Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет151/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

АЛДЫҢҒЫЛАРДЫҢ ІЗІМЕН
І
Қазақстан атырабындағы ең алғашқы ғылыми мекемелер 
Ресейдің императорлық география қоғамының бөлім шелері тү-
рінде XIX ғасырдың 90-жылдарында, Омбы, Орынбор, Семей, 
Ташкент (Қазақстан Республикасының қазіргі оңтүстік облы-
стары қараған Түркістан өлкесінің орталығы), соңынан Верный
(қазіргі Алматы) қалаларында шаңырақ кө терген. Қызметкерлері 
шағын болған ды ғына қара мастан, білімді де білуге аса құш тар зи-
ялы жандардың жанкешті еңбегі нәтижесінде қазақ даласының 
табиғаты мен этнографиясын, фольклорын зерт 
теуде жүйе 
лі 
ізденістер жүргізілген, кейбірі жылдық есептері жинақталған 
кітаптар да шы ға рыпты.
Ұлан-ғайыр қазақ жерін зерттеу соларға дейін де ғылыми экспе-
дициялар арқылы жүргізіл ген. Ту баста олар Ресей империясының 
шеткергі қалалары Орынбор мен Омбыдан жасақталып отырған. 
Алайда сол ға сырдың екінші жартысында жағдай өзгерді. Кешегі 
шеткергі қалалар орталыққа айна луы на орай ғылыми экспеди-
циялардың мақсат-мүддесі де ішінара өзгер ген. Солардың бірі, 
ең қомақ тысы, әрі сегіз жыл ұдайы қазақ даласының теріскей, 
орталық және шы 
ғыс атырабында тұрақты жұмыс істегені – 
санақшы ғалым Ф.А. Щер бина басқарған топ. Бұл экспедиция 
өздері зерттеуге алған аймақтың жер-суын, малы мен жанын, 
сонда тұратын халықтың рулық-этникалық құрамын, егістікке, 
жайы лымға жарамды өңір лерін, қашан қоныс танғанын, ауыл-
аймағын, қора-қопсы, қыстауы мен құдығын, тіпті қысқа дай-
ындайтын шөбіне дейін санап, ұлан-асыр дерек жина ған. Ал түп 
мақсаты – ғылыми бағда рында мәлімдегендей: «...на возмож-
ность изъятия земельных излишков под пересе ленческие посел-
ки» болыпты...


394
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақ даласын геологиялық зерттеу ХХ ғасырда өрістеп, 
әсіресе соңғы жиырма жылдан беріде жер-жерде жүрген. Нақ 
осы қарсаңда Қазақ стан өлкесін жан-жақты зерттеуге әуес қой лар 
қоғамы құрылып, оның физика лық, дәрі герлік және ағартушы-
мәдени бө лімдері Орал, Орда, Қызылжар және Көк шетау қала-
ла рында ашылып, соларға тар тылған 112 зиялы өздері тұратын 
өңірдің табиғатын, жағрафиясын, этнографиялық ерекшелігі мен 
тарихын жүйелеуге кіріседі. Семейдегі география лық қоғамның 
бұрынғы бөлім шесі де 1924 жылдан жұмысты қайта бастап, оған 
ағайынды Н.Н. және А.Н. Белослю дов тар, Н.Я. Кон шин және дін 
қызмет кері Б.Герасимов мұ рын дық болып, қазақ зия лы ларынан 
М.О. Әуе зов, М. Малдыбаев, Ә.З. Сәт баев, Ж. Ша нин атсалысқан. 
Орынборда ірге тепкен Қазақ АКСР Халкомы қарауындағы Ака-
де миялық орталық та тындырымды істер атқар ған: бұл істің басы-
қасында ұлты мыздың сол қарсаңдағы бетке ұстар ағар тушысы 
Ахмет Байтұрсынов болған; ол арабша жазудың қадимше түрін 
жеңілдетіп, «Төте оқу» жүйесін енгізеді; әлбетте, соған сәйкес 
«төте жазу» ереже 
ле 
рін шығарып, оқулық та жазады. Жұрт 
-
шылық оны «Бай 
тұр 
сын емлесі» ата 
ған. Міржақып Дулатов 
қазақша «Оқу құ ралы» мен «Есеп құралы» кітаптарын жа за ды. 
Ал М. Жолдыбаев Ака де миялық ор та лық тың төрағасы міндетін 
атқа рады. Алғашқы оқулықтардың авторлары санатында Жүсіп-
бек Аймауытов, Мағжан Жұма баев, Смағұл Сәдуақасов, Әлімхан 
Ермеков, Қошмұхамбет Кемеңгеров... сияқты бі лімпаз арыстары-
мыз болғанын ескерту па рыз.
Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр жерде бой көтерген өнді-
ріс ошақ тары, халық саны қауырт өскен қала лары мен солар-
да ашылған оқу орын дары, сан алуан жан-жануарлар дүниесі, 
үлкенді-кішілі таулары, өзен-көл дері, қорықтық жерлері, тыңнан 
ашылған қазба бай 
лық 
тарын түбегейлі зерттейтін ғылыми 
орталықтар ашуға сұранғалы қашан... Осы мәселе КСРО ҒА-ның 
1932 жылдың ақпан айында шақырыл ған кезекті сессиясында 
айрықша сөз бо лып: «Қайта түлеген қазақ өлкесіне акаде мия-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет