4.3.3 Саябақтар
4.3.3.1 Қаланың аумағында саябақтардың келесі түрлері жобаланады: көпфункционалды, арнайыландырылған, тұрғылықты аудандардың саябақтары. Саябақтың кешендік абаттандыруын жобалау оның функционалдық міндетіне байланысты болады. Саябақтың аумағында аялдамалық павильондарымен (жаңбырдан бастырма, орындықтар, қоқыс салғыш, көліктің қозғалыс кестесі) жабдықталған шағын-көліктің жүруі үшін жергілікті өтетін жерлердің 10 га астам жүйесін қарастыру ұсынылады.
4.3.3.2 Қалалық көп функционалды саябақ үлкендер және балалар үшін аттракциондардың құрылысы, белсенді және тыныш демалыс, ойын-сауық, жүйелі жаппай демалысқа арналған.
4.3.3.3 Көп функционалды саябақтың аумағында мыналарды қарастыру керек: аллеялар жүйесі, жолдар мен алаңдар, саябақтық имараттар (аттракциондар, күркелер, павильондар, дәретханалар және т. б.). Абаттандыру шаралары мен саябақтың түрлі аймағындағы жолдардың тығыздығы мүмкін болатын рекреациялық жүктемеге сәйкес келуі керек (4.4, 4.5 кестелері). Алаңдардың өлшемі мен міндеті, саябақтық имараттардың сыйымдылығын Е Қосышаны ескере отырып жобалау ұсынылады.
4.4 Өндірістік міндеті бар аумақтарда кешендік абаттандыруды жобалауға қойылатын талаптар
4.4.1 Жалпы ережелер
4.4.1.1 Өндірістік міндеті бар аумақтарда кешендік абаттандыруды нормалау объектілері, өндірістік салу аймақтары мен телімдерде қалыптасатын санитарлы-қорғалған аймақтардың көгалдандырылған аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер болып табылады. Өндірістік міндеті бар аумақтарды кешендік абаттандыруды жобалау кезінде ҚР ҚНмЕ II-89-80 басшылыққа алу керек. Өндірістің салалық бағыттылығына байланысты көгалдандыру мен абаттандыру әдістерін Ж Қосымшасына сәйкес қолдану ұсынылады.
4.4.2 Қоғамдық кеңістіктер
4.4.2.1 Өндірістік міндеті бар аумақтардағы қоғамдық кеңістік ішіне қосады: зауыт алдындағы алаң, жаяу жүргінші коммуникациялары, тұрақ пен демалыс алаңдар, рекреакция объектілері. Қоғамдық кеңістікті жұмыстар өндірісі жерінен қорғаныс отырғызулары, қауіп жайлы ескертетін дыбыс-жарықты ақпарат тасушылары, сондай-ақ тұрақты немесе уақытша түрлі қоршауларымен барынша оқшаулау керек.
4.4.2.2 Зауыт алдындағы алаң – өндірістік кәсіпорынның қоғамдық шараларын өткізу үшін бос кеңістік – әкімшілік, негізгі өндірістік ғимарат немесе өндірістік міндеті бар аумақтар шекарасының ішінде қалай болса, оған жанасатын қаланың қоғамдық аумақтарында дәл солай бас өту жерлерінде орналаса алады. Оны ҚР ҚНмЕ II-89-80 сәйкес жобалау керек, мөлшерін 1 мың жұмыскерге 0,6-0,9 га есебімен анықтау керек. Көгалдандыру және абаттандыру элементтерін орналастыру үшін алаң аумағының 40-50 % бөлген дұрыс. .
4.4.2.3 Зауыт алдындағы алаң аумағында кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі мыналарды қосады: жамылғының қатты түрлері, үстірттердің жанасу элементтері, көгалдандыру, орындықтар, қоқыс салғыштармен қоқысқа арналған шағын контейнерлер, тутұғырлар, жарықтандырғыш жабдықтар, кәсіпорынның ақпараттық ресімдеуін тасушылар.
4.4.2.3.1 Жамылғының түрлерін тақталар төсеуі, декоративтік-қолданбалы рәсімдеу элементтерін орналастыру, су құрылғылары, архитектуралы-декоративтік жарықтандыру жабдығы түрінде қарастыру ұсынылады. Алаңды көгалдандыруды партерлі ретінде жобалау немесе көгалдандырудың мобильді /ұтқыр/ түрлері мен гүлмен рәсімдеуді белсенді түрде қолдана отырып, сквер түрінде қалыптастыру ұсынылады.
4.4.2.3.2 Негізгі емес бейстационарлы имараттар, көшелік техникалық жабдық, сыртқы ақпарат және жарнама құралдарын орналастыруға рұқсат етіледі. Азық-түлік өнімдерін сатумен байланысты техникалық жабдықтар мен негізгі емес имараттарды орналастыруды санитарлы-эпидимиологиялық қадағалау органдарымен келістіру қажет.
4.4.2.4 Негізгі жаяу жүргінші коммуникацияларының минималды енін 2,25 м, қосалқы- 1,5 м, есептік енін- жаяу жүргінші ағынының қуаттылығына негізделе (жолдың 1 м еніне 800 адам/сағ көп емес) отырып қабылдау керек.
4.4.2.4.1 Жаяу жүргінші коммуникацияларды кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, үстірттің жанасу элементтері, көгалдандырудың мобильді әдістері, қоқысқа арналған контейнерлер мен қоқыс салғыштар, жарықтандыру жабдықтары.
4.4.2.4.2 Көгалдандыруды ағаштар мен талдарды қатарлай отырғызу, гүлдік пен гүл алаңы түрінде жаяу жүргінші коммуникацияларын (бір немесе екі жақтан) бойлай жобалау ұсынылады.
4.4.2.4.3 Кәсіпорынның ақпараты мен сыртқы жарнама құралдарын орналастыруға жол беріледі.
4.4.2.5 Өндірістік салу аймақтары мен телімдер аумақтарында демалыс алаңдарының мөлшерін бір орынға 1,0-1,2 кв. м нормасы бойынша анықтау қажет (орындар саны – анағұрлым көп ауысымда жұмыс істейтіндерден 10-15%). Жұмыс орнынан асханаға және асханадан демалыс алаңына дейін қашықтық жиынтығы 300 м астам емесін құрауы керек. Өндірістің шу сипаты кезінде демалыстың тыныш түрлері мен формасы мен түсі бойынша сабырлы абаттандыру элементтері басым болуы керек, өндірістің бір келкі және бір қалыпты сипаты кезінде – демалыстың белсенді түрлері мен жарық түсті абаттандырудың түрлі элементтері.
Демалыс алаңдарындағы кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, үстірттердің жанасу элементтері, көгалдандыру, орындықтар, ойынға арналған үстелдер, қоқыс салғыштар, жарықтандыру жабдықтары.
4.4.2.6. Жеңіл автомобильдер, велосипедтер, мотоциклдердің тұрағына арналған алаңдарды негізгі көліктік және жаяу жүргінші ағындарынан алшақ жерде орналастыру керек, орналастыру кезінде жақсы икемділігі мен жылдамдығы шарттарын қамтамасыз ету керек. Жеңіл автомобильдерге арналған алаңдарды 9.3.2 кестесі бойынша есептеген дұрыс. Велосипедтер мен мотоциклдерге арналған тұрақ үшін алаңның ауқымы олардың норма мен ауысымға (5-7%) деген санымен анықталады: велосипедке – бір дөңгелекке таяну кезінде 0, 6 кв. м астам емес және екі дөңгелекке таяну кезінде 0,9 кв.м астам емес; мотоциклге немесе мотороллерге – 3 кв.м.
4.4.2.6.1 Тұрақ- алаңдардағы кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, үстірттердің жанасу элементтері, велосипедтерді орнату немесе ілу үшін жабдық, белгі, жарықтандыру жабдығы. Қоршау құрылғысына рұқсат етіледі.
4.4.3 Санитарлы- қорғаныс аймақтарының аумағын көгалдандыру
4.4.3.1 Өндірістік міндеттегі санитарлы- қорғаныс аймақтарын (СҚЗ) көгалдандыру алаңы талаптарға сәйкес жобалы шешіммен анықталуы тиіс. Өсімдіктерді таңдауды 4.2. Ішкі тарауының, ҚР ҚНмЕ II-89-80 ескере отырып жүзеге асыру қажет.
4.4.3.2 СҚЗ көгалдандырылған аумақтарының кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: көгалдандырылған телімнің жанасқан аумақтармен түйісу элементтері (ернеулі тас, тіреуіш қабырғалар, және т. б.), көгалдандыру телімі мен қорғаныс элементтері.
4.4.3.3 Көгалдандыруды бір келкілік пен бір сарындылықты болдырмайтын сұңғат өнерінің композициялары түрінде қалыптастыру ұсынылады.
4.5 Қаланың көлік және инженерлік коммуникациялары аумақтарында кешендік абаттандыру объектілері
4.5.1 Жалпы ережелер
4.5.1.1 Қаланың көлік коммуникацияларының аумағындағы кешенді абаттандыруды нормалау объектілері түрлі жаяу жүргінші өткелдері, қызыл сызық шекарасындағы жол-көшелік желі (ЖКЖ) болып табылады. Кешенді абаттандыруды жобалауды көлік имараты, көшенің жартысы немесе алаңдар, алаң немесе жеке көше, белгілі бір санаттағы көшелердің желісіне жүзеге асыру мүмкін болады. Сонымен қатар жобаның шекарасына, жол төсемінің сыртқы шетінен салуларға дейін бірыңғай қоғамдық кеңістік ретінде аумақты жобалай отырып, көшенің бойындағу салуды немесе аумақ пен салуды қосу қажет.
4.5.1.2 Инженерлік коммуникациялар аумақтарындағы кешенді абаттандыруды нормалаудың объектілері инженерлік коммуникациялардың магистралды желілері, метрополитеннің техникалық аймақтары болып табылады.
4.5.1.3 Қаланың инженерлік және көлік коммуникациялары аумақтарында кешенді абаттандыруды, тұрғындардың қауіпсіздік шарттары мен жанасып тұрған аумақты инженерлік және көлік коммуникацияларының әсерінен қорғауды қамтамасыз ете отырып, ҚР ҚНмЕ 3.01-02Ас-2008 сәйкес жүргізу керек. ЖКЖ шекараларында қаланың жер асты инженерлік желілерін орнатуды, өткелді коллекторларда басым сипатта жүргізу ұсынылады.
4.5.2 Көшелер мен жолдар
4.5.2.1 Қаланың аумағындағы көшелер мен жолдар ҚР ҚНмЕ 3.03.09-2006 сәйкес, міндетіне және көліктік сипатына қарай жалпы қалалық және аудандық мәндегі магистралды көшелер, көшелер және жергілікті мәндегі жолдар болып бөлінеді.
4.5.2.2 Көшелер мен жолдардың аумақтарында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жол төсемі мен тротуарлар жамылғысының қатты түрлері, үстірттердің жанасу элементтері, жолдар мен көшелерді бойлай көгалдандыру, қауіпті жерлерді қоршау, жарықтандыру жабдығы, жол қозғалысының ақпаратын тасушы (жол белгілері, белгі, бағдаршам құрылғылары).
4.5.2.2.1 Жол жамылғысының құралымдары мен түрлерін көшелердің санатын және жобалау кезіне қолданыста болатын нормативті құжаттарды (ҚР ҚНмЕ 3.03.09-2006, және т.б.) ескере отырып жобалау керек. Магистралды көшелердің жамылғысын үздіксіз қозғалыспен, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қасиеттерін көрсетуді жоғарылату үшін барынша жарық қылып жобалау ұсынылады. Көшелер мен жолдарды жабу үшін ұсынылатын материалдар И Қосымшасында келтірілген.
4.5.2.2.2 Көшелер мен жолдарды көгалдандыруды жобалау кезінде, отырғызу жерінен жер асты коммуникациялары және басқа жол-көшелік желінің құрылыстарына дейінгі минималды қашықтығын 7.6. кестесіне сәйкес қабылдаған дұрыс. Төсеу жеріне ағаштарды орналастыру, тарихи салу мен қаланың Орталық ядросы шарттарында мүмкін болады. Қозғалысы реттелмейтін жердегі аялдамалар мен бұрылыстарда жасыл отырғызуларды орналастыруды 9.4.2. сәйкес жобалау керек. Өткел мен жақын жердегі ағаштар қатары арасындағы буферлік аймақтың ұлғаюын қарастыру ұсынылады – тәуекел аймағынан тыс осындай объектілер үшін арнайы өсірілетін өсімдіктерді отырғызу керек (8.1 кесте).
8. 1 кесте. Көше санатына қарай ағаштарды отырғызудың ұсынылатын қашықтықтары (метрмен санағанда)
Көшелер мен жолдардың санаттары
|
Өткелден оқпанға дейінгі қашықтық
|
Жалпы қалалық мәні бар магистралды көшелер
|
5-7
|
Аудандық мәні бар магистралды көшелер
|
3-4
|
Жергілікті мәні бар көшелер мен жолдар
|
2-3
|
Өткелдер
|
1,5-2
|
ЕСКЕРТПЕ – Отырғызу үшін анағұрлым жарамды түрлері: голландық жөке ағашы, канадалық терек, қытай пирамидалы терек, берлиндік терек, татар терегі, шетен жапырақты үйеңкі, пенсильванды шетен, шар тәріздес күйрек тал, тегіс шегіршін, долана, сары қараған.
|
4.5.2.2.3 Көлік коммуникацияларының аумақтарындағы қоршаулар, жаяу жүргіншідер мен көлік құрлдарының қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін арналған. Жол-көшелік желінің және жасанды құрылыстардың (эстакадалар, жол өткізгіштер, көпірлер және т. б. ) қоршауларын МЕМСТ 23457, МЕМСТ 26804-86 сәйкес жобалау керек.
4.5.2.2.4 Жарықтандыру жабдығының тірек құралымы ҚР СН 4.04.18-2003 сәйкес қабылдануы керек. Қиылыстары арасында, эстакадаларда, көпірлер мен жол өткізгіштерде магистралды көшелерді жарық қылу үшін шамдардың тіректерін екі жақты орналастыру (симметриялы немесе шахмат реті бойынша) ұсынылады. Тіректер арасындағы қашықтықты шамдардың түріне, жарық көзі және олардың орнату биіктігіне (бірақ 50 м көп емес) байланысты орнату қажет. Декоративті- көркем жарықтандыру жабдығын орналастыруға рұқсат беріледі.
4.5.2.2.5 Жол белгілері мен ақпараттарды орналастыру шарттары, олардың формаларын, өлшемін, бейнелерін, орнату орындарын жол белгілеріне МЕМСТ 10807-78 сәйкес жобалау керек. Өткелдің шетінен оған жақын жердегі белгіге дейінгі қашықтық 0,5 тен 2,0 м құрауы керек. Жол белгісін ҚР КР 218-29-03 жобалау керек.
4.5.2.2.6 Бағдаршамдарды орналастыруды ҚР КНмЕ 3-03-07-2003 сәйкес жобалаған дұрыс, жекелей алғанда:
- тіреуіштер мен тіреулердегі бағдаршамдарды тротуардың бетінен бағдаршамның төменгі әнегіне дейін 2,0-3,0 биіктікте орналастыру керек, өткелдің шетінен 0,5- 2,0 м биіктікте бейімдеу керек;
- бастырмадағы бағдаршам орнатуының биіктігін, өткелдің бетінен бағдаршам тұрқының түбіне дейін 5,0-6,0 м қабылдаған дұрыс;
- тіреуіш пен тіреудегі негізгі бағдаршам жаяу жүруші өткелінің алдында 1,0-2,0 м қашықтықта орналасуы тиіс, бағдаршам тіреулерін өту жерінде орналастыруға жол берілмейді, қайталанатын бағдаршам қауіпсіздік аралында орналастырылуы, немесе (ол жоқ болған кезде) – қарама –қарсы бағыт үшін сыйыстырылуы керек.
Қозғалысы реттелетін көшелерде үш өткелге кем дегенде бір бағдаршамды дыбыстық дабылнамасымен жабдықтау керек.
4.5.2.2.7 ЖКЖ аумағында және оған жақын жатқан аумақтарда ақпарат пен сыртқы жарнама құралдарын орналастыру, әкімдіктердің шешімдері немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ақпарат және сыртқы жарнаманы орналастыру Ережелеріне сәйкес жол қозғалысының қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуі керек.
4.5.3 Алаңдар
4.5.3.1 Функционалдық міндеттеріне қарай алаңдар бөлінеді: бас (қоғамдық ұйымдар, билік органдарының ғимараттары алдында), объект ішілік (театрлар, ескерткіштер, кинотеатрлар, мұражайлар, сауда орталықтары, стадиондар, саябақтар, нарықтар және т.б.), қоғамдық-көліктік (вокзалдар, метрополитен станциясы, қалаға кіре берістің алдында), есте сақтау/мемориалды/ (ескерткіш объектілері немесе жерлері алдында), көлік түйіндерінің алаңы. Кешендік абаттандыруды жобалау кезінде негізгі және жергілікті көлікағындары, көлік және жаяу жүру қозғалысына максималды түрде бөлінуін қамтамасыз ету керек.
4.5.3.2 Алаңның аумақтары, әдетте ішіне қосады: өткелдер, жаяу жүргінші жолы, көгалдандыру аумақтары мен телімдері. Алаңның кеңістігін көп деңгейлі ұйымдастыру кезінде жаяу жүргінші бөлігін жартылай немесе толықтай күндік бетпен сыйыстыру ұсынылады, ал жер асты деңгейінде көшеден тыс жаяу жүргінші өткелдері аймағында аялдамалар, қалалық бұқаалық көліктің станцияларын, жеңіл автомобильдердің тұрағына арналған орын, инженерлік жабдықтар мен коммуникациялар, жүктеу-тиеу алаңдары, дәретханалар, қоқысты жинауға арналған контейнерлері бар алаңдарды орналастыру қажет.
4.5.3.3 Алаңның аумағындағы кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімін 8.2.2 сәйкес қабылдаған дұрыс. Алаңның функционалды міндетіне қарай абаттандырудың келесі қосымша элементтерін орналастыру ұсынылады:
- басты, объект ішілік, мемориалды алаңдарда – декоративті-қолданбалы өнердің туындылары, су құрылғылары (фонтандар);
- қоғамдық-көліктік алаңдарында – аялдама павильондары, ұсақ бөлшек сауданың, тамақтанудың, тұрмыстық қызмет көрсетудің негізгі емес бейстационарлы имараттары, сыртқы жарнама және ақпарат құралдары.
4.5.3.3.1 Алаңның жаяу жүргінші бөлігінің жамылғы түрлері арнайы міндеттегі (өрт, апат, жинау және т. б.) автомобильдердің жүру, жеңіл автомобильдерді уақытша тұраққа қою мүмкіндігін қарастыру керек.
4.5.3.3.2 Алаңның жаяу жүргінші бөлігінде автомобильдердің уақытша тұрағы мен мүмкін болатын өткелі орындарын, жамылғының түсі немесе фактурасымен, мобильді көгалдандырумен, тасымалдау қоршауларымен бөлу керек. Сонымен бірге өткелдің ені жаяу жүргіншілер ағынының өтуін қамтамасыз ету керек (К Қосымшасы).
4.5.3.3.3 Алаңды көгалдандыру кезінде, периметрлі көгалдандыру, алаңның ортасындағы отырғызуды қолдану, сондай-ақ осы әдістерді сыйыстыру ұсынылады. Қаланың немесе қалыптасқан салудың тарихи орта шарттарында көгалдандырудың жинақы және/немесе ұтқыр әдістерін қолдану ұсынылады. Алаңның орталығындағы қауіпсіздік аралын көгалдандыруды партерлің көгалдандыру немесе 4.5.4.2 сәйкес жүргізушілер үшін көрінудің қажетті бұрышын ескере отырып, биік отырғызулар түрінде жүзеге асыру ұсынылады.
4.5.4 Жаяу жүргінші өткелдері
4.5.4.1 Жаяу жүргіншілер өткелдерін негізгі жаяу жүргінші коммуникацияларының қалалық көшелер және жолдарымен қиылысу орындарында орналастыру керек. Жаяу жүргіншілер өткелдері көшенің жүру бөлігімен (жер үсті), немесе көшенің жүру бөлігінің деңгейінен тыс – көшеден тыс (жер үсті немесе жер асты) бір деңгейде жобаланады. Жер үсті жаяу жүргінші өткелдерін орналастыру шарттарын талаптарға сәйкес жобалаған дұрыс.
4.5.4.2 Қозғалысы реттелмейтін көшелерде жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орналастыру кезінде көрінудің үшбұрышын қамтамасыз ету қажет, оның аймағында құрылыстар, негізгі емес бейстационарлы имараттар, жарнамалық қалқандар, биіктігі 0,5 м көп емес жасыл отырғызуларды орналастыруға жол берілмейді. Үшбұрыштың жақтарын: көлік қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығы 40 км/сағ кезінде 8х40 м; 60 км/сағ – 10х50 м қабылдау керек.
4.5.4.3 Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде кешендік абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жол белгісі, тротуар деңгейінен өткел бөлігінің деңгейіне түсу үшін пандустар, жарықтандыру жабдықтары.
4.5.4.3.1 Егер жер үсті жаяу жүргінші өткелінің құрамында, жол төсемінің деңгейін көтерілген, “қауіпсіздік аралы” орналасқан болса, оның ішінде арбалардың (балалар, мүгедектер арбалары, шаруашылық арбалар) бөгеуілсіз қозғалысы үшін көліктік төсемнің деңгейінде 0,9 м кем емес ені бар өткелді қарастырған жөн.
4.5.4.3.2 Қозғалысы реттелетін көшелердегі жаяу жүргінші өткелінің аймағында бағдаршам жабдығын ҚР КНмЕ 3.03-07-2003 сәйкес жабдықтау керек.
4.5.4.4 Көшелерден тыс өткелдердің енін жаяу жүргінші ағынының күтілетін ауқымын ескере отырып жобалау керек, бірақ 3 м кем емес.
4.5.4.5 Көшелерден тыс жаяу жүргінші өткелінде кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі ішіне мыналарды қосады: еден жамылғысының қатты түрлері, үстірттердің жанасы элементтері (сатылар, пандустар), жарықтандыру жабдықтары, қоқыс салғыштар және қоқысқа арналған шағын контейнерлер.
4.5.4.5.1 Еденнің жамылғысын 40 мм кем емес қалыңдығы бар гранит немесе базальт тұқымының табиғи тасынан немесе сапасы жоғары құм бетоннан жасалған тротуарлы тақтайшалардан орындау ұсынылады. Жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ішкі беттерін қаптау үшін табиғи тастарды қолдану ұсынылады, F 300 кем емес аязға беріктілігі бар жоғары сапалы жасанды материалдарды қолдануға да болады
4.5.4.5.2 Екі жақты сатылар мен оларға ілесетін пандустардың минималды енін 1,8 м (пандус) және 2,25 м(саты) қабылдаған дұрыс.
4.5.4.5.3 Жер асты жаяу жүргінші өткелінде туннель еденінің бойлық еңісін 40┐ астам емес, бойлық еңісті- 10┐ қылып қабылдаған дұрыс. Жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің 5 м астамға тереңдеуі кезінде эскалаторлардың құрылғысын қарастыру қажет. Туннельдің 150 м астам ұзындығы кезінде жылжымалы тротуарлардың құрылғысы ұсынылады.
4.5.4.6 Көлік – отырғызу тораптарының үлестіру-өткелдерінде төсеу, қарама-қарсы белгілерін шектеу және т. б. элементтерін қолдана отырып, жаяу жүргінші ағынының минималды қиылысуын қамтамасыз ету керек. Түрлі-түсті және жасанды материалдардан жасалған едендерді қолдану ұсынылады.
4.5.5 Көліктік, инженерлік коммуникацилардың техникалық аймақтары, су қорғау аймақтары.
4.5.5.1 Қаланың аумағында ҚР ҚНмЕ 3.01-02Ас-2007 сәйкес қала құрылысының реттеу сызықтарымен бөлінетін техникалық аймақтардың келесі түрлерін қарастырады: магистралды коллекторлар мен құбырлар, жоғарғы вольтты беру желілері, жоғары және төмен кернеулі сымжелілер, әлсіз тоқтар, ұсақ салудың метрополитені.
4.5.5.2 Магистралды коллекторлар және құбырлар, жоғары және төмен кернеулі сымжелілер, әлсіз тоқтар, жоғары вольтты беру желілері тезникалық аймақтарының аумағында жамылғының қатты түрімен көлік-жаяу жүргінші коммуникациясын төсеу, жарықтандыру жабдығын, сыртқы ақпарат және жарнама құралдарын орнату, алаңдарды құру(балалар, демалыс, автомобильдер тұрағы, қоқыс жинағыштарды орнату), имараттардың кез келген түрін салу, оның ішінде коммуникацияның техникалық аймағында өтетін пайдалану мен қызме көрсетуге қатысы бар техникалықтардан басқа, негізгі емес бейстационарлы.
4.5.5.3 110 кВт кернеуі бар жоғарғы вольтты желілер аймағында иттерді серуендету мен үйретуге арналған алаңдарды орналастыруға рұқсат етіледі. Көгалдандыруды аймақтың сыртқы шеті бойынша көгал алаңдары мен гүл бақшалардың түрінде жобалау ұсынылады, әрі қарай – талды және беткі тамырлы жүйесі бар төмен өсетін ағаштардың топтары.
4.5.5.4 Метрополитенның техникалық аймағы аумағында Мәскеу қаласының метрополитені өкілетті құрылымдарының келісімі бойынша гүлзарлар, скверлер, жасыл отырғызу телімдері (барлық отырғызулар – терең емес, беттік тамырлы жүйесімен), негізгі емес бейстационарлы имараттар, иттерді серуендету және автомобильдер тұрағы үшін алаңдарды орналастыруға рұқсат етіледі. Иттерді серуендетуге арналған алаңдар көшелер мен жолдардың қызыл желегінен 5, 0 м жақын орналаспауы тиіс.
4.5.5.5 Т/ж бұру жолақтарының кешенді абаттандыруын ҚР ҚНмЕ 3.03.01-2001 және ҚР ҚНмЕ 3.03.17-2001 негізінде жобалау керек.
4.5.5.6 Су қорғау аймақтары аумақтарын кешенді абаттандыруды Қазақстан Республикасының Қаулысымен бекітілген су объектілерінің су қорғау аймақтары және олардың жиектегі қорғау жолақтары туралы Ережеге сәйкес жобалау қажет: - арам шөптер, өсімдіктердің аурулары, зиянкестермен күрестің химиялық құралдарын қолдану;
- жанар-жағар май материалдары, минералды тыңайтқыштар қоймасын орналастыру;
- қоқыстарды қоймалау;
- автомобильдер, басқа машиналар мен механизмдерді жөндеу, отынды құю.
А ҚОСЫМША
(анықтамалық)
БИБЛИОГРАФИЯ
-
13.04.2005 ж. № 39 “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы.
-
16.07.2001ж. № 242 “Қазақстан Республикасындағы құрылыс, қала құрылысы және архитектуралық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы.
-
«Тұрғын үй қарым- қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
-
30.03.2004 ж. №28/6–Ш “Астана қаласының аумағында жинауды ұйымдастыру, санитарлық қамсыздандыру және абаттандыру ережелері туралы” Астана қаласы Маслихатының шешімі.
-
“Объектілердің құрылысы үшін рұқсат ету және бастапқы материалдарды (мәліметтерді) беру мен рәсімдеу тәртібін жеңілдету бойынша кейбір шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
Б ҚОСЫМША
(ұсынылатын)
АУМАҚТЫ КӨГАЛДАНДЫРУ
Б.1 кесте - 1 га көгалдандырылған аумаққа ағаштар мен бұталардың максималды саны
Саны дана
|
Объект түрлері
|
А, аштар
|
Бұталар
|
Жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтар
|
Жалпы қалалық және аудандық саябақтар
|
120-170
|
800-1000
|
Скверлер
|
100-130
|
1000-1300
|
Бульварлар
|
200-300
|
1200-1300
|
Құрылыс ауданындағы көгалдандырылған аумақтар
|
Тұрғын құрылыс телімдері
|
100-120
|
400-480
|
Балалар бақшасы мен ясли телімдері
|
160-200
|
640-800
|
Мектеп телімдері
|
140-180
|
560-720
|
Спорт кешендері
|
100-130
|
400-520
|
Ауруханалар мен емдік мекемелер
|
180-250
|
720-1000
|
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың телімдері
|
150-180*
|
600-720
|
Арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар
|
Көшелер, жағалаулар**
|
150-180
|
600-720
|
Санитарлық- қорғаныс аймақтары
|
Аймақты көгалдандыру пайызына байланысты ***
|
* Кәсіпорынның прфиліне байланысты.
** Көшеттердің мүмкіндігі шартымен 1 км-ге.
|
Достарыңызбен бөлісу: |