Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет188/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

рально растерзанным, я обращаюсь к Вам с убедительной прось-


499
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бой дать указания о том, чтобы затребовать материалы обо 
мне в Москву для рассмотрения их с должной объек тивностью. 
Преданный Вам академик Сатпаев».
Есімі де, еңбегі де күллі Одаққа мәлім ғұламаның жанайқайы 
дерлік осы өтінішіне қандай жауап болғаны – беймәлім...
ІІ
КСРО ҒА Тарих институтының ғы 
лы 
ми кеңесі Ермұхан 
Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы» 
монографиясын «Правда» газетінің сынына байланысты қайыра 
талқылау үстінде бел гілі ғалым-тарихшылар А.М. Панкратова, 
Б.Д. Греков және М.П. Вяткин қателес кенін «шын жүректен мо-
йындайтынын» жария еткен. Сірә, сол себепті бұл жолғы мәжіліс 
томаға-тұйық жағдайда дау-дамайсыз өткен. Партияның бас 
газетінің беделіне мойыған тарихшылар кеңесі оңбай қателесіп, 
жергілікті жалақорлардың сойылын соқты... деуге баспай, тарих-
шылар кеңесі «Ақиқатты бұрмалап отырғанымыз қалай?» деген 
кереғар сауалға да баспай, кеңес ғылымы тарихына масқара оқиға 
болып енген, қатал да мейлінше қиянат шешімге қол көтеріп 
(мәжіліс хаттамасында академик Н.М. Дружининнің қарсы бо-
лып, қалыс қалғандығы атап көрсетілген), Е. Бекмахановтың 
кандидаттық жә не докторлық атақтарын қайтарып алу туралы 
шешім қабылдаған. 
Әрине, мәскеулік қорғаушылары осалдық көрсеткен соң, туған 
елінде жалған тарихшы атанған Ермұханды ашық қор ғайтын ер 
шықпады (әлбетте, астыртын қор ғап, қол ұшын бергендер болған. 
Мысалы, ҚазМУ-дың ректоры Төлеген Тәжібаев, Алматыдағы 
Марксизм-ленинизм институтына ғылыми жұмысқа ауысқан 
Мұхамеджан Әб діқалықов және Қаныш Сәтбаев; алайда дарынды, 
ғалым жазасын жеңілдетуге тілеуқор жұрттың шама-шарқы жет-
пей, өздері жәбір-жапа көрген)
Жазмышқа шара қанша, Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің бюросы «Правда» сынын тал қы лау ды қасақана бес 
айға созып, бұқаралық айыптау ұйымдастырып, бас «күн әкар» 
Е. Бекмаханов сол жиында өзінің «кі нә сін» толық мойындап, өз 
тағдырын бюро мүшелерінің қолына беруге тиісті болған. 
Амал не, сол жиында ол партиялық билетін беріп шығады. 
Қабылдаған қаулының салдары мүлдем сорақы: Ғылым академия-


500
Медеу СӘРСЕКЕ
сы мен университеттегі жұмыстарынан аластатылады, Алматы 
облысының Нарынқол ауда н ын дағы, соңынан Жамбыл облысы-
ның Но во-Троицк кентіндегі орыс мектебінің 5-7 басқыштарына 
тарих пәнінен сабақ беруге сот үкімінсіз жер аударылады...
Бөлебай ИСАБЕКОВТІҢ ауызекі әңгі ме сінен:
«...Қаныш Имантайұлының бізге ескерткен жорамалы қолмен 
қойғандай дәл шықты. «Правданың» жойқын сыны бір жылда 
төрт мәрте қайталанған соң-ақ Жұмекең биліктен айырылып 
қалды, қу жаны түршігіп, сасқаны сонша, шовинист Храмковтың 
дегенін бұлжытпай орындайтын қолшоқпарына айналды. Ал 
ол ұлт 
шыл 
 
дарды түп-тамырымен құр 
туды мақсат еткен 
тазартуға белсене кі рісті. Ілияс Омаровты бұл әрекетке кі нә-
лау қи ын: 1948 жылы түзе ті ліп, екінші мәрте қай та басылған 
«Қа зақ КСР тари хы на» жауапты редактор болғаны оған пәле 
болып, хатшы ретінде кейбір ғалымдарға ара түсіп, қорғай бас-
таса-ақ, менің әпербақан бастығым: «Сіз әуелі өзі ң іздің кінә-
ңіз ден арылып алыңыз, жолдас хат шы. «Тарихтың» жаңа ба-
сылымында Кенесары тарауын ұлт шыл Бекмахановқа қайта 
жаздыртқан сіз емей, мен бе?..»  де се-ақ, Омаров қызараңдап 
сөзден тыйылады... 
1951 жылдың жазында Ермұханды Алматыдан жер аударған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет