Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет205/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

мен аспан да ғы Айдың айғыз бетіне де саяхатқа шы ғуға әзірмін. Қысқасы, 
үш күннен соң аттанамыз. Тақтайды көбірек тиеңдер, жолдың дені құм-
дауық...»  деді.
Айтқан күні аттандық. Бұл жолы түс 
тік жаққа. Шыққан күні 
Сарыкеңгір өзе нін кесіп өтіп, далаға қондық. Бірақ ертеңгілік те бір кол-
хозшы жігіт ға лым ды танып, басқармаға хабар беріпті, амалсыз ауы-
лына бардық... Тегінде, қайда болсын, дүйім жұрт оны құшақ жая қарсы 
алады, бір қой ды мүшелеп қазанға салса, біреуін тұздап, түтінге шалып, 
жолға береді. Халықтың Қаныш аға ға ықы ласы ғажап, әсіресе соңғы жыл-
дары басынан кешкен қи я натты ескеріп, пәс көңілін көтеру үшін де асы-
ра қошемет білдіреді. Және сонда жанын жаралап ештеңе сұрамайды, 
нет кен ізеттілік десеңші!.. Ал маған қаһарлы Штифанов ә дегенде-ақ: 
«Ол мәселе жайында аузыңды аш па!» деп қатты ескерткен. Сөйтсе де 
бір күні сөзді әріден қозғап: «Қа ныш Имантаевич, сіз өзі далаға саяхат 
жасауды сағынып қа лыпсыз, міне, неше күн болды, ұзақты күн дамыл 
көрмей, жаяу жүріп жер шоласыз. Содан тіпті шаршамайсыз, ал мен сізден 
ұялғаннан ғана әрең ілесіп жүрмін»,  де дім. «Оның рас, Федюша. Бұл ме-
нің  жас күнімнен мансұқ ісім! Алматыда жұ мыс істеу өте қиын, әсіресе 
академияның сан-салалы білімдарларына басшылық жасау. Әр ға лым ның 
өз бабы бар, әрбірі өзінше мәнді іспен шұғылданамын деп ойлайды... Ал мұн-
да? Ештеңе ойламайсың, табан астыңда ғы жер бедерінен өзге көрерің 
жоқ. Есіл-дер тің сонда ғана, көңіліңе түйген жоқты із де умен боласың. Ал 
шаршағаныңды сезбеу дің сыры  бұл іске жан-тәніңмен берілуде. Әлдебір 
кен көзін кесуге аңсарың ауып келе жа та сың да, кеш батқанын бір-ақ бі л е-
сің... Ал матыдан шыққанда емдеуші дә рігерім маған: «Күн өтінде көп жүр-
ме ңіз, режімді бұзбаңыз, гипертонияңыз қа уіп ті»,  деген-ді. Өзің айтшы, 
он екі сағат тапжылмай күн астында жүргенде бір күн ауырдым ба, қан 
қысымым көте ріліп басым зеңіді ме? Жоқ, қайта сауығып кет тім. Дала 
кезу, кен жүлгесін қарау, Федюша, менің бой дертімнің бірден-бір шипа-
сы!»  деп аға серіктесім ағынан жарылды. 


542
Медеу СӘРСЕКЕ
...Сапарымдың аяқ шенінде, бұл енді да уыл үйген құм атжалдарын жаяу 
аралап, ма шинамызды көбіне өзіміз төсеген тақтаймен «сүйреп», ондай 
кезде Қаныш Иман тайұлы да қарап тұрмай қолғабыс ететін-ді, ақыры 
бір жерде аялдап, шурф қазып, бірер тәулік бейнет тартқан шақ еді, 
ұстазымыз дауыстап, бізді қасына шақырып: «Жігіттер, еңбе гіміз жан-
ды, мынаны қа раң дар! деп жұдырықтай қызғылтым тас ты көр сетті. – 
Бұл  өте қымбат нәр се, сирек ұшырайтын уран рудасы! Қазан көтеріңдер, 
бүгін демалайық...» – деді. 
Сол жерде біз қоржынымыз әлгі тасқа толғанша жаттық...»
Институт директорының ұйымдастыру шараларына әріптес-
терін барынша асық тыр ған талабына орындаушы мамандардың 
тың 
ғылықты жұмысы қосылған соң қоя ма, алғашқы жыл-
дың өзінде-ақ қажет деген деректердің барлығы да сұрыпта-
лып, редакциялық кеңестің алдына түсті: геофизикалық іздеу 
нәтижелері, металлогениялық және шлихтар бойынша жүрген 
зерттеу материалдары, бұрын-соңды түсірілген геологиялық 
карталар, барлау есептері мен оларға жазылған түсініктемелер, 
түрлі съемкалар, региондағы жерасты сулары туралы деректер, 
гидрохимиялық талдаудың мәлім де мелері, Сарыарқа қыртысында 
ашылған үлкенді-кішілі кен орындары туралы мағлұматтар... 
Соларды жинау үшін геологиялық фондылар ғана емес, әр түрлі 
мұрағаттарды қазуға тура келген, тіпті ішкі істер министрлігінде 
сақтаулы тұр 
ған бұрынғы полиция департаментінің сарғайған 
ескі қағаздарынан да алты жүзден астам кен көздері туралы 
мәлімдемелер іріктеп алынды. Зерттеушілер алдында сөй 
тіп 
жер-жерден жиналған жалпы қарамы бес мыңдай дерек жатыр. 
Әрбірін ғылыми талдап, әрқайсысын сипаттап, арнайы кадастр 
жасау керек. 
1953 жылдың басында-ақ металлогенистер тобы бұл міндет-
ті ойдағыдай орындап шықты. Енді болжам карталардың жоба 
макетін сызуға болады.
Өз теориясының алғашқы қағидаларын жария еткен кезде-ақ 
Қаныш Имантайұлы қателесіп иә дұрыс істеп отырғанын білмесе 
де батыл байлам жасап, Орталық Қазақстан атырабынан бірнеше 
жаңа кен орнын болжаған. Таңданарлық жайт: олар және ешкім 
ойламаған, тіпті кен болуға тиіс деп күтпеген аудандардан еді; 
әрі геосинклиналь зоналар ғана емес, тау жыныстарының өзара 
қатпарланған жүлгелерінен, Ленин град геологтары ештеңе жоқ 
деген геотектоникалық сызат-жарықшалар бойынан көр сетілген-


543
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ді... Ғылыми бәсекеге түсіп, тәуекелге бел буған соң несіне аянсын, 
теория нұсқаған болжам ға сенді де, картаның ал ғашқы жобасына 
түсіртті! Шексіз батылдық, әлде ғылыми сезіктің нәтижесі? Жоқ, 
бәрі нен де бұрын бұл – өзі ойлап тапқан ғылыми концепсиясының 
дұрыс-бұрыстығын тексеру. Кімнің болжалы дұрыс? Бұ ған кесікті 
тегінде ғылым емес, геологтардың барлауы айтады!
Ту баста-ақ Сәтбаев тобы болжам картасының негізіне до-
кембрийден осы заманға дейінгі даму тарихы нақты көрсетіл-
ген Орталық Қазақстанның геологиялық-құрылымдық кар-
тасы алынған-ды. Бұл карта құр 
лық болып қалыптасу тари-
хында аймақтың алты түрлі кезеңнен өткенін шамалаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет