Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет152/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

лық ұйымдастырушы ұжым сөз сіз керек, ол өңірдің келешек үрдіс 
өрістеуіне жол нұсқайтын ғылыми бағдарламалар жа 
сау 
мен 
шұғылдануға тиіс...» деген қарар қабылданған. 
Соған орай, наурыздың 8-жұлдызында Одақтық академияның 
Қазақстандағы база сы құрылады. Алғашқы екі-үш жылда онда 
небәрі екі бөлім – зоология және ботаника секторлары жұмыс 
істеген. Ботаниктер зерттеуді осы күнгі Алматы бағына көшет 


395
ШЫҒАРМАЛАРЫ
отырғызудан, ал зоологтар қазақ даласының жан-жануарлар 
дүниесін есептеп, кітапқа тіркеуден бастай ды. Үш жылдан соң 
оған тағы да екі бөлім – тарих пен геология секторлары қосылады. 
1936 жылы қазақ тілі және Жамбыл Жабаев атын дағы әдебиет пен 
халық шығарма шы лығы бөлімдері құрылып, ғылыми ізденіске 
кіріседі. Бұл бөлім сол жылы-ақ ұлттық мәдениетті зерттейтін 
Қазақтың ғылыми-зерттеу инсти туты аталған...
Әділін айтқанда, Қазақстандағы ғылымның іргелі негіздері ауыл ша-
руашы лығы және биология ілімдері саласында ер терек дамыған. Алматыда 
жеміс-жидек стан сасы (1919 ж.), өсімдіктерді қорғаудың өлкелік ошағы 
(1924 ж.), Семей мен Оралда тыңайтқыштар мен топырақтың агротех никасы 
институттары (1926 ж.), бұларға кейіннен Алматы, Балқаш және Риддердегі 
ботаника бақтары қосылған.
1933 жылы – мал шаруашылығы, келесі жылы – дәнді дақылдар, ал 
тағы бір жылдан кейін Вильямс атындағы жер өңдеу, ветери нария және 
ауыл шаруашылығының эконо 
микасы институттары шаңырақ көтерген. 
Олармен қатарлас республиканың әр жерінде Қарабалық, Орал, Шортанды 
және Жетісу сынды ауыл шаруашылық тәжірибе станса лары жұмыс істеген. 
Бұлардың ғылыми дең гейі тез көтеріліп, 1940 жылы В.И. Ленин атындағы 
Бүкілодақтық ауыл шаруашы лығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) 
Қазақ филиалын ашуға мүмкін дік туғызған. 
Медицина ілімі жөнінен де Қазақстан өзі деңгейлес республикалардан 
кенже қалған жоқ-ты. Бұл саланың үрдіс көтерілуіне 1931 жы лы Алматыда 
ашылған дәрігерлер институты мұрындық болған. 1932-1960 жылдар аралы-
ғында Қазақстанда әр түрлі дерттерді емдеп, себеп-салдарын зерттейтін 11 кә-
сіби институт, ал 1966 жылы республикада дәрігер даярлайтын іргелі бес оқу 
орны жұмыс істеген...
Сол бір қым-қуыт, дүрбелеңі көп кезеңге сы н көзбен қараған-
ның өзінде, Кеңес өкі меті билік құрған алғашқы жиырма жыл-
да республикада ғылым ошақтары ашылып, зиялы қауымның 
қарамды ұлттық то бы қалыптасқаны анық. Ғасырлар бойы ма-
нау раған ұйқыда жатқан жанартау тә різді теге у рінді күш сол 
жылдарда бұрқ етіп, ғылым ның әр саласынан көрініс бергенін 
мо йындау лазым. Сол кезеңге ой жүгірте қарасаңыз, ғылыммен 
шұғылданған қызметкерлердің қатары ерекше молайып, зерттеу-
шілік деңгейі де ілкі өскеніне тәнті боласыз. Сол өсу тіпті де 
қомақтырақ болар ма еді, кім білсін, егер билеуші партияның 
әпер бақан бас шылары, Голощекин сияқты жандай шап тары ұлт 
зиялыларының таңдаулы білім 
паз 
да 
рын жүз-жүздеп ұстатып, 


396
Медеу СӘРСЕКЕ
кейбірін атқызып, енді бірін туған елінен шалғай өлкелерге алас-
тамаса?!.. Шерменделердің алғашқы легінде «Тәрбиеге жетекші», 
«Пси хо логия», «Жан жүйесі және өнер таңдау» оқулықтарын 
жаз 
ған, көркем сөздің зергері Жүсіп 
бек Аймауытов атылып, 
күллі халқымыздың сауатын аш қан ғұлама Ахмет Байтұрсынов, 
өз ұлтын алып ұйқыдан оятқан ақын әрі ұстаз Міржа қып Дула-
тов, заңгер Жақып Ақбаев тәрізді жүздеген саңлақтар Ақ теңіз 
жағасына жер аударылып кете барған. Солардан қалған игі ұла ғат 
қайыра өркендеп, қайтадан қаулай бас тағанда, амал қанша, аты-
шулы 1937 жыл дың нәубеті келді. Жоғары математика оқу лы-
ғының авторы, профессор Ә.Ә. Ермеков, «Қазақ тарихын» тұңғыш 
әспеттеушілер – дәрігер-профессор С. Аспендияров пен Х. Дос-
мұхамедов, мәде 
ниет қайраткері Т. Жүр 
генов, Мәскеуде 1923 
жылдан «үй тұтқыны» болуға мәжбүрленген Алаш көсемі 
Ә.Н. Бөкейханов, шежіреші һәм темір жол шы, Түрксибті салу-
шы инженер М. Ты нышбаев, Ақ теңізден кешіріммен оралған 
А. Байтұр сынов пен М. Жұмабаев, Текелі мен Мерға лымсай ке-
ніштерін ашушы инженер-геолог М. Қадылбеков және О. Жан-
досов, «Минералдар әлемі» атты оқулықты қазақша шығарған 
Қ. Тоған баев, «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» дерлік хас 
әдебиетші, тарихшы, ақын, өнер дүл дүл дері Қ. Жұбанов, Н. Төре-
құлов, Ж. Ша нин, С. Сейфуллин – ұлтымыздың маңдайы на біт-
кен жүздеген зиялы саңлақтар «халық жауы» атанып, жер жас-
танған. Тегінде, олар жүздеген емес, мыңдаған. Жалпы қара мы 
28-30 мың деседі. Сенесіз бе, әлеумет, КСРО ҒА Қазақ стандық 
база жүйесінде ұлт мәде ниетін зерттейтін тұңғыш ғылыми инс ти-
тут, 1937 жылы бірде-бір қызметкер қалмай, түп-түгел «жау 
элементі» болып шыққандықтан, қайтадан сек торға айналған. 
Сөйтсе де дархан өмір зұлымдықты жеңді. Ұжымдық ша-
руашылық жүйесі қалыптасып, өндіргіш күштер қауырт артып, 
әсіресе Қазақстанның шикізат қорының үрдіс өсуі Ғылым ака-
демиясы төралқасын осы өңірдегі базаны кеңейтіп, филиал етіп 
(ҚазФАН), 1938 жылы қайта құруға мәжбүрлеген. Сол жылы оған 
тағы да екі бөлім – топырақ зерттейтін және жағрафия сектор -
лары қосыл ған. Ботаникалық төртінші бақ тың негізі Қараған-
дыда қаланған.
Қаныш Имантайұлы директорлыққа ша қы рыл ған геология-
лық ғылымдар инсти 
туты – ҚазФАН жүйесіндегі дербес отау 
тіккен тұңғыш зерттеу ошағы. Тарих, тіл және әдебиет ілімдері 


397
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бойынша ізденіс жүргізбек екінші институт та сол жылы (1941) 
қайтадан ашылған.
Филиалдың бұдан әрі өсуі Қазақстан өнер кәсібі мен ауыл 
шаруашылығына Ұлы Отан соғысы қауырт жүктеген жаңа 
талапқа сай өрбіген. Қырық бірінші жылдың екінші жарты-
сында тағы да екі институт ұйым дасады, оның бірі – Химия-
металлургия, екіншісі – Астрономия-физика инсти тут ы. Яғни, 
соғыс басталған жылы ҚазФАН-да төрт ғылыми-зерттеу инсти-
туты және алты сектор болған. Оларда 3 ғылым докторы (біреуі – 
қазақ), 14 ғылым кандидаты (үшеуі – қазақ) және жүз қаралы 
ғылыми қызметкер жұмыс істе ген. Ғылыми ойдың орталығы де-
ген атағы ғана, зер салып үңілсең – олқылығы ұшан-те ңіз, зерт-
теумен қамти алмай отырған са ласы сан алуан. Демек, еңбек ету-
ге құлықты басшыға бұл салада белсене шұғылданар жұмыс аз 
емес... 
Академик В.Г. ФЕСЕНКОВТЫҢ естелі гі нен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет