285
мемлекетi өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлердi
«өз ұлтының мүддесi бар аймақтар» деп жариялауда...
Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгiнгi
адамзаттың рухани-адамгершiлiк күйзелiстен шығу жолында iске
жаратуға болатындығына бiз кәмiл сенемiз.
§ 4. ХV-ХVIII ғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы
ХV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететiн түркi
тайпаларының өмiрiнде елеулi өзгерiстер басталады. Мыңдаған жылдар
бойы лек-легiмен сонау Байқал көлi мен Алтайдан бастап Балқан таула-
рына шейiн ағылған, ерiктi өмiр сүрген, басқа белгiлi бiр жерлерде орын
тепкен
мемлекеттердiң аузы батпаған, керiсiнше, сол мемлекеттердi
әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпендiлер тарихының сарқылу кезеңi
басталады. Өйткенi осы кезде дүниежүзiлiк тарихта,
нақтылай келе,
Еуропа топырағында, Жаңа дәуiрге өту кезеңi – Қайта өрлеу заманы
басталады. «Ұлы мәртебелi Табиғаттың» балалары – көшпендiлер –
өзiнiң өмiр аясының сарқыла бастағанын
iшкi көкейкөзiмен болса да
бiрте-бiрте сезiне бастайды: садақ пен найзаның, шоқпар мен бiлектiң
күшiнiң мүмкiншiлiгi азая түседi. Батыс қоғамдарында машиналық
өндiрiстiң негiздерi қалыптаса бастайды, зеңбiректер мен мылтық
оқтары соғыс техно-логиясын күрт өзгертедi.
Әңгiменi нақтылай келе, Еуразия топырағына келер болсақ, Алтын
Орда мемлекетiнен екi ғасыр бойы салық жинап келген Мәскеу
князьдығы, барлық орыс жерлерiн қол астына бiрiктiрiп, күшейiп,
Шығысқа қарай қол сұға бастайды. Ежелгi түрiк бабаларымыз иемден-
ген Едiл мен Жайықтың екi ортасындағы жайылымдарға үлкен қауіп
төнедi. Ал
Шығыс жақты алар болсақ, Түркi тайпаларынан кейiнгi
Азияның ұлы көшпендiлерi – ойраттар да Қытай жағынан қысылып,
берi қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзi ХVIII ғасырда екi көшпендi
халықтың бiр-бiрiмен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тари-
хында болмаған қантөгiске, апатқа әкелiп соғады. Әрине, бұл қақтығыс
жаңа ғана күшiн алып, Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған
Ресей мемлекетi мен Қытай әмiршiлерiнiң мүдделерiне сай келгенi
сөзсiз едi. Ал ендi
Орта Азиядағы жерге отырып, тұрақтанып, халықтық
дәрежеге көтерiлген түбi бiр түркi ұлыстары да көшiп-қонған, әлсiреп
жатқан өз ағайындарына – көшпендiлерге – қысым жасай бастайды.
Сол себептi Жәнiбек пен Керей бастаған көшпендi тайпалары олар-
дан үзiлдi-кесiлдi бөлiнiп, қазiргi Қазақстан жерiнде
өз мемлекеттiгiнiң
туын тiгедi де, өзiнiң жаңа этнонимiне –
«қазақ» деген атқа ие болады.
Алайда «...елдiң басы қосылған соң да,
бұрыннан бар ру-тайпалық
құрылым, сондай-ақ шаруашылық типi мен мәдениет дәстүрлер жүйесi
286
негiзiнен сақталады» (Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы.
Атамұра, 1999, 211б.) Оның себебi – көшпендiлiк өмiр формасының
қайсыбiр
өзгерiске ұшырамауында, оның
консервативтiк табиға-
тында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса, ерте
феодалдық қатынастардың негiзiнде өмiр сүретiн
көшпендiлер сол
байырғы бытыраңқы жағдайда қала бердi. «Ал әр ұлысқа кiретiн әр
тайпа, әр ру жалпақ елге ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын
өзi ұстап, ешкiмге билiк бере қоймайды. Бұл оғыз, тiптi қазақ хандығы
тұсында да қала бердi» (Ә.Кекiлбаев. Түркiстан тағлымы. Егемен
Қазақстан. 12 сәуiр, 2000 ж., 3б.). Жоғарыдағы көрсетiлген
жаңа гео-
Достарыңызбен бөлісу: