284
адамның еркiнiң аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгiлi фран-
цуз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «
еркіндiк дегенiмiз, адамның
басқалардың алдындағы
жауапкершiлiгiнiң ауыр жүгi». Бiреу күйзе-
лiс пен
зардап шегуде болған жағдайда, екiншiнiң дәулетi қанша
тасығанымен, бақытты болуы мүмкiн емес.
Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелiстен шығу
жолдарын қайсыбiр зорлық-зомбылықтан, қантөгiстен, төңкерiстен
iздемеуi. Ол Сократтың «өзiңдi тани бiл», Будданың «ең ұлы жеңiс –
адамның өзiн-өзi жеңе бiлуi» деген
қағидаларына жақын жолды
ұстайды:
«Залым егер жәбiр қылса,
Алла дегiл,
Қолың жайып, дұға оқып, мойын сұңғыл.
Құдай тiлек бермесе,
сабыр қылғыл,
Хақтан естiп бұл сөздердi айттым, мiне».
«Сабыр түбi – сары алтын» деген халықтың нақыл сөзi осы
Яссауидiң жоғарыдағы ойларымен үндесiп жатыр. Адамзаттың өткен
жазулы тарихында зорлық-зомбылықтың
негiзiнде бақытты қоғамды
орнатқан бiрде-бiр ел аталмайды. Керiсiнше, зорлық қарымына одан да
өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру ешқашанда жеккөрушiлiк-
пен тоқталмайды. Тек жеккөрушiлiктiң жоқтығы ғана жеккөрушiлiктi
жояды», – деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың
жолымен жер
бетiнде жұмақ – коммунизмдi орнатқысы келген большевиктер қоғамды
қандай күйзелiске әкелгенiн өткен жақын тарихымыздан жақсы бiлемiз.
Бүгiнгi таңда бүкiладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты
болдырмау, әр болуы мүмкiн шиеленiсті
бейбiт жолмен шеше бiлу,
жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелерi үлкен
орын алып отыр.
Қ.А.Яссауидiң қойған
пендешiлiктi шектеу, нәпсiнi тыю, рухани-
Достарыңызбен бөлісу: