Сене ала ма? Сенім және ғылым жайлы сұхбат


КЕРЕМЕТ, ҒАЖАП ІСТЕРДІҢ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?



бет6/18
Дата03.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#175509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

КЕРЕМЕТ, ҒАЖАП ІСТЕРДІҢ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?


Ербол, енді мәсіхшіліктің шынайы екендігінің бұлжытпас дәлелі ретінде табиғаттан тыс оқиға туралы айтып тұрсың. Бірақ табиғаттан тыс оқиға болмайды, бұл табиғат заңдарына қайшы келеді. Оларды бұзуға болмайтынын білесің.

Табиғат заңдары бізге ненің болып, ненің болмайтыны туралы айтпайды. Олар тек сырттан ықпал болмаған жағдайда табиғатта не бола алатынын ғана білдіреді. Егер табиғаттан тыс еш нәрсе болмаса, онда табиғаттың өзінің қолынан келетінінен басқа еш оқиғаның болуы мүмкін емес. Ал егер табиғаттан тыс оған әсер ете алатын бір нәрсе болып жатса, онда табиғаттың өзі істей алмайтын оқиғалардың да орын алуы мүмкін.

Сен екеуіміз жаңа ғана табиғаттан басқа ақылды және құдіретті тағы бір нәрсе — Құдай бар деп келістік. Біз Құдайдың табиғатқа әсер ете алатынын білеміз, себебі оны Өзі жаратқан. Табиғатты Құдай жаратса, онда Ол соған өз қалауынша әсер ете алады.

Керемет оқиға — табиғат заңының бұзылуы емес, жай ғана сыртқы әсердің нәтижесі, табиғаттың өздігінен туындата алмайтын оқиғаның орын алуы.

Табиғат заңдары жай ғана салдарлардың өздерін туғызған себептерге сәйкес екенін айтады. Табиғи себептер табиғи салдарларды туғызады. Ал табиғаттан тыс себептер оған әсер еткенде, табиғаттан тыс салдарларды туғызады. Осылайша табиғаттан тыс тұрған Құдай оған әсер етіп, табиғаттың қолынан келмейтінді — Мәсіхтің қайта тірілуін іске асырды.

ИСА ШЫНЫМЕН ҚАЙТА ТІРІЛДІ МЕ?


Жарайды, кереметтердің болу мүмкіндігімен келісемін. Бірақ Исаның шынымен қайта тірілгенін қайдан білесің? Сондай оқиғаның мүмкін болуы оның шынымен болғандығын білдірмейді ғой!

Мұрат, біз кез келген болған оқиға туралы қайдан білеміз? Тарихи дәлелдерге сүйене отырып емес пе? Сол сияқты, Исаның өлімнен тірілгенінің тарихи дәлелдері де бар. Алдымен осы дәлелдерге біраз шолу жасайық. Сонда оларды түсіну бізге оңайырақ болады.

Жер бетіндегі өмірінің соңғы үш жылында Иса Өзінің айқышқа шегеленіп, өліп, содан үш күн өткен соң қайта тірілетіні туралы бірнеше рет алдын ала айтқан болатын. (Иса Өзінің құрбан болуы адамзаттың күнәларының құнын өтеу үшін қажет деп түсіндірді.) Мысалы, өлімге кесілеріне бір аптадай уақыт қалғанда, Иса Өзінің ең жақын шәкірттеріне былай деген еді: «Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Сол жерде көктен келген Билеушіні (яғни Исаның Өзін) басты діни қызметкерлер мен дін мүғалімдеріне сатып кетеді. Олар Оны өлімге кесіп, Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. Солар Оны мазақ етіп, қамшымен сабайды, ақырында айқышқа шегелеп өлтіреді. Алайда Ол үшінші күні қайта тіріледі!» (Матай 20:18-19; Исаның осы мағынадағы сөздерін төмендегі аяттардан табуға болады: Матай 12:40; 16:4; 17:22-23; 23:32; Лұқа 9:22,31; 24:6-7; Марқа 9:9; 10:34).

Осындағы көңіл аударарлық бір жайт — шәкірттердің Исаның бұл сөздерін мүлдем түсінбегені. Иса бір күні, керемет бір оқиғадан кейін шәкірттеріне сол туралы ештеңе айтпауды бұйырған еді: «Таудан түсіп бара жатқанда Иса оларға, көктен келген Билеуші өлімнен қайта тірілгенше, бұл көргендері туралы ешкімге тіс жармауға бұйырды. Үшеуі осы айтылғанды естеріне сақтап, «өлімнен қайта тірілгенше» деген сөздің мәнін өзара сұрасты» (Марқа 9:9-10).

Иса тірі жүргенде шәкірттері Оған толығымен сенсе де, Ол өлгеннен кейін оларда ешбір қайрат-жігер қалмады. Шәкірттері Исаның өлімнен қайта тірілетіні жайлы мүлдем ойлаған жоқ.

Сөйтіп, Оның өлімінен кейін, екі шәкірті бір күні жол жүріп кетіп бара жатқанда оларға басқа бір жолаушы ұшырасады. Жолаушы олардың көңілдерінде бір уайым бар екенін байқайды. Сұрастыра келе, олар Исаның өліміне қайғырып жүргендерін айтады. Екі шәкірттің бірі жолаушыға:



  • Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деген сұрақ қойды. Жолаушы:

  • Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді:

  • Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды. Алайда біздің басты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлімге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті. Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік (Лұқа 24:17-21).

Шәкірттер «үміттенген едік» деді. Демек, олардың енді үміттері қалған жоқ деген сөз. Олар бұрын үміттенген еді, бірақ Иса өлген соң, олардың үміттері де үзілді.

Содан соң бір ғажап нәрсе болды. Жолаушы адам оларға: «Ей, түйсіксіз шабандарым-ай, пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?!» — деп, бүкіл Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбаларында Мәсіхтің өлімі мен қайта тірілуі туралы алдын ала айтылған пайғамбарлық сөздерді түсіндіріп берді. Ең соңында жолаушы кісі оларға өзінің кім екенін де ашып көрсетті: олар танымай тұрса да, Бұл Исаның Өзі еді! (Лұқа 24:25-31)

Көп ұзамай, әлгі екі шәкірт Иерусалимдегі басқа шәкірттермен кездескенде, Исаның тағы бір шәкірті — Шимон Петірге көрінгендігі туралы естіді (Лұқа 24:34). Олар осы оқиғалар туралы сөйлесіп тұрғанда, «Иса Мәсіхтің Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» деп батасын берді. Олар қатты абыржып, қорқып, елес көріп тұрмыз деп ойлады. Бірақ Иса:


  • Неге абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңе неге ондай шүбәлы ой келеді? Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой, — деді де, қол-аяғын көрсетті.

Олар қуаныштан әлі де сенбей таңырқап тұрғанда (Көріп тұрсың, шәкірттер де оп-оңай сене қоятын адамдар болған емес! Өзің сияқты, олар да сенімді дәлелдер келтірілмей тұрып, Исаны өлімнен қайта тірілді дегенге сенбей тұрды!) Иса:

  • Жейтін бір нәрселерің бар ма? — деп сұрады. Шәкірттері қуырылған балықтан бір үзіп берді. Иса оны алып, көздерінше жеді» (Лұқа 24:36-43).

Исаның шәкірттерінің бірі, Тома, айрықша күмәншыл адам болатын. Қайта тірілген Исаны басқа шәкірттер өз көздерімен көріп, соны Томаға айтса да, ол бәрібір бұған сенуден бас тартты. Тіпті басқа шәкірттер: «Біз Иемізді көрдік!» дегенде де, ол: «Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстап көрмесем, Оның тірілгеніне еш сенбеймін», — деп жауап берді (Жохан 20:25).

Содан сегіз күн өткен соң, шәкірттердің бәрі жиналғанда, Иса кенеттен олардың арасында пайда болды. Ол Томаға жақындап келді де, оған: «Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз бол май, сенетін бол!» — деді. Осылайша бұл күмәншыл да сеніп, Исаға: «Ием менің, Құдайым менің!» — деп мойынсұнды (Жохан 20:26-28).

Лұқа өзінің бірінші жазбасында Исаның өмірі мен тәлімін тәптіштеп баяндаса, екіншісінде Исаның өліп, қайта тірілгенінен кейін шәкірттерінің істегендері туралы жазды. Осы екінші жазбасының басында ол өз оқырманы Теофилге Исаға сенудің себептерінің қандай күшті екені туралы жазады: «Қымбатты Теофил! Бірінші кітабымда мен Иса қызметіне кіріскен уақыттан бастап, Оның көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көтерілмес бұрын Киелі Рухтың жетелеуімен таңдап алған елшілеріне нұсқауларын берді. Азапталып өлгеннен кейін оларға адам сенетін көп дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін көрсетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтып жүрді» (Елшілер. істері 1:1-3).

Исаның шәкірттері айтқан сөзге оп-оңай сене салатын адамдар болған емес! Исаның өлімнен қайта тірілгеніне көз жеткізу үшін олар соның «адам сенетін көп дәлелдерін» талап етті. Ал бұның ақиқат екендігіне көздерін жеткізген соң олар бар өмірлерін осыны бүкіл адамзатқа білдіруге бағыштады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет