге сыйлады. Бұнымен келіскендерді Құдай ақтап алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет