Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Сумен қамтамасыз ету және суды қайтару



бет5/7
Дата03.07.2016
өлшемі321.5 Kb.
#173984
1   2   3   4   5   6   7


5.7 Сумен қамтамасыз ету және суды қайтару

5.7.1 Сумен қамтамасыз ету және суды қайтару жүйелерінің энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыру барысында сарапшымен қабылданған шешімдердің сапасы мен тиімділігі бағаланады, бұл жағдайда бағаланатын жайттар:



- жоба шешімдерінің нормативтік құжаттарға және жобалау тапсырмасына сәйкестігі;

- қабылданған нормалардың дұрыстығы, сумен қамтамасыз ету және суды қайтару теңгерімі;

- сумен қамтамасыз ету жүйелері бойынша қажетті қысымдар, жүйелер түрлі режимдерде жұмыс істеу жағдайында судың есепті шығындарын өткізу қабілеті;

- ішкі су құбырының қабылданған жүйелерінің тиімділігі;

- жоғарылатқыш сорғылар мен желінің үйлескен жұмысының гидравликалық шарттары;

- сорғылардың, суды суыту құрылғыларының жұмысының тиімділігі;

- сумен қамтамасыз етудің негізгі технологиялық схемалары мен олардың сапасы;

- құрал-жабдықтарын таңдау мен гидравликалық есептердің дұрыстығы;

- қабылданған сумен қамтамасыз ету және суды қайтару жүйелерінің энергиялық тиімділігі, құбырлардың материалдары;

- су шығындарын азайту шараларын енгізу тиімділігі;

- энергияны тұтынушы құрал-жабдықтардың сипаттамасы.


5.7.2 Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі энергия үнемдеу шараларының қатарына жатады:

- санитарлық-техникалық кабиналар мен жертөлелерде жобаланған тік құбырлардың оқшаулануы. ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі жылу энергиясының шығындарын санитарлық-техникалық кабиналар мен жертөлелерде жобаланған тік құбырлардың жылу оқшаулануын жүзеге асыру жолымен азайтуға болады;

- аса тиімді қабыршақты жылу алмастырғыштарды пайдалануға енгізуді ұсыну;

- тұрақтандырғыштарды пайдалану бойынша ұсыныстар;

- тік және сүйір бұрыштарды, бекіту арматурасын азайту жолымен құбырлардың жобалық кедергісін азайту;

- екі бөлімді шұңғылшаларды, қос режимді ағызу бактерін орнату бойынша ұсыныстар;

- ПӘК жоғары және энергия тұтынуы төмен заманауи, жоғары өнімділікті сорғыларды орнату.

5.8 Электрмен қамтамасыз ету

5.8.1 Электрмен қамтамасыз ету жүйелерінің энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыру барысында сарапшымен қабылданған шешімдердің сапасы мен тиімділігі бағаланады, бұл жағдайда бағаланатын жайттар:


- электрмен қамтамасыз ету көздері мен электрмен қамтамасыз етудегі есепті қажеттілік деректері;

- электрмен қамтамасыз ету трассасының схемасы;

- электр күш түсулерін есептеудің, электр қабылдағыштардың электрмен қамтамасыз ету сенімділігіне қатысты санаттығын анықтау дұрыстығы;


- қоректендіруші және таратушы электр желісінің кернеуін, трансформаторлардың, қалқандардың, жарықтандыру арматурасының қуаты мен түрлерін, сымдар мен кабельдердің маркасы мен қимасын, электр энергиясын тиімді бағыттау әдістерін таңдау:

- 04- 10(6) кВ электрмен қамтамасыз ету желілерінің, 1,2,3 санатты және 1 ерекше санатты электр қабылдағыштарының тиімді схемасын таңдау;

- электр энергиясының сапасын, жайдан қорғау құрылғыларының тиімділігін, жермелеудің, электр қауіпсіздігінің тиімділігін, панажайдың, аумақтардың қажетті жарықтандырылуын қамтамасыз ету;

- апаттық жарықтандыруды, қосалқы электр қорегі көздерін (екінші кіріс орнын, дизельді электр станциясын) орнату қажеттілігі;

- электрмен жарықтандырудың тиімді режимін енгізуді тексеру

5.8.2 Осы қосымша бөлімнің сараптамалық бағалануы келесілерді ескере отырып қалыптастырылады:


- жобалық шешімдердің электрмен қамтамасыз етуші ұйымның техникалық шарттарға сәйкестігін.


- жобаланған электр желісінің пайдаланушылық сипаттамаларын, қоректендіру орталықтары бойынша қуат теңгерімін, фидерлерді бөлу нүктелерін таңдау дұрыстығын, фазалар бойынша жүк түсіру тепе теңдігін, қуаттық трансформаторлардың, электрмен қамтамасыз етудің кабельді және уау желілерінің күштелуін.

- ақпаратты есептеу, жинау және тапсырудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу тиімділігін.

- жобалық схемалар мен электр энергиясын есептеу құралдарының тиімділігін.

5.8.3 Электрмен қамтамасыз ету жүйелеріндегі энергия үнемдеу шараларының қатарына жатады:

- ғимараттардың жалпы үйлік панажайлардың (кірістердің, дәліздердің, қабат алаңшаларының және т.б.) жарықтандыруын автоматты және бағдараламаланған басқару жүйелерін пайдалануға енгізу;

- жарықтандыру жүйелерін жобалау барысында табиғи жарықты барынша пайдалану бойынша ұсыныстар беру;

- энергияны аз тұтынатын жаңа жарықтандыру аспаптарын пайдалану;

- қажетсіз жағдайларда жарықтандыруды өшіру;

- жарық деңгейін азайту - кернеуді немесе жиілікті реттегіштерді жобаға енгізу нәтижесінде табиғи жарық деңгейі өзгеруге орай;

- жобаға үйлестірілген және жергілікті жарықтандыруды енгізу.


6 Инженерлік желілер сараптамасы
6.1 Жылу желілерінің ЖСҚ мен жылу желілерінің пайдалану шарттарын талдау барысында келесілерді ескеру қажет:

- магистральдердегі, таратушы және квартал іші желілеріндегі жылудың нормативті шығындарын;

- жылу тұтыну жүйелерінің алдындағы жобаланған қысым, әсіресе, жылу желісінің шектік бөліктерінде;

- жылу желісінің теңгерімдік жауапкершілік шекараларында жылуды есептеудің жобаланған аспаптарының болуы;

- диспетчерлеу жағдайы.

6.2 Өздеріне жылу желілерін жалғау жоспарланып отырған орталық жылу пункттерін зерттеу барысында, келесілер талданады:

- жылу оқшаулауының тиімділігі;

- желілік сорғылардың жұмыс режимдерімен қадамдастыру;

- энергия тұтынушы құрал-жабдықтардың тиімділігі мен энергия көздерінің пайдаланушылық шығындары.

6.3 Энергия үнемдеуші шаралар ретінде ұсынылады:

- аз сулы және сусыз технологияларды енгізу;

- жобаға болат құбырлардың электр химиялық қорғалуын енгізу;

- заманауи жабушы-реттеуші және сақтандырушы арматураны енгізу;

- сумен қамтамасыз ету жұмысының режимдерін оңтайландыру;

- желідегі қысымды қысым реттегіштерін пайдалану және реттеу аумақтарында асырма қысымды азайту бойынша ұсыныстар;

- ұлғайтушы қоспаларына аса тығыздықты қамтамасыз ету мақсатымен жөндеу жинақтарын орнату бойынша ұсыныстар;

- сумен қамтамасыз ету жүйесін оралымды басқару және тұтынушылар мен суды жеткізу және тарату жүйесіндегі судың өндірістік емес шығындарын азайту мақсатымен автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу;

- жетілдірілген жылу оқшаулаушы материалдар мен технологияларды, жобаға заманауи алдын ала оқшауланған құбырларды енгізу арқылы жылу оқшаулауды күшейту бойынша ұсыныстар;



- циркуляциялық схемалы ЫСҚ жүйелерінің жобалық қамтамасыз етілуі;

- жобаға жоғары ПӘК сорғыларын енгізу. экономикалық тұрғыдан тиімді болу жағдайында жиілікті реттеу құрылғысын енгізу.

Қосымша А


  1. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Энергияны үнемдеу туралы» Заңдары;

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 4 ақпанындағы № 167 «Қолданыстағы және салынып жатқан нысандардың энергияны үнемдеуін сараптау Ережелерін бекіту туралы» Қаулысы;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 19 тамызындағы № 918 «Қаржыландыру көздеріне тәуелсіз жоба алды (ТЭН) және жобалық (ЖСҚ) құжаттамасын өткізу және мемлекет есебінен салынатын жобаларды бекіту Ережелері туралы» Қаулысы;

  4. ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер»;

  5. ҚР ҚН 2.04-21-2004 «Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы және жылулық қорғанысы»;

  6. ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келістіру, бекіту тәртібі және құрамы жөніндегі Нұсқаулар»;

  7. ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру»;

  8. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы»;

  9. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы»;

  10. ҚР ҚНжЕ 3.02.29-2004. «Оқшаулаушы және әрлеуші жабындар»;

  11. ҚР ЕЖ 4.02-103-2002 Дербес жылумен қамтамасыз ету көздерін жобалау;

  12. ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу»;

  13. ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылар»;

  14. ҚР ЕЖ 4.02-101-2002 «Металл полимерлі құбырларды пайдалана отырып жылытудың құбыр жүйелерін жобалау және монтаждау»;

  15. ҚР ҚН В.2.4.5-13-97 «Аз қабатты құрылыс аудандарын электрмен қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар»;

  16. ҚР ҚН В.2.5-19-2001 «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттық және жарықтандыру құрал-жабдықтарын жобалау бойынша нұсқаулар»;

  17. ҚР ҚНжәнеЕ 4.04-10-2002 «Электр техникалық құрылғылар»;

  18. ҚР ҚН 4.04-23-2004 «Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр жабдықтамасы. Жобалау нормалары»;

  19. ҚР ҚНҚ 1.1-2001 «Қала пәтерлері мен аса жайлы коттедждердің электр күштемелерін есептеу бойынша нұсқаулар»;

  20. ҚР ҚНҚ 4.04-191-2002 «Қалалық және поселкелік электр желілерін жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар»;

  21. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен құрылғылар»;

  22. ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 «Ғимараттардың ішкі су құбыры мен канализациясы»;

  23. ҚР ҚНжЕ 3.05.09-2002 «Технологиялық құрал-жабдықтар мен технологиялық құбырлар»;

  24. ҚР ҚН 4.01-05-2002 «Пластмасса құбырларынан су құбырлары мен канализация желілерін жобалау және монтаждау бойынша нұсқаулар»;

  25. ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 «Ғимараттар мен құрылымдардың негіздері»

  26. ҚР СТ 956-92 «Таспалы іргетастардың тақталары, темір бетон»;

  27. ҚР СТ 957-92 «Өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына арналған саңылаулы толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетон тақталары. Техникалық шарттар»;

  28. ҚР СТ 937-92 «Бетон және темір бетонды жиналмалы конструкциялар мен бұйымдар»;

  29. ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар»;

  30. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар мен құрылымдар»;

  31. ҚР ҚНжЕ 3.02-06-2002 «Төбелер мен шатырлар».



Содержание


1

Общие положения

20

2

Область применения

20

3

Нормативные ссылки

21

4

Термины и определения

21

5

Методика проведения экспертизы энергосбережения проектов строительства новых и реконструируемых объектов

22

5.1

Стены

22

5.2

Окна

24

5.3

Фундамент и подвал

25

5.4

Кровля

26

5.5

Лоджии и болконы

26

5.6

Отопление, вентиляция, кондиционирование воздуха

27

5.7

Водоснабжение и водоотведение

29

5.8

Электроснабжение

30

6

Экспертиза проектов инженерных сетей

31




Приложение А

33





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет