Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет2/7
Дата03.07.2016
өлшемі321.5 Kb.
#173984
1   2   3   4   5   6   7

1.Мазмұны


1

Жалпы ереже

4

2

Қолданылу саласы

4

3

Нормативтік сілтемелер

5

4

Терминдер мен анықтамалар

5

5

Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыс жобаларында энергия қуатының үнемделуіне жүргізілетін сараптама әдістемесі

6

5.1

Қабырғалар


6

5.2

Терезелер

8

5.3

Іргетас пен жертөле


9

5.4

Шатыр


10

5.5

Лоджиялар мен балкондар


10

5.6

Жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу

11

5.7

Сумен қамтамасыз ету және суды қайтару

13

5.8

Электрмен қамтамасыз ету

14

6

Инженерлік желілер сараптамасы

15




Қосымша А

17

ЖАНА ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАТЫН ОБЪЕКТІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫНА ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА ПРОВЕДЕНИЯ ЭКСПЕРТИЗЫ ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЯ ПРОЕКТОВ СТРОИТЕЛЬСТВА НОВЫХ И РЕКОНСТРУИРУЕМЫХ ОБЪЕКТОВ



Енгізілген күні – 2011.05.01


1 Жалпы ереже


Осы әдістеме жаңа және қалпына келтірілетін нысандардың құрылыс жобаларына сараптама жүргізу процедурасын белгілейді. Құжат энергия қуатының үнемделуі мәселесіне қатысты сараптама жүргізудің техникалық параметрлері мен индикаторларын айқындайды. Құжат Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылдың 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 1997 жылдың 25 желтоқсанындағы №210 «Энергияны үнемдеу туралы» заңдарына және дамыған елдердің жетекші тәжірибесіне сәйкес әзірленген.

Құжат ҚР ҚНжәнеЕ 1.01-01-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер» талаптарына сәйкес келеді.



2 Қолданылу саласы


2.1 Энергия қуатының үнемделуінің сарапталуына мыналар жатады:

2.2 Энергияны үнемдеу сараптамасын өткізудің әдістемелік алғышарттары болып табылады:

  • энергияны үнемдеу сараптамасын өткізудің заманауи талаптарға сәйкес келетін әдістемелік материалдың жеткіліксіздігі;

  • энергияны үнемдеу технологиялары мен материалдарын толық көлемде пайдалану мүмкіндігін бермейтін технологиялық базаның технологиялары мен материалдары;

  • жаңа және қалпына келтірілетін құрылыс жобаларында энергия үнемдеу сараптамасын жүргізудің нақты реттелген схеманың болмауы.

2.3 Жаңа және қалпына келтірілетін нысандардың құрылыс жобаларында энергия қуатының үнемделуіне жүргізілетін сараптама ұйымдардың жеке қаражаты мен қарыз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарына Қайша келмейтін өзге көздердің есебінен қаржыландырылады.

2.4 Сараптама жүргізудің нәтижесі болып жобаның келесі жайттарын қорытынды бағалау табылады:

1) жергілікті сәулет және құрылыс органының жобаның бекітілген жобалау тапсырмасына, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасына, басқадай бастапқы материалдарға, техникалық шарттар мен талаптарға және бекітілген қала құрылыс шешімдер мен сол үлескінің қызметтік арнауларына сәйкестігі;

2) мемлекеттік және мемлекет аралық нормативтермен және техникалық регламенттермен белгіленген барлық міндетті талаптардың, энергия және ресурстарды үнемдеу талаптарының орындалуы.

3) қолданылатын энергия тұтынушы құрал-жабдықтардың негізділігі мен тиімділігі.

4) Жобалық құжаттаманы қарастыру барысында қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың және технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтардың қолданылуына ерекше назар аудару.



3 Нормативтік сілтемелер

Осы әдістемеде қолданылған нормативтер А-Қосымшасында келтірілген.

4 Терминдер мен анықтамалар


Энергия қуатының үнемделуін сараптау – бұл кейіннен энергия қуатының шығымын азайту жөніндегі ұсынымдар мен техникалық шешімдердің әзірленуімен, сондай-ақ талданып отырған жобаны жүзеге асыру кезінде тиімсіз технологиялар мен материалдардың енгізілуін, тиімсіз техниканың, керек-жарақтар мен аспаптардың дайындалуын алдын алу мақсатында зерттеліп отырған жобада энергия қуатын үнемдеу принциптерінің қолданылу тиімділігін бағалау.

Энергия қуатын үнемдеу – энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік және ақпараттық).

Энергетикалық ресурс – қазіргі уақыттағы техника және технологияның даму дәрежесінде қолданылып отырған немесе келешекте қолданыла алатын энергия тасушы.

Энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуы – техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейінде және қоршаған табиғат ортасын қорғау талаптарының сақталуымен энергетика ресурстарының пайдалануының экономикалық ақталған тиімділігіне қол жеткізу.

Ақпарат талдау – жиналған құжаттық ақпараттың негізінде энергетикалық тиімділік көрсеткіштері мен энергия қуатын үнемдеу резервтерін анықтау.
Энергия қуатын үнемдеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу – энерготиімділікті арттыруға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық жетілдірудің негізделуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет