Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет153/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«...1941 жылдың 21 қыркүйегінде болған Күннің толық 
тұтылуын бақылау үшін Алматыға келген астрономдар ойда 
жоқта соғыс дүрмегіне ілігіп, жұмыс орындарына қайта алмай 
қалды. Алайда Қаныш Иман тайұлының қамқорлығы арқасында 
өзіміз тап болған жағдайдың ауырлығын сезін 
бедік... Ақыры, 
ғылыми жұмысты тоқ 
тат 
пау ниетімен ҚазФАН жанынан 
Астро номия және физика институтын ашуға ұсыныс жасадық. 
Бұл ойды Қ.И. Сәтбаев бірден қолдады. Қазақ КСР Совнаркомы 
оның ұсынысын мақұлдап... қазан айында-ақ жаңа институт-
ты ұйымдастыруға қар жы бөліп, қарар қабылдады. Іле-шала 
астрономиялық жұлдызхана ашып, онда жұ 
мыс істейтін 
мамандарға тұрмыстық жағ дай туғызу қамына кірістік. Инс-
ти тут басшылығына Қазфилиалдың кеңсесінен бір бөлме тиді
ғылыми жұ мысты өріс тетуге орын тарлығы титтей де бөгет 
болған жоқ. Әр бір жұма сайын ғылыми қызметкерлеріміз сол 
бөлмеде бас қосып, өз жұмыстары жайында есеп беретін- ді, қай-
сыбірін тыңдауға Қаныш Имантайұлы да келетін болды».
Ғалым-геологтардың соғыс қажеті үшін қауырт зерттеу жүргізіп, стра-
тегиялық мәні зор шикізат қорын іздейтіні түсінікті жайт. Ал астро физик-
тер не бітірмек? Аспан шырақтарын Алатау шоқтығынан бақылаудың ту 
алыс тағы әскерге қажеті қанша?.. 
Мұрағат дерек тері жаңа институттың зертханасында бар лау экспедиция-
ларынан көптеп түс кен кен үлгілерінің радиометрлік анализден өткенін, 


398
Медеу СӘРСЕКЕ
олардың заттық құрамын спектр лерге ажы ратып, жедел анықтайтын пайда-
лы зерттеу жүргізілгеніне куәлік етеді. Не гізінде, бұл – физиктердің жұмысы. 
Ал ас 
тро 
номдар ше? Ботаниктермен бірігіп ізденіс жүргізген институт 
ғалымдары өсімдік та мырларымен тәжірибе жасап, түрлі түсті оптикалық 
сүзгі лер әзірлейді, соның нәтижесінде әуе ша бу ылынан қорғайтын әскер 
бөлімдері түнде де «көре тін» жаңа аспаптармен жарақтанды...
Осы жұмыс үстінде қоян-қолтық табыс қан екі ілімнің ынтымағы ақыр 
аяғында күтпеген нәтиже бер ді: бұған дейін ешбір елде бол маған, зиялы 
қа уым бұрын-соңды естімеген жаңа ілім – ас троботаника (қазірде астро-
биология) дүни еге ке леді. Оның кіндік атасы – КСРО ғылым ака де ми я -
сының корреспон дент-мүшесі Г.А. Тихов.
Аспан шырақтарын бақылауға өте-мөте қолайлы, Алатаудың биік тө-
рінде орналасқан Алматы жұлдызханасы үшін соғыстан кейін гі жылдар-
да Ленинград мамандары Максудов телескобын жасап берген-ді. Бұл өте-
мөте қымбатқа түскен, бірақ дүние жүзінде тең десі жоқ «көргіш» жабдық 
еді. Қаныш Иман тайұлы соған да қол ұшын беріпті, астро номиялық сүбелі 
қаржының да көзін тапқан. Сөйтіп, Қазақстандық ас 
трономдар ашқан 
ғылыми жаңалықтар кезінде дүние жүзін таңғалдырып, риясыз танып-білуге 
мұрын дық болған.
Химия-металлургия институты, әрине, зерттеу тақырыбынан 
кенде болған жоқ. Сол жылдарда өріс алған жаңа өндірістер метал-
лургтер көмегін өте-мөте керек еткен-ді; Балқаш тың мыс алы-
бында Жезқазғанның құ нар лы кен концентратын Қоңыраттың 
кедей кенімен араластырып қорытуға сынақ жа салады; сайып 
келгенде, бұл шарпу пеш тер і нің өнімділігін күрт арттырады; 
инс титут зерттеушілері Шымкент пен Риддер қорға сын зауыт-
тары үшін байыту фабри кала ры ның қалдықтарынан сирек эле-
мент тер айыру технологиясын жасап береді; әуеге текке тарай-
тын күкіртті газды сүзіп, одан тыңайтқыш жасауға керек күкірт 
қыш қылын өндіру амалы да нақ сол жылдары өмірге келген....
Химиктер де қарап отырған жоқ: сұйық шы 
ны алу; от-
пен металл дәнекерлеуге аса қажет кальций карбидін өндіру; 
каус ти калық со да, бентонит тәрізді химия өнімдерін тездетіп 
шығару; солардың технологиясын реттеу... Бәрі нен де сүбелі іс – 
Қазақстанның ауыл шаруа шылы ғына нақ ты жәрдемін тигізген 
игілік, минерал тыңайт қыштардың жаңа қоймасы – Қаратау 
фосфориттерін пайдалануды өндіріс ке енгізу.
Қарбалас ізденістер филиалдың алты сек торында бірдей жүріп 
жатыр. Ботаниктер, зоологтар, топырақ зерттеушілер, физиолог-
тар, биохимиктер ғана емес, әдебиетшілер мен тарихшылар, тіл 


399
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мамандары да соғыс қажетіне еңбек етуде: Кәрім Мыңбаевтың Қа-
ратау тау сағызының каучук тұқымдас өсімдік екенін дәлелдеуі 
автомобиль өнді 
рісін ондаған мың доңғалақтармен қо 
сым 
ша 
жаб дықтауға дәнекер болды; топырақ зерт теу шілер соғыстың 
алғашқы айларында-ақ Қазақстанның барлық облыстарының 
агро тех никалық картасын жасап шыққан-ды, бұл 1942 жылдың 
көктемінде дән ді дақылдар егісі көлемін әлденеше есе арттыруға 
мүмкіндік берді; сектордың жұмысы Өмір бек Оспанов басқарған 
соң бұрын ғыдан да жандана түсіп, дербес институт болып ша-
ңырақ көте руіне негіз болды; ал ол Докучаев атындағы топырақ 
тану институтының аспи 
ран 
тура 
сын бітіргеннен кейін алты 
жыл ұдайы Жез қазғанда тәжірибе стансасын құрып, шөл дала-
да бақ өсірген кәнігі маман... Былай қарағанда, әскер талабы-
нан қашық тұрған ілім – қазақ тілінің Отан қорғау ісіне қан-
шалықты көмегі болмақ? Алайда олар үшін де жұмыс табылды. 
Тіл мамандары жұмыла қимылдап, бірер айдың жүзінде әскери 
тер миндердің орысша-қазақ ша сөз дігін жасап берді. Санаулы 
күнде шағын кі тапша болып баспаханадан шыққан сөздік қазақ 
жауын герлерінің қалтасынан түс пей тін көмекші құралға айнал-
ды. Ал тарихшылар алғашқы күндерден-ақ Ұлы Отан соғы сы ның 
мате риал дарын жинақтауға кіріс кен...
* * *
Филиалдың құрамы 1941-1943 жылдар аралығында 576 
адамға жетті. Бұлардың 230-ы ғылыми қызметкер, олардың 
қатарында 2 академик, 4 корреспондент-мүше бар, 26 ғы лым 
докторы мен профессор, 76 ғылым кандидаты және аға ғылыми 
қыз меткер жұмыс істейді, 65 адам аспи рантурада оқиды. Осы 
уақытта филиал қыз меткерлерінен 72 экспедиция (оның 39-ы 
геологиялық ғылымдар институтынан) жа сақ талып, Отан қорғау 
ісіне хал-қадерінше қызмет еткен.
Филиал ұжымдарына ғылыми қызметкерлер қабылдау негі-
зінен үш бағытта жүрген: біріншісі, өн ді рісте еңбек етіп жүрген 
білікті ма ман дарды шақырып, ғылыми атағы болмаса да бірден 
жауапты міндет жүктеп, батыл өсіру; екіншісі, соғыс жағдайына 
байланысты батыс қалалардан жедел көшірілген қызмет керлерді 
пайдалану...


400
Медеу СӘРСЕКЕ
В.А. УЛЬЯНОВСКАЯНЫҢ естелігінен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет