Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Жаяу жүргіншілер коммуникациялары



бет5/22
Дата29.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#32374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

4.1.13 Жаяу жүргіншілер коммуникациялары

          4.1.13.1 Жаяу жүргіншілер коммуникациялары қала аумағындағы қозғалыс пен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз етеді. Жаяу жүргіншілер коммуникациясына жатады: тротуарлар, аллеялар, жолдар, сүрлеу жолдар. Қала аумағында жаяу жүргіншілер коммуникацияларын жобалау кезінде қамтамасыз ету қажет: көлік коммуникацияларымен қиылысулардың минималды саны, жаяу жүргіншілер коммуникациялары жүйелерінің үздіксіздігі, адамдардың қауіпсіз, бөгеуілсіз және ыңғайлы қозғалуының мүмкіндігі, мүгедектер мен тұрғындардың аз ұтқыр топтарын қоса есептегенде. Жаяу жүргінші коммуникациясының жүйесінде негізгі және қосалқы жаяу жүргінші байланыстарын бөліп көрсету керек.

4.1.13.2 Жаяу жүргіншілер коммуникациясын жобалау кезінде бойлық еңісті 60┐астам емес қылып, көлденең еңісті – оптималды 20┐, минималды - 5┐, максималды - 30┐ етіп қабылдау керек. Жаяу жүргіншілер коммуникацияларының еңістері мүгедектер арбаларының қозғалысын қамтамасыз етуді ескере отырып аспауы керек: бойлық -50┐ , көлденең -20┐. Еңістері 30-60┐ жаяу жүргіншілер коммуникацияларында 100 м кейіннен сирек емес 5 м кем емес ұзындығы бар жазық телімдерді жасау керек. Рельефтің жағдайлары бойынша жоғарыда көрсетілген еңістерді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда, сатылар мен пандустардың құрылғысын қарастыру қажет.

4.1.13.3 Қаланың тарихи бөлігінде тротуарларды кеңейту қажеттілігі кезінде, ескерткіштерді қорғаудың өкілетті органдарының келісімімен жанындағы салу құрамында жаяу жүргіншілер галереяларын жасау рұқсат етіледі. ПК аумағында жаяу жүргіншілер коммуникациясын жобалау қала құрылысы қызметінің бекітілген реттеу тәртібі мен шекті түрде рұқсат етілген рекреакциялық жүктемені ескеруі қажет.

4.1.13.4 Негізгі жаяу жүргіншілер коммуникациялары тұрғылықты, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттардың қоғамдық көлік аялдамаларымен, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерімен, рекреакциялық аумақтармен байланысты, сондай-ақ қоғамдық аймақтар құрамындағы тартылыстың негізгі пунктері мен рекреакция объектілерінің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

4.1.13.5 Негізгі жаяу жүргіншілер коммуникацияларының трассасын белгілеу көшелер мен жолдар түрінде немесе оларға байланысты емес жүзеге асырылуы мүмкін. Негізгі жаяу жүргіншілер коммуникацияларының енін, К Қосымшасына сәйкес қозғалыстың бір сызығының өткізу қабілеттілігі мен “пик” сағаттарында жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығына байланысты есептеген дұрыс. Жаяу жүргіншілер коммуникациясының трассасын белгілеуді, шамамен 30° осы бағытқа бұрыш астында немесе тартылыс пункттері арасындағы қысқа бағыттары бойынша жүзеге асыру ұсынылады.

4.1.13.6 Негізгі жаяу жүргінші коммуникациясы мен көлік өткелдері қиылысуының барлық жағдайларында жиек тасты пандустардың құрылысы керек. Жаяу жүргіншілер коммуникацияларында сатылар, пандустар, көпірлер құру жағдайында осы элементтердің тең шамалы өткізу қабілеттілігін жасауды қамтамасыз ету керек. Бар жаяу жүргіншілер коммуникациялары мен оларға жақын жатқан көгал алаңдарын жеңіл көлікті уақытша тұраққа қою мақсатында қолдануға жол берілмейді.

4.1.13.7 Негізгі жаяу жүргіншілер коммуникацияларын бойлай орналасқан техникалық құрылғылар, ғимараттардың шығып тұрған элементтері, ғимараттар мен отырғызулар, жолдардың енін қысқартпауы керек, сондай-ақ – 2 м тең болатын жолдың жамылғысы үстінен бос кеңістіктің минималды биіктігін қысқартпауы керек. Негізгі жаяу жүргіншілер коммуникацияларының 1, 5 м ені кезінде әр 30 м сайын қарама-қарсы бағыттардағы арбаларда мүгедектердің қозғалуын қамтамасыз ету үшін ұлғайтулар қарастырылуы керек.

4.1.13.8 Негізгі емес бейстацонарлы имараттары орналасқан уақыттағы жаяу жүргінші коммуникациясының жалпы ені, жаяу жүргінші бөлігінің енінен, телімнің енінен, және сатып алуышылар мен келушілерге арналған буферлі аймақтың енінен құралуы керек (0,75 м кем емес). Арбалардағы мүгедектердің мүмкін болатын қарама-қарсы қозағылысының телімдерінде жаяу жүргінші коммуникациясының ені 1,8 м кем болмауы тиіс.

4.1.13.9 100 адам/га астам жүктемесі бар рекреакция құрамындағы негізгі жаяу жүргіншілер коммуникацияларын, оларды әр 100 м сайыннан жиі емес орналастыра отырып, қоқыс салғыштар мен орындықтарды орнату үшін алаңдармен жабдықтау керек. Алаң жаяу жүргінші жолдарына жақын болуы керек, 120 см кем емес тереңдігі, орындық шетінен жаяу жүргінші жолына дейін – 60 см кем емес қашықтығы болуы керек. Алаңның ұзындығы, кем дегенде бір орындық, екі қоқыс салғыш, сондай-ақ мүгедек-арбашы үшін орынды орналастыруға есептелуі керек.

4.1.13.10 Негізгі жаяу жүргінші коммуникациялары аумақтарын абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, үстірттердің жанасу элементтері, қоқысқа арналған қоқыс салғыштар немесе шағын контейнерлер, жарықтандыру жабдығы, орындықтар (рекреакция аумағында).

4.1.13.10.1 Негізгі жаяу жүргінші коммуникациясының құрылымы мен жамылғысы олардың барлық кезеңдерде пайдаланылуын қарастыруы керек, ал 2,25 м және одан көп ені кезінде – арнайыландырылған көлік құралдарының ауық-ауық өту мүмкіндігін қарастыру керек. Төсемді тақталармен қарастыру ұсынылады. Террасалар мен құламалардың жоғарғы қастарында орналасқан жаяу жүргіншілер коммуникацияларының қоршауын жобалауды 4.1.7 сәйкес жүзеге асыру керек.

4.1.13.10.2 Негізгі емес бейстационарлы имараттарды орналастыруға жол беріледі.
4.1.13.11 Қосалқы жаяу жүргіншілер коммуникациялары    салулар мен аумақтың шегіндегі абаттандырудың түрліэлементтердің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ рекреакция объектілерінің аумақтарындағы қозғалысты қамтамасыз етеді. Қосалқы жаяу жүргінші коммуникацияларының ені шамамен 1,0-1,5 м деп қабылданады.

4.1.13.12 Қосалқы жаяу жүргінші коммуникациялары аумағында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі жамылғының әр-түрлі түрін қосады.

4.1.13.12.1 Скверлер, гүлзарлар, қала бақтары жолдарында жанасу элементтері бар жамылғының қатты түрлерін қарастыру керек. Тақталармен төсеу ұсынылады.

4.1.13.12.2 Ірі рекреакциялық объектілерінің (парктер, орман парктері) жолдарында жамылғының “жұмсақ” немесе аралас түрлерін, топырақты жамылғысы бар жаяу жүргінші соқпақтарын қарастыру керек.

     

4.1.14. Көлік өткелдері

4.1.14.1 Көлік өткелдері – қаланың көше-жол желісінің (КЖЖ) қызыл сызықтарымен бөлінетін көлік коммуникациялары жүйесінің элементтері, кварталдар аумақтары ішінде телімдер мен ғимараттар, рекреакцияның ірі объектілері, өндірістік және қоғамдық аймақтар арасында көлік байланысын, сондай-ақ қаланың көше-жол желісімен байланысын қамтамасыз етеді.

4.1.14.2 Көлік өткелдерін жобалауды ҚР ҚНмЕ 3.03-09-2006 ескере отырып жүргізу керек. Өткелдерді жобалау кезінде ландшафт және жақын жатқан аумақтардың экологиялық күйін жақсарту немесе сақтауды қамтамасыз ету керек.

4.1.14.3 Өткелдердің аумақтарында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, өткел бетінің көгал алаңы және тротуармен жанасу элементтері, көгалдандыру, жарықтандыру жабдығы.

4.1.14.4 Көлік өткелдерінің жеке түрі болып веложолдар табылады. Рекреациялық аумақтардағы веложолдарды Д.1 кестесін ескере отырып жобалау ұсынылады (Д Қосымша).      

4.1.14.5 Веложолдардың кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрі, веложол бетінің жақын жатқан аумақтармен жанасу элементтері.

4.1.14.5.1 Көшелер мен жолдардың бойында орналасатын веложолдарда, жарықты, рекреакциялық аумақтарда – веложолдар бойында көгалдандыруды қарастыру керек.

4.1.14.5.2 Жолдар бойындағы отырғызулар жолдың габариттерін қысқартпауы керек, жол жамылғысының деңгейі үстінде бос кеңістіктің биіктігі 2,5 м кем емесін құрауы керек. Веложолдар трассасында ірі рекреакция құрамында техникалық қызмет көрсету пунктін орналастыру ұсынылады.

     

4.2 Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда кешенді баттандыруды жобалауға қойылатын талаптар
4.2.1 Жалпы ережелер

4.2.1.1 Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда кешенді абаттандыруды нормалау объектілері болып: түрлі үйлесімде тұрғын топтары, шағын аудандар мен тұрғылықты аудандарды құрайтын қоғамдық кеңістіктер, тұрғылықты салу телімдері, бала бақшалар, мектептер, гараж-тұрақтар табылады.

4.2.1.2 Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда кешенді абаттандыруды жобалау ҚР ҚНмЕ 3.01-02Ас-2008, ескере отырып жүргізілуі керек. Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда кешенді абаттандыруды жобалау кезінде, масштабының тұрғылықты салуымен өлшемдес ауқымды-кеңістіктік шешімдерін сақтай отырып, қоғамдық кеңістіктің барлық тұрғындары үшін қол жетімді бірыңғай жүйені қалыптастыруды қамтамасыз ету керек.
4.2.2 Қоғамдық кеңістіктер

4.2.2.1 Тұрғылықты міндеті бар аумақтардағы қоғамдық кеңістіктер жаяу жүргіншілер, тұрғын топтарына қызмет көрсету мекемелерінің телімдері, шағын аудандар, тұрғын аудандары мен жалпы қолданудағы көгалдандырылған аумақтар жүйесімен қалыптастырылады.

4.2.2.2 Тұрғын аудандары, шағын аудандар, тұрғын топтарына қызмет көрсету мекемелерін, әдетте, кіре берістегі алаңдармен жабдықтау керек. Келішулердің саны көп болған кездегі қызмет көрсету мекемесі үшін (сауда орталықтары, нарықтар, емханалар, милиция бөлімшелері) объект ішілік авто тұрақтарды қарастыру керек (ҚР ҚН 3.02.02-2009). Тұрғын міндеті бар аумақтарда орналасқан милиция бөлімшесі, өрт депосы, жедел жәрдем ішкі станциясы, базарлар, қалалық мәні бар объектілерінде биіктігі бойынша әр-түрлі қоршауларды қарастыруға жол беріледі.

4.2.2.3 Қызмет көрсету мекемелерінің телімдері мен жаяу жүргінші коммуникациясының аумақтарында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, беттердің жанасу элементтері, қоқыс салғыштар, қоқысқа арналған шағын контейнерлер, жарықтандыру жабдығы, ақпартты тасушылар.

4.2.2.4 Тақта төсемі түріндегі жамылғының қатты түрлерін қарастыру ұсынылады, сондай-ақ ұтқыр көгалдандыру, көшелік техникалық жабдықтар, орындықтарды орналастыру керек.

4.2.2.5 Негізгі емес бей стационарлы имараттар, сыртқы жарнама құралдарын орналастыруға жол беріледі.

4.2.2.6 Жалпының қолданатын аумағын көгалдандыру бірыңғай жүйе, тұрғын топтарын, шағын аудандарды, тұрғын аудандарын көгалдандыру түрінде қалыптасады. Көгалдандыру жүйесі қосады: көлік және жаяу жүргінші коммуникацияларын бойлай жасыл отырғызулар телімдері (көгал алаңдары, ағаштар мен талдарды қатарлап отырғыщу), тұрғын салу телімдерінен тыс көгалдандырылған телімдер (спорттық, спорттық-ойындық, иттерді серуендету үшін және т. б. ), рекреакция объектілері (скверлер, гүлзарлар, шағын ауданның бақтары, тұрғын ауданының саябақтары).

4.2.2.7 Жалпының қолданатын көгалдандырылған аумақтарында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімін қабылдау керек:

     - алаңдар аумақтарында 4.1.12 ішкі тарауына сәйкес;

     - рекреакция объектілері аумағында – 4.4 ішкі тарауына сәйкес.

      4.2.3 Тұрғын құрылыстың телімдері

4.2.3.1 Тұрғын құрылыстың телімдерін кешенді абаттандыруды жобалауды үй жанындағы аумақты қолданудың жеке немесе ұжымдық сипатын ескере отырып жүргізу қажет. . Одан басқа, қайта құрылымданатын аумақтарда, магистральдерді бойлай, салудың жоғары тығыз аумақтарында тарихи салу құрамында оларды орналастыру кезінде тұрғын салуының кешендіабаттандыру ерекшеліктерін ескеру қажет.

     4.2.3.2 Үй жанындағы аумақты ұжымды қолданумен тұрғын салу телімінің аумағында қарастыру кере: көлік өткелі, жаяу жүргінші коммуникациялары, алаңдар (мектепке дейінгі жастағы балалардың ойындары үшін, үлкендердің демалысы, қоқыс жинағыштарды орнату, қонақ автотұрағы), көгалдандырылған аумақтар. Егер телім аумағының ауқымы рұқсат етса, телімнің шекарасынада спорттық алаңдарды, мектеп жасындағы балалардың ойынына арналған алаңжар, иттерді серуендету алаңдарды орналастыру ұсынылады.

4.2.3.3 Ұжымдық қолданудың тұрғын салуының телімі аумағында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: өткел жамылғысының қатты түрлері, алаңдар жамылғысының әр-түрі (4.12), беттердің жанасу элементтері, алаңдарды жабдықтау, көгалдандыру, жарықтандыру жабдығы.

4.2.3.3.1 Тұрғын телімінің көгалдандырылуын тұрғын үй беттік қабаттар және өткелдің арасында, өткел және телімнің сыртқы шекрасымен қалыптастыру керек: үй жанындағы жолақтарда – гүл бақтары, көгал алаңдары, шырмап өсетін өсімдік, талдардың жинақы топтары, биік емес жеке тұрған ағаштар; телімнің қалған аумағында – бос композициялар және көгалдандырудың түрлі әдістері.

4.2.3.3.2 Егер 6.3.6.3 сәйкес магистралды көшелердің бойында тұрғын телімдерін орналастырудың шарттарына қайшы келмесе, тұрғын салуының телімін қоршауға жол беріледі.

4.2.3.4 Үй жанындағы (бір пәтерлі үй немесе блокталған үйдегі пәтер) аумақты жеке қолданумен тұрғын салу телімінің аумағында, әдетте қарастыру керек: жаяу жүргіншілер жолдары, кіре берістегі алаң, көгалдандырылған аумақтар. 0, 5 га және одан көп телімде өткелді қарастыру керек.

4.2.3.5 Жеке тұрғын телімінің аумағында кешенді баттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жолдар жамылғысының қатты түрлері, беттердің жанасу элементтері, көгалдандыру, жарықтандыру жабдығы.

4.2.3.5.1 Қазылған әжетханаларды орналастыруға жол берілмейді.

4.2.3.5.2 Жасыл отырғызулардың декоративті түрлерін қолдану ұсынылады.

4.2.3.5.3 Жеке тілемдердің және коттеджді салу аумақтарында қоршауды жобалау жалпы рұқсат етіледі. Қоршаулар түлері көзге өтімді болуы керек, 2, 5 м кем емес биіктігі болуы тиіс.

4.2.3.6 Қайта құрылатын аумақтар, магистрал бойымен, салудың жоғары тығыздылығы бар аумақтарда, тарихи салу құрамында орналасқан тұрғын телімдерін кешенді абаттандыруды, қала құрылысының шарттары мен оларды орналастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып, жобалау қажет.

4.2.3.6.1 Ескерткіштерді күзету аймақтарының және тарихи морфотип аумақтарында кешенді абаттандыруды жобалауды салудың типтік сипаттамалары мен күзету аймақтарының тәртіптеріне сәйкес жүргізу керек.

4.2.3.6.2 Салудың жоғары тығыздылығы бар тұрғын телімдерінде (20 мың кв. м/га), телім аумағының нормативті көрсеткіштері мыналардың есеблінен қамтамасыз етілетін абаттандырудың теңгерілетін әдістерін қолдану ұсынылады:     

- тұрғын салуының құрамына баттандыру элементтерінің, тұрғын салуының телім аумағында әдетте жүзеге асырылатын бірқатар функцияның ауыстырылуы:

- жер асты және жартылай жер асты шатырларын спорттық, балалар алың мен көгалдандыруды орналастыруға қолдану – жоғарыда көрсетілген алаңдардан кіру және шығуға және гараждардың желдеткіш шахталарына дейінгі қашықтық 15м кем болмауы тиіс.

4.2.3.6.3 Тұрғын телімдерін магистралды көшелердің бойымен орналастыру кезінде оларды көше жағынан қоршау және алаңдарды (балалар, спорт, қақыс жинағыштарды орнату үшін) орналастыруға жол берілмейді. Магистралды көшелер бойымен УДС шекарасы арасында орналасқан аумақтарды бірыңғай қоғамдық кеңістік ретінде жобалау керек.

4.2.3.6.4 Қайта құрылатын тұрғын салуының телімдерінің аумағында ауру, әлсіз ағаштардың жойылуын, сау ағаштарды қорғау және декоративті рәсімдеуін, жоспардан тыс салудың жойылуын қарастыру керек. (складов, сараев, стихийно возникших гаражей, в т. ч. типа "Ракушка"), абаттандырудың физикалық және моральды ескірген элементтерін ауыстыруды орындау ұсынылады.

     

4.2.4 Бала бақшалар мен мектептер телімдері

4.2.4.1 Бала бақшалар мен мектептер телімдерінің аумағында қарастыру қажет: көлік өткелін, жаяу жүргінші коммуникациясын, кіре берістегі алаңдар, балалар ойынының алаңы, спортпен шұғылдану, көгалдандырылған және басқа ҚР ҚНмЕ 3.02-24-2004 сәйкес аумақтар мен имараттар.

4.2.4.2 бала бақша мен мектеп аумағындағы кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: өткелдер, негізгі жаяу жүргніші коммуникацияларының, алаңдардың жамылғыларының қатты түрлері, беттердің жанасу элементтері, қоршау, алаңдар жабдығы, ақпараттық рәсімдеуді тасушы.

4.2.4.2.1 Жамылғының қатты түрлері ретінде цементті бетон және тақта төсемін қолдану ұсынылады.

4.2.4.2.2 Бала бақшалар мен мектептер аумағын көгалдандыру кезінде улы жемістері бар өсімдіктерді қолдануға жол берілмейді.

4.2.4.3 Кварталдың инженерлік коммуникацияларын жобалау кезінде оларды бала бақша мен мектеп аумағы арқылы трассалауға жол берілмейді, квартал аумағын қайта құру кезінде қолда бар желілердің орны ауыстырылуы керек. Бала бақша мен мектептің жеке инженерлік желілері, ойын және спорт алаңдарынан өту мүмкіндігін болдырмай, ғимаратқа дейінгі инженерлік желілерден қысқа қашықтықтар бойынша жобалануы тиіс. Өту, өткел, алаң аумақтарында көру құдықтарының құрылғысына жол берілмеуі тиіс. Басқа аумақтарда телім шекарасында олардың орналасу орындары қоршалып, қауіпсіздік туралы ескертетін белгілермен бөлінуі керек.

4.2.4.4 Бала бақша мен мектептер ғимаратының жазық шатыры оларды көп қабатты тұрғын салуының айналасына орналастыру жағдайында тартымды сыртқы бейнеге ие болуы керек.
4.2.5 Гараж-тұрағының телімі

4.2.5.1 Гараж-тұрағының телімінде қарастыру қажет: гараж-тұрағының имаратын, алаңды, кіру және шығу, жаяу жүргінші жолдары. Гараж-тұрақтар телімдеріне бару жолдары жаяу жүргіншілер жолының негізгі бағыттарымен қиылыспауы керек. Транзитті жаяу жүргінші жолдарын гараж-тұрақтары телімдері арқылы ұйымдастыруға жол берілмейді. Гараж-тұрағының телімі басқа аумақтан ені 3 м кем емес жасыл отырғызулармен оқшаулануы керек.

4.2.5.2 Гараж-тұрақтың телімінде кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, беттердің жанасу элементтері, қоршаулар, қоқыс салғыштар немесе қоқысқа арналған шағын контейнерлер, жарықтандыру жабдығы, ақпараттық жабдық.

4.2.5.2.1 Жаяу жүргінші жолдарында съезд қарастыру қажет – жиек тасты пандус – өткелдің деңгейіне (бір телімге біреуден кем емес).

4.2.5.2.2 Фитонцидтығы жоғары деңгейдегі биік өсетін талдың отырғызуын және ағаштарды отырғызуды телім шекарасы бойымен қалыптастыру ұсынылады.

4.2.5.3 Гараж-тұрақ ғимаратының жазық шатыры, оны көп қабатты тұрғын және қоғамдық салу айналасына орналастыру кезінде тартымды сыртқы келбетке ие болуы керек.

4.2.5.4 Негізгі емес бейстацинарлы араж имараттарында автокөліктерді сақтауға арналған аумақтың телімін кешенді абаттандыру, жарық жабдығы, өткелдер мен жолдар жамылғысының қатты түрлерімен көрсетілуі керек.
4.3 Рекреакциялық міндеттегі аумақтарда кешенді абаттандыруды жобалауға қойылатын талаптар
4.3.1 Жалпы ережелер

4.3.1.1 Рекреакциялықміндеттегі аумақтарда кешенді абаттандыруды нормалау объектілері рекреакция объектілері болып табылады – ПК аумағының бөліктері: демалыс аймақтары, парктер, бақтар, гүлзалар, скверлер. Рекреакция объектілерін кешенді абаттандыруды жобалау ПК аумағы үшін қала құрылыстық қызметін реттеудің бекітілген тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

4.3.1.2 Ерекше күзетілетін (ұлттық парк, табиғи парктер, орман парктері) табиғи аумақтарда және ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды жасау үшін қалалар дамуының Бас жоспарымен жоспарланған табиғи аумақтарда кешенді абаттандыруды, әкімдіктің шешімдері мен Үкімет Қаулысымен орнатылған ерекше күзету тәртіптеріне сәйкес жобалау керек.

4.3.1.3 Архитектура, тарих, бақ-саябақтық өнер ескерткіштерін кешенді абаттандыру олардың тарихи бейнесін, жоспарлауын, көгалдандырылуын қалпына келтіру немесе қайта құруын қосады. Саябақ аумағын абаттандыру элементтерімен жарақтандыру мен жабдықтауды өзі орналасқан аумақтағы тарихи-мәдени ережеге сәйкес жобалау керек.

4.3.1.4 Рекреакция объектілерінің жоспарлау құрылымы аумақтың табиғи, функционалды және қала құрылысты ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Кешенді абаттандыруды жобалау кезінде табиғатты қорғау артықшылығын қамтамасыз ету қажет – ландшафттың табиғи сипатының ұзылмауы; рекреакцияның шағын объектілері үшін – отырғызуларды белсенді күту; рекреакцияның барлық объектілері үшін – қаланың жоғары техногенді және рекреакциялық жүктемелерінен қорғану.

4.3.1.5 Рекреакция объектілерін қайта құру кезінде қарастыру қажет:

- орман парктері үшін: берік жұмыс істеуге қабілетті экожүйелерді жасау, орман паркінің түрлі аймақтары үшін абаттандыру шаралары мен қолдану тәртіптерінің шекті рекреакциялық жүктемесін орната отырып, отырғызулар мен ландшафтардың құндылығына қарамастан аумақтың функциналды аймақтандыруын жүргізу;

- парктер мен бақшалар үшін: жоспарлау құрылымын қайта құру (мысалы, жол-соқпақты желісінің тығыздығын өзгерту), отырғызудың жоғары тығыздығы бар телімдерді сирету, ауру, ескі және декоративті емес талдарды және құндылығы аз өсімдік түрлерін жою, оларды талдар мен ағаштардың әдемі гүлдейтін, декоративті – жапырақты түрлеріне ауыстыру, балалар алаңы, демалыс алаңдарын ұйымдастыру;

- гүлзарлар мен скверлер үшін: күрделі тік құрылымы бар куртиналар мен топтарды қалыптастыру, ауру, ескі және декоративті емес ағаштарды алып тастау, өткелдің шеті мен ағаштардың жақындағы қатары арасындағы қашықтықты ұлғайту мен жасау, тәуекел аймағы шегінен тыс отырғызу мен ұстаудың арнайы технологияларын қолдана отырып, басым сипатта ірі өлшемді отырғызу материалын отырғыу.

4.3.1.6 Рекреациялық міндеттегі аумақтарда инженерлік коммуникацияларды жобалауды, рекреакция объектісін айнала немесе өткелді коллекторларда басым сипатта, аумақтың экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек.


4.3.2 Демалыс аймақтары

4.3.2.1 Демалыс аймақтары- рекреациялық белгілеудегі аумақтар, мұнда шомылу, рекреация және белсенді жаппай демалыс үшін салынған және арналған су үстірттері бар. Қала ішілік су қоймалары бар рекреациялық аумақтарда, оларды әкімдіктің бекіткен Ережесін ескере отырып жобалау керек.

4.3.2.2 Су қоймасы бетінің аумағы 10 га болғандағы демалыс аймақтарын жобалау кезінде пляждың жиектік сызығының ұзындығы су қйомасының жиектік сызығының жиынтық бөлігінен 1/20 астам болмауы керек. Пляждың жиектік сызығының шамамен алынғандағы ұзындығы шомылушылардың санына байланысты үстіртінің ауданы 10 га су қоймалары үшін 6.1 кестеде келтірілген. Пляждың есептік өлшемі кем дегенде 8 кв. м/адам құрайды.      
Кесте. 6.1 - Демалыс аймақтары пляжының жиектік сызығының шамамен алынғандағы параметрлері












Су қоймасының ауданы, га


Пляждың жиектік сызығының шамамен алынғандағы ұзындығы, м

Пляж аумағының ауданы , га

Бірмезгілдегі шомылушылардың саны

10, 0

60, 0

0, 20

240

5, 0

40, 0

0, 13

160

3, 0

30, 0

0, 10

120

4.3.2.3 Демалыс аймақтарының аумағында мыналарды орналастыру керек: өтетін жолы бар медициналық қызмет көрсету пункті / тірегі/, құтқарушы станция, жаяу жүргіншілер жолы, инженерлік жабдықтар (ас суымен қамтамасыз ету және су қайтарғы, су қоймасына ластанған үстірттік ағынының түсуінен қорғану). Медициналық пункт /тірек/ құтқару станциясының жанында орналасуы керек, “Медпункт” деген жазуы немесе ақ реңдегі қызыл кресттің бейнесі болуы керек, сондай-ақ жедел жәрдем машинасының кедергісіз кіруіне мүмкіндігі бар санитарлық көлікті тұраққа қою орны болуы тиіс. Медпункт жайының ауданы 12 кв.м кем болмауы керек, онда табиғи және жасанды жарық, су өткізгіш құбыры және дәретханасы болуы керек.

4.3.2.4 Демалыс аймағының аумағындағы кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізіліміне мыналар кіреді: өтетін жолдың қатты жамылғылары, көгалдандыру, ас суы бар шағын фонтандар, орындықтар, урнолар /қоқыс салғыш/, қоқысқа арналған ікшкентай контейнерлер, пляжға арналған жабдықтар (күннен қорғайтын бастырмалар, жататын орын, киім ауыстыруға арналған кабиналар), дәретханалық кабиналар.

4.3.2.4.1 Көгалдандыруды жобалау кезінде қамтамасыз ету керек:

- шөп жабынының, ағашты- талдардың және жағалаудағыөсімдіктердің өсімін демалыс аймағының жалпы ауданының 80% кем емесінесақтау;

- су қоймасының жағалауларын қалыптастыру және көгалдандыру (көшкіндеу және эродирленетін байрайлардағы жиекті бекіткіш белдік, байрайдағы суды ұстап тұратын белдіктер – бас сорғылары және т. б.);

     - демалыс аймақтарының аумағын басқа мақсаттарға қолдануға жол бермеу (иттермен серуендеу, ойын қалашықтарын салу, аттракциондарды қою және т. б.).      

4.3.2.4.2 Көше техникалық жабдығының қоршауларын орналастыруға жол беріледі (“су” сауд арбасы, “Балмұздақ”).

4.3.2.4.3 Сыпырып шығару дәретханаларын орналастыруға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет