394
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақ даласын геологиялық зерттеу ХХ ғасырда өрістеп,
әсіресе соңғы жиырма жылдан беріде жер-жерде жүрген. Нақ
осы қарсаңда Қазақ стан өлкесін жан-жақты зерттеуге әуес қой лар
қоғамы құрылып, оның физика лық, дәрі герлік және ағартушы-
мәдени бө лімдері Орал, Орда, Қызылжар
және Көк шетау қала-
ла рында ашылып, соларға тар тылған 112 зиялы өздері тұратын
өңірдің табиғатын, жағрафиясын, этнографиялық ерекшелігі мен
тарихын жүйелеуге кіріседі. Семейдегі география лық қоғамның
бұрынғы бөлім шесі де 1924 жылдан жұмысты қайта бастап, оған
ағайынды Н.Н. және А.Н.
Белослю дов тар, Н.Я. Кон шин және дін
қызмет кері Б.Герасимов мұ рын дық болып, қазақ зия лы ларынан
М.О. Әуе зов, М. Малдыбаев, Ә.З. Сәт баев, Ж. Ша нин атсалысқан.
Орынборда ірге тепкен Қазақ АКСР Халкомы қарауындағы Ака-
де миялық орталық та тындырымды істер атқар ған:
бұл істің басы-
қасында ұлты мыздың сол қарсаңдағы бетке ұстар ағар тушысы
Ахмет Байтұрсынов болған; ол арабша жазудың қадимше түрін
жеңілдетіп, «Төте оқу» жүйесін енгізеді; әлбетте, соған сәйкес
«төте жазу» ереже
ле
рін шығарып, оқулық та жазады. Жұрт
-
шылық оны «Бай
тұр
сын емлесі» ата
ған. Міржақып Дулатов
қазақша «Оқу құ ралы» мен «Есеп құралы» кітаптарын жа за ды.
Ал М. Жолдыбаев Ака де миялық ор та
лық тың төрағасы міндетін
атқа рады. Алғашқы оқулықтардың авторлары санатында Жүсіп-
бек Аймауытов, Мағжан Жұма баев, Смағұл Сәдуақасов, Әлімхан
Ермеков, Қошмұхамбет Кемеңгеров... сияқты бі лімпаз арыстары-
мыз болғанын ескерту па рыз.
Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр жерде бой көтерген өнді-
ріс ошақ тары, халық саны қауырт
өскен қала лары мен солар-
да ашылған оқу орын дары, сан алуан жан-жануарлар дүниесі,
үлкенді-кішілі таулары, өзен-көл дері, қорықтық жерлері, тыңнан
ашылған қазба бай
лық
тарын түбегейлі зерттейтін ғылыми
орталықтар ашуға сұранғалы қашан...
Осы мәселе КСРО ҒА-ның
1932 жылдың ақпан айында шақырыл ған кезекті сессиясында
айрықша сөз бо лып:
«Қайта түлеген қазақ өлкесіне акаде мия-
Достарыңызбен бөлісу: