Серік Мырзалы философия оқу құралы


дәуірінің ең терең ойшылы»



Pdf көрінісі
бет100/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   422
дәуірінің ең терең ойшылы», – деген пікір айтты. 
Батыс елдеріндегі көп ғалымдар Н.Макиавеллиді қазіргі саяси 
философияның негізін қалаушы ретінде бағалайды. Біздің ойымызша, 
ХIV ғ. өмір сүрген араб ойшысы Ибн-Халдунды бұл орынға қоюға әбден 
болар еді, өйткені ол Н.Макиавеллиден бір жарым ғасыр ерте өмір 
сүрген болатын. Бірақ, қалай дегенде де, біздің ел сияқты ондаған мем-
лекеттер демократия жолына түсіп, қоғамда терең саяси өзгерістерді 
тудырып жатқан уақытта Н.Макиавеллидің саясат пен моральдың 
айырмашылығы жөніндегі терең ойлары ешбір адамды жайбарақат 
қалдырмайды. 
§ 5. Діни реформация және оның капиталистік 
қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгерістерге 
түседі: ескі өмір құндылықтары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, 
дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді. 


150
Осы тұрғыдан қарағанда, Қайта өрлеу заманы христиан дінінде 
үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған 
рим-католик шіркеуі халықтың санасында теріс баға алып, Римнен 
жіберілген әртүрлі аймақтардағы дін басшылары жемқорлық жолына 
түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді. 
Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта ора-
лып, оны ортағасырлық схоластикалық бүркемелерден тазарту өзекті 
мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-
тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер (1483-1546 жж.) болды. 
М.Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасындағы 
дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға 
деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға 
қызмет ету дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр 
адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін 
әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, жеті діни рәсімнің 
екеуі ғана қалды ол – шоқындыру және «причащение» деп аталатын 
діни мереке. Икондар алынып тасталды. 
М.Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара-
қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі 
кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М.Лютер: 
«Ақыл-ой – шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс», – 
деген сөзге дейін барды. 
Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдан құтыла 
алмайды, өйткені алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл 
мәселе бойынша оның пікірі Августиннің ойына жақын болды. 
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан 
екінші ойшыл – ол Жан Кальвин (1509-1564 жж.) «Христиандық 
сенімге тәлім» деген еңбегінде: «Сенгеннің надандығы білем дегеннің 
өркөкіректігінен жақсы», – дейді. Ж.Кальвин адамның өмірінің 
өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын ала болжауына 
тәуелді екенін айтады. Ең ақыры, Иса пайғамбардың өзі барлық адамзат 
үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп 
өлді. Ал, бірақ ол ешкімге белгісіз. 
Ж.Кальвин Қайта өрлеу заманындағы гуманистердің «фортуна» 
ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып, «фатум» ұғымын биік дәрежеге 
көтерді, өйткені ол – Құдайдың адам тағдырын алдын ала болжауы. 
Ж.Кальвин Киелі кітапта айтылған «Шақырылғандар көп, таң-
далғандар аз» деген қағиданы толықтырып, «тек кім таңдауға алынды, 
оны ешкім білмейді» деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам өзін 
таңдауға іліккен деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі 
бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп 
есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын 


151
еске салсақ, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға 
өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді. 
Батыс Еуропадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адам-
гершілік бағыт берген – көбінесе, Ж.Кальвиннің тақуалық ілімі. Егер 
сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәкаппарланба, 
керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кемтарларға көмектес, байлығыңды 
шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш т.с.с. 
Сонымен, кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне, кәсіби іскер-
ліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар 
өте жауапты іс екендігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын 
анықтауға атсалысты. 
Бүгінгі Қазақстан қоғамында өтпелі дәуірдегі нарықтық эконо-
мика, жеке меншіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз 
басқа елдердің өмір салты, деңгейі, тұтынатын тауарлары, мәде-
ниеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар «көпшілік 
мәдениеті» атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жайында 
«безендірілген», көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. 
Сондықтан жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын 
халық ізгілігіне жұмсаудың (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті 
қолдау, кемтарларға, карылерге көмектесу т.с.) орнына, дереу үлкен 
сарай салып, астына шетелдегі байлар сияқты қымбат машина мінеді. 
Осы тұрғыдан қарағанда, қазір біздің де сонау Қайта өрлеу заманында 
болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды 
қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде 
енгізуіміз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет