Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет3/25
Дата15.06.2016
өлшемі2.21 Mb.
#136868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

6 Жауапкершілік
6.1 Жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісі
Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен орындалатын жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісі міндетті:

- 5.4-тармақтың талаптарына сәйкес техникалық тапсырманы беруге;

- жұмыстардың жауапты жетекшісімен жасалынған және тапсырыс берушімен келісілген жұмыстарды ұйымдастыру жобасын бекітуге;

- жұмыстарды орындауға наряд-рұқсатты беруге;

- өндірістік қажеттілік жағдайында, жұмыстарды орындау шарттарын өзгерту (апаттық жағдайлардың алдын алу немесе апаттың салдарын жою және с.с. үшін) кезінде наряд-рұқсатқа жазбаша өзгерістерді енгізуге, бұл кезде жұмыстарды тікелей орындаушылар үшін қауіпсіздіктің қажетті шарттарын қамтамасыз етуге.
6.2 Жұмыстардың жауапты жетекшісі
6.2.1 Жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыстарды бастаудың алдында міндетті:

- тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасын зерттеуге;

- жұмыстар жүргізілетін алаңды қарауды жүргізуге;

- жұмыстарды орындауға байланысты қауіптерді анықтауды және тәуекелдерді бағалауды жүргізуге;

- жұмыстарды ұйымдастыру жоспарын жасауға және оны тапсырыс берушіге келісу үшін беруге;

- жұмыстарды орындауға берілетін наряд-рұқсатты тапсырыс берушіден алуға және зерттеуге;

- барлық қажетті рұқсаттарды алуды қамтамасыз етуге;

- жабдықтарды сөндіру/блоктау процедураларын жасауды және енгізуді және жұмыстардың жүргізілуі туралы хабарлауды қамтамасыз етуге;

- барлық мүдделі тұлғалардың, жұмысшылардың және қызметтердің уақытында хабарлануын қамтамасыз етуге;

- барлық орындалатын жұмыстарға технологиялық регламентті жасауға;

- апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын жасауға;

- апаттық әрекет ету қызметтерімен, соның ішінде объектіліктермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге және сызбасын жасауға;

- жұмыстардың барлық орындаушыларын жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен, технологиялық регламентпен, апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарымен таныстыруға, оларға осы объектіде жұмыстарды орындаудың ерекшеліктерін және өзгешеліктерін түсіндіруге.

6.2.2 Жұмыстардың жауапты жетекшісі күн сайын жұмыстарды бастаудың алдында міндетті:

- алаңдай керек-жарақтардың апаттық қор жинағының бар-жоқтығын тексеруге;

- объектіде байланыс, өрт сөндіру құралдарының, дәрі қобдишасының бар-жоқтығын, олардың комплектілігін және жұмысқа жарамдылығын тексеруге;

- барлық сақтандыру және көтеруші жіптерді бекіту нүктелерін қарауға;

- барлық сақтандыру және көтеруші жіптердің үйкелуден және (немесе) қысылуынан қорғалуын ұйымдастыруға;

- биіктікте пайдаланылатын механизмдердің, блоктардың, шлангтердің, сымдардың және кабельдердің жұмысқа жарамдылығын бекітілуінің беріктігін тексеруге;

- тексеруге және жоқ болған жағдайда тыйым салынған аймақтың қоршауын және (немесе) ескерту плакаттарын орнатуға;

- нақты жағдайлардан шыға келе сигнал берушілердің санын және қауіпсіз орналасуын анықтауға және оларды орындарға қоюға (жұмыс аймағының қоршауы жоқ болған жағдайда);

- наряд-рұқсатқа сәйкес орындаушыларға нұсқау беруді жүргізуге, олардың әрқайсысын бір күнге арналған өндірістік тапсырмамен таныстыруға;

- жұмысқа қатысатын жұмысшылармен бірге жұмыстарды ұйымдастыру жобасына, технологиялық регламентке және апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарына сәйкес қажетті жабдықтарды, керек-жарақтарды және қорғаныс құралдарын таңдауға;

- жоғары жұмыс аймағын биіктіктен құлауы мүмкін бөтен заттардан тазартуды, және алып тастау мүмкін емес заттарды бекітуді қамтамасыз етуге.

6.2.3 Жұмыстардың жауапты жетекшісі орындаушыларды объектідегі жұмысқа жіберердің алдында міндетті:

- жұмыстарды орындаушылардың барлығынан олардың көңіл-күйлері туралы сұрауға және науқастанып қалған кез келген орындаушыны жұмысқа жібермеуге;

- технологиялық регламентпен, наряд-рұқсатпен, апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарымен қарастырылған еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалуын тексеруге;

- жұмыс орынында орындаушыларға нақты өндірістік операцияларды қауіпсіз орындау және биіктікте өзара әрекеттесу бойынша алғашқы нұсқау беруді жүргізуге;

- әрекет ету мерзімі аяқталған куәліктері бар тұлғаларды жұмысқа жібермеуге;

- жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын тексеруге, және жұмысқа жарамсыз немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жабдықтарды пайдаланудан алып тастауға;

- жұмыстарды орындаушылардың жеке керек-жарақтарының жұмысқа жарамдылығын, комплектілігін және техникалық жағдайын тексеруге және сынақтан өтпеген, сынау мерзімі өтіп кеткен және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін ақаулықтары бар керек-жарақтарды пайдаланудан алып тастауға;

- орындалатын жұмыстардың түріне және орындау шарттарына байланысты жеке қорғаныс құралдарының бар-жоқтығын, іске асуын, комплектілігін және жұмысқа жарамдылығын тексеруге;

- жұмысқа жарамсыз немесе сынақтан өтпеген немесе жеке керек-жарақтары немесе жеке қорғаныс құралдары түгел емес жұмысшыларды өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен орындалатын биіктіктегі жұмыстарға жібермеуге;

- жұмысшылардың арасындағы байланыстың түрін анықтауға және тексеруге (дауыспен, белгілермен, рациямен);

- сақтандыру әдістерін, сақтандыру және жұмыс жіптерін бекіту нүктелерін анықтауға;

- бақылаушыларды (12.4.6-ға қарау) тағайындауға (қажет болған жағдайда) және олардың объектіде орналасу орындарын анықтауға;

- альпинистік қызметкерлерге көмек көрсететін альпинистік емес қызметкерлерге нұсқау беруді жүргізуге.

6.2.4 Жұмыстарды орындау кезінде жауапты жетекші объектідегі қауіпсіздік шарттарын және бригаданың қауіпсіздік талаптарын сақтауын мезгіл-мезгіл тексеруге міндетті.

6.2.5 Жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыстар аяқталғаннан кейін наряд-рұқсатпен және технологиялық регламентпен белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
6.3 Жұмыстарды тікелей орындаушылар
6.3.1 Жұмыстарды тікелей орындаушылар биіктікке көтерілердің алдында міндетті:

- жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен, жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентімен және апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарымен қол қою арқылы танысуға;

- жеке керек-жарақтардың жұмысқа жарамдылығын және пайдалану ыңғайлылығын тексеруге;

- жеке қорғаныс құралдарының бар-жоқтығын, комплектілігін және жұмысқа жарамдылығын тексеруге;

- көтеруші арқан жіптердің қысылудан және қажалудан қорғалуын қамтамасыз етуге;

- нұсқау жүргізу кезінде технологиялық регламентпен және апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарымен танысу кезінде пайда болған сұрақтарға жауап алуға.

6.3.2 Жұмыстарды тікелей орындаушылар биіктікке болған кезде міндетті:

- тек наряд-рұқсатта қарастырылған технологиялық операцияларды ғана орындауға;

- сақтандыру және жіпті пайдаланумен жылжу ережелерін сақтау;

- барлық штаттан тыс жағдайлар туралы жұмыстардың жауапты жетекшісіне дереу хабарлауға және оның нұсқауы бойынша әрекет етуге;

- жұмыстың технологиялық регламентпен рұқсат берілмеген және қарастырылмаған әдістерін қолданбауға;

- бекітілмеген құрылымдардың астында жұмыстарға жүргізбеуге;

- жұмыстардың жауапты жетекшімен рұқсат берілген ерекше жағдайларды есептемегенде, жоғары нүктеде орналасқан басқа орындаушының астында жұмыстарды орындамауға;

- кернеу бар сымдарға және жабдықтың тоқ өткізетін немесе жылжымалы бөлшектеріне, ыстық беттерге, ауа алатын немесе ауа бөлетін тесіктерге, су беттеріне және басқа да қауіпті объектілерге технологиялық регламентте белгіленген қауіпті ара қашықтыққа жақындамауға;

- технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің талаптарын орындауға;

- арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және орындалатын жұмыстардың нақты түрі үшін қарастырылған қорғаныс құралдарын пайдалануға. Биіктікте жұмыстарды жүргізу кезінде қорғаныс каскаларын және қолғаптарды пайдалану міндетті болып табылады.


6.4 Бригадир
Өнеркәсіптік альпинистер бригадасының бригадирі міндетті:

- апаттық жағдайларды және оқыс оқиғаларды есепке алуға және талдау жүргізуге;

- апаттық жағдайларды және оқыс оқиғаларды талдауды есепке ала отырып орындалатын жұмыстардың типтік технологиялық регламенттерін түзетуді жүзеге асыруға.
6.5 Жабдықтар үшін жауапты
Өнеркәсіптік альпинистер бригадасының жабдықтар үшін жауапты тұлғасы міндетті:

- бригадамен пайдаланылатын барлық жабдықтардың жүйелік және толық есепке алынуы жүргізуге;

- әрбір пайдаланғаннан кейін жабдықты тексеруді жүзеге асыруға;

- жабдық тозғанда, зақымданғанда немесе өндірушімен ұсынылған қызмет мерзімінен асып кеткенде оны уақытында пайдаланудан шығаруды, кәдеге жарату және ауыстыруды қамтамасыз етуге.


6.6 Қауіпсіздік үшін жауапты
Өнеркәсіптік альпинистер бригадасының қауіпсіздік үшін жауапты тұлғасы міндетті:

- бригада мүшелерінің уақытында және толық оқытылуына, біліктілікті жоғарылатуына, біліктілікті растауына бақылауды жүзеге асыруға;

- нормативтік актілердің талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға.
6.7 Бригаданың мүшелері
6.7.1 Өнеркәсіптік альпинистер бригадасының мүшелері келесілерді сақтауға міндетті:

- осы Ережелердің талаптарын;

- жұмыстар орындалып жатқан объектіде, аумақта орнатылған қауіпсіздік талаптарын;

- орындалатын жұмыстардың сәйкес келетін түріне (дәнекерлеу, сылақтау, әйнектеу, жинақтау, оқшаулау және т.б.) арналған техника қауіпсіздігінің талаптарын;

- сәйкес келетін жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің талаптарын.

6.7.2 Бригаданың әрбір мүшесі ол қауіпсіз емес деп есептейтін жұмысқа қатысуға бас тартуға құқылы, және ол өзінің осындай шешімі туралы жұмыстарды бастағанға дейін мәлімдеуі керек.



7 Өнеркәсіптік альпинистерге қойылатын талаптар
7.1 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындауға 18 жасқа толған, кәсіби оқудан өткен, «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасын» алған және биіктікте жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға жыл сайынғы емтиханнан өткен тұлғаларға рұқсат беріледі.

7.2 Кәсіби оқыту бағдарламасына, біліктілікке, сондай-ақ «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасына» қойылатын талаптар Б, В және Г-қосымшаларында көрсетілген.

7.3 Өнеркәсіптік альпинистер бригадасының әрбір мүшесі жұмыстарды орындау кезінде өздерімен бірге «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасын» алып жүруге міндетті.

«Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасындағы» жазбалар өнеркәсіптік альпинистің біліктілігін және мамандығы бойынша жұмыс стажын растау үшін қызмет етеді.

7.4 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды дербес орындауға 2-ші разряды және (немесе) 3-ші разряды бар өнеркәсіптік альпинисттерге рұқсат беріледі.

1-ші разряды бар өнеркәсіптік альпинистер жұмыстардың жауапты жетекшісімен тағайындалатын 2-ші немесе 3-ші разряды бар өнеркәсіптік альпинистің тікелей қадағалауымен ғана жұмыс істеуі керек.

1-ші және 2-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинистері басқа өнеркәсіптік альпинистерге басшылық жасауға құқылы емес.

3-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті жұмыстардың жауапты жетекшісі (өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды жүргізу кезінде) және жаттықтырушы (өнеркәсіптік альпинисті оқыту кезінде) ретінде әрекет ете алатын жалғыз адам болып табылады.

7.5 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды бірінші рет дербес орындауға рұқсат берілген (2-ші разряд берілгеннен кейін) немесе ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен асатын үзілістен кейін өнеркәсіптік альпинистер кем дегенде 5 жұмыс ауысымында, жұмыстардың жауапты жетекшісінің тікелей басшылығымен сынақтан өтуге міндетті.

Стажировка мерзімі және өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды өздігінен орындауға рұқсат «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасына» жұмыстардың жауапты жетекшісімен жазылады.

7.6 Биіктіктегі жұмыстарды орындайтын өнеркәсіптік альпинистер:

- биіктіктегі жұмыстарды орындаудың ерекшеліктерін және өзгешеліктерін білуi;

- альпинистік керек-жарақтарды пайдалана алуы білуi;

- сақтандыру, өзін өзі сақтандыру әдістерін және апаттық және штаттан тыс жағдайларда көмек көрсетуді білуi;

- қауіптілігі жоғары жабдықтармен (электр, дәнекерлеу, газдық, жүк көтеру және т.б.) жұмыс iстеу дағдыларды және сәйкес келетін рұқсат берілуі;

- күрделі жабдықтарды (бақылау-өлшеу аспаптары, электронды-сандық кешендер, радио алыстықты өлшегіштер және т.б.) пайдалану ережелерiн білуi, пайдалана алуы білуi;

- су бетінің үстінде жұмыстарды орындау кезiнде - суда құтқару құралдарды пайдаланау дағдыларды берілуі, пайдалана алуы білуi;

- Д-қосымшасында көрсетілген психофизикалық және медициналық жарамдылықтың шарттарына жауап беруі керек.

7.7 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындаушыларды таңдау кәсіби дайындықты және жұмысқа дайындықты есепке алу арқылы жүргізілуі керек.

Өнеркәсіптік альпинистер бригадасына нақты жұмысты орындау үшін тәжірибе жеткіліксіз болған кезде негізгі бригаданың машықтарын толықтыру үшін шеттен қызметкерлерді шақыруға рұқсат беріледі.

7.8 Бригаданың әрбір мүшесі өзінің жеке қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ өзінің жұмыстағы жолдастарының қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті көтеруі керек. Бригаданың әрбір мүшесіне бригадамен орындалатын кез келген әрекетпен байланысты қауіпті жеке бағалау үшін және оның біліктілік және машық деңгейінен асатын кез келген әрекеттен сақтану үшін жауапкершілік жүктеледі.

7.9 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілетін өнеркәсіптік альпинистер алдын ала медициналық тексеруден өтуі керек. Мерзімді медициналық тексеру жыл сайын өткізілуі керек. Жоспарланбаған медициналық тексеру әрбір құлау немесе жұлыну, қатты жарақаттану немесе ауыру оқиғасынан кейін жүргізілуі керек.

Медициналық тексеруден кейін Д-қосымшасында көрсетілген шарттарға жауап бермейтін тұлғаларға биіктіктегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілмейді.

7.10 Жұмысшылардың физикалық жарамдылығы жұмысқа жіберердің алдында жұмыстардың жауапты жетекшісімен бағалануы керек.

Дәрілік препараттардың әсеріндегі, алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық мастық жағдайындағы, функционалдық міндеттерді орындау қабілетіне әсер етуі мүмкін жақында алған жарақаты бар тұлғалар биіктіктегі жұмыстарды орындауға жіберілмейді.

7.11 Жұмысшылар өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарға орындауға байланысты олардың өздерінің міндеттерін орындау кезінде олардың қырағылығына немесе қозғалу машықтарына әсер етуі мүмкін ешқандай дәрілік препараттарды қабылдамауы керек.

7.12 Қосымша жастық, медициналық шектеулердің немесе өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен орындалатын жұмыстардың нақты түрлерімен (құрылыстық-жинақтау, дәнекерлеу, оттық, сырлау және т.б.) байланысты біліктілік талаптарының бар болуы кезінде өнеркәсіптік альпинистер осы тарауда көрсетілген талаптарымен қатар осындай қосымша шектеулерге және талаптарға сәйкес келулері керек.

7.13 Қолдарында осы Ережелерде көрсетілген талаптарға сәйкес берілген «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасы» жоқ, өнеркәсіптік альпинизммен кәсіби түрде айналысатын тұлғаларға өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындауға тек келесі талаптарды орындаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін:

- осындай тұлғада IRATA ережелеріне сәйкес IRATA-мен берілген өнеркәсіптік альпинистің жарамды сертификатының, немесе азаматтық елінде немесе өзге де өнеркәсіптік альпинизмнің халықаралық мойындалған кәсіби қауымдастығымен берілген сертификаттың (кітапшаның, дипломның және т.б.) бар болуы. Бұл кезде біліктілік разрядтарына келесі сәйкестік орнатылады: IRATA Level 1 – 1-ші біліктілік разряды, IRATA Level 2 – 2-ші біліктілік разряды, IRATA Level 3 – 3-ші біліктілік разряды. Азаматтық елінде немесе өзге де өнеркәсіптік альпинизмнің халықаралық мойындалған кәсіби қауымдастығымен берілген өнеркәсіптік альпинистің өзге сертификаттары (кітапшасы, дипломы және т.б.) үшін біліктілік разрядтарына сәйкестік осындай тұлғаның оқудан өтуі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер бар жеке жазбаларын талдау арқылы анықталуы керек. Осы тармаққа сәйкес біліктілік разрядына сәйкестікті анықтау мүмкін болмаған жағдайда осындай тұлға 1-ші біліктілік разрядына ие деп есептеу керек;

- осындай тұлғада оқудан өтуі, жұмыс тәжірибесі және медициналық жарамдылығы туралы мәліметтер бар жеке жазбаларының бар болуы;

- осындай тұлға жұмыстардың жауапты жетекшісі ретінде тағайындала, сондай-ақ төменгі біліктілік разрядтары бар өнеркәсіптік альпинисттерге немесе альпинистік емес қызметкерлерге қадағалауды жүзеге асыра алмайды;

- осындай тұлға өнеркәсіптік альпинистер бригадасы пайдаланатын тілді жұмыстарды орындаумен (соның ішінде технологиялық операцияларды орындау кезінде) және апаттық жағдайлардағы әрекеттермен байланысты бұйрықтарды түсініп және бере алатындай жеткілікті деңгейде меңгеруі керек;

- осындай тұлға өзінің ана тілінде жазылмаған (орындалмаған) басқару органдары мен индикаторлар бар технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде қиыншылықтарға ұшырамауы керек. Балама ретінде, осындай қиыншылықтарды болдырмауға шаралар қабылдануы керек (мысалы, ана тілінде уақытша стикерлерді жапсыру).

Біліктілік (оқудан өту, жұмыс тәжірибесі) және медициналық жарамдылығы туралы мәліметтер бар барлық құжаттардың куәландырылған қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы болуы керек.



8 Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау беру
8.1 Өнеркәсіптік альпинисттерге техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқау беру Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 205-ө бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек.

8.2 Әрбір объектіде жұмыстарды бастағанға дейін өнеркәсіптік альпинистер бригадасына алғашқы нұсқау беру жұмыс орындалатын объектінің еңбекті қорғау қызметімен бірлесіп жүргізіледі.

8.3 Альпинистік қызметкерлер техникалық емес жұмыста өнеркәсіптік альпинистер бригадасына көмек көрсететін оқытылмаған қызметкерлер өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздіктің ерекше талаптары бойынша толық нұсқау беруден өтуін қамтамасыз етуге тиісті.

9 Өнеркәсіптік альпинизм үшін арналған жабдық
9.1 Жалпы ережелер
9.1.1 Осы тарауда биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін альпинистік және басқа да керек-жарақтардың және жеке қорғаныс құралдарының құрылымына, жүктемелеріне, сапасына, таңдауға, қауіпсіз пайдалануына, тексеруіне, сынауына, ақауын анықтауға, ауыстыруға, техникалық қызмет көрсетуіне, күтім көрсетуіне, сақтауға қойылатын талаптар белгіленеді.

Биік ғимараттарды және құрылыстарды салу, қалпына келтіру және кеңейту (жинақтау, дәнекерлеу, газдық, сырлау, бақылау-өлшеу және тағы басқа) кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдыққа, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік жабдықтарына қойылатын сәйкес келетін талаптар – қолданыстағы нормативтік актілерге және стандарттарға сәйкес.

9.1.2 Өнеркәсіптік альпинистің жеке керек-жарақтарына бір адаммен пайдаланылатын және өнеркәсіптік альпинисті желілік немесе нүктелік тіректерге бекіту, желілік тіректермен еркін жылжу (түсуді және көтерілуді, маятниктік жылжуларды және көлденең және еңістік троллейлермен жылжуларды жүзеге асыру) және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін арнайы керек-жарақтар жатады. Керек-жарақтардың осы тобына аспалы жүйелер (байламдар, жұмыс отырғыштары), түсіру құрылғылары, көтерілу үшін арналған әртүрлі құрылғылар (қысқыштар, үзеңгілер, тепкілер), сақтандыру мұрттары, альпинистік карабиндер, жеке қорғаныс құралдары жатады.

Топтық керек-жарақтар – бұл биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде бригаданың барлық мүшелері пайдаланатын керек-жарақтар: желілік тіректер (синтетикалық арқан немесе болаттан жасалынған арқан), тіректің жасанды нүктелерін жасау үшін қажетті (тастық және шлямбурлық ілгектер, анкерлік болттар, қалаулар) және нүктелік және желілік тіректерді жалғастыруға арналған (әртүрлі құрылымның альпинистік карабиндері) керек-жарақтар, сақтандыру кезінде, әртүрлі жүктерді көтеру және түсіру үшін пайдаланылатын көмекші керек-жарақтар (блоктар, қысқыштар, түсіру құрылғылары).

9.1.3 Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын механизмдер, аспаптар, тетіктер, жарақтар және альпинистік керек-жарақтар механизмдердің, аспаптардың, тетіктердің, жарақтардың және альпинистік керек-жарақтардың осы түрлеріне және олардың көмегімен орындалатын жұмыстардың түрлеріне қойылатын техника қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келуі керек.

9.1.4 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде құлаудан қорғау құралдарына келесілер жатады:

- негізгі және көмекші жіптер және арқандар;

- өнеркәсіптік альпинистің жеке керек-жарақтары.

Құлаудан қорғаудың барлық құралдарында олардың беріктік қасиеттерін және қолдану шарттарын растайтын құжаттар болуы керек (сапа сертификаты, техникалық паспорттар, сынақ актілері және с.с.)

9.1.5 Өнеркәсіптік керек-жарақ ұйыммен берілуі немесе өнеркәсіптік альпинистің мүлігі болуы мүмкін. Соңғы жағдайда жеке керек-жарақтар және олардың беріктік қасиеттерін және қолдану шарттарын растайтын құжаттар ұйым бойынша бұйрықпен бекітілген, техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауапты тұлғаға көрсетілуі керек және олар сол тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана пайдаланылуы мүмкін.

9.1.6 Орындаушыға ұйыммен берілетін керек-жарақтарда оларды пайдаланумен жұмыстарды қауіпсіз орындау тәртібін сипаттайтын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары болуы керек. Орындаушылар керек-жарақты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен қол қою арқылы танысуы керек.

9.1.7 Жеке керек-жарақ нақты адамның жеке ерекшеліктеріне және әдеттеріне барынша ыңғайластырылуы керек.

9.1.8 Жұмыс істеу үшін жабдықты таңдау кезінде жүйенің барлық құрамдас бөліктері үйлесімді екеніне және құрамдас бөліктердің кез келгенінің қауіпсіз жұмыс істеуі басқа құрамдас бөліктің қауіпсіз жұмыс істеуіне теріс әсер етпейтініне және кедергі келтірмейтініне көз жеткізу керек.

9.1.9 Жұмысшыны биіктікте ұстау үшін таңдалынған кез келген жабдық оны кездейсоқ алып тастау немесе орынынан жылжыту мүмкін емес немесе ол оған адам ілініп тұрған кезде босап кетпейтіндей болуы керек.

9.1.10 Өнеркәсіптік альпинизм үшін пайдаланылатын ешқандай жабдық өндірушінің немесе жеткізушінің алдын ала мақұлдауынсыз өзгертілмеуі керек.

9.1.11 Жұмысшылар сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтауы керек: шынтақтар мен тізелерді жабатын киімдерді киюі, ұзын шаштарды олар керек-жарақтың жылжымалы бөлшектеріне (түсіру құрылғылары, қысқыштар) түспейтіндей жабу керек, ауа-райы жағдайларына байланысты киінуі керек.


9.2 Жеке қорғаныс құралдары
9.2.1 Өнеркәсіптік альпинистер биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде орындалатын жұмыстардың нақты түрі үшін қарастырылған арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және қорғаныс құралдарын пайдалануға міндетті.

Биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде орындалатын жұмыстарға қарамастан қорғаныс каскаларын және жұмыс қолғаптарын пайдалану міндетті болып табылады.

9.2.2 Қорғаныс каскалары биіктік жұмыстары орындалып жатқан объектінің басшылығымен талап етілген барлық жерде және барлық уақытта киіліп дәл осылай жүруі керек.

9.2.3 Келесі жеке қорғаныс құралдары да міндетті болып табылады:

- қорғаныс қолғаптары ауа-райы суық болғанда немесе пайдаланылатын жабдық немесе материалдар теріні зақымдауы немесе оған теріс әсер көрсететін кезде қорғау үшін;

- көру мүшелерінің қорғаныс құралдары, қоқыс тазартылған кезде немесе материал ұнтақталған кезде немесе бұрғылау, құмағындық тазалау бойынша операциялар жүргізілгенде немесе соғу әрекеттері жүзеге асырылған кезде. Көру мүшелерін қорғау сондай-ақ химиялық заттарды шашқан немесе көру мүшелерінің тітіркенуіне немесе зақымдануына алып келуі мүмкін материалдармен сырлау жұмыстары жүзеге асырылған кезде қажет болады;

- тыныс алу мүшелерінің қорғаныс құралдары, зиянды химиялық заттармен тыныс алу тәуекелі бар кезде, әсіресе жұмысшы химиялық заттарды жуу үшін таза су көзіне жылдам жете алмайтын жағдайларда. Тыныс алу мүшелерінің қорғаныс құралдары қатты жел соғып тұрған кездегі жұмыстар үшін және шектелген кеңістікке немесе қол жетімдік шектелген немесе қиындатылған кеңістікке кіруді жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады;

- есту мүшелерінің қорғаныс құралдары, жақын жердегі шудың деңгейі жұмысшының есту қабілетін жоғалту тәуекелі бар кезде;

- жүзуді қамтамасыз ету құралдары немесе құтқару жилеттері, жұмыс судың үстінде жүргізіліп жатқан кезде. Жүзуді қамтамасыз ету құралдары және құтқару жилеттері жұмысшының құлауы (жұлынуы) жағдайында кездейсоқ үзіліп кетпейтіндей әдіске және бекіту құралдарына ие болулары керек. Одан басқа, олар адамға кедергі келтірмеуі және жіппен көтерілу немесе түсу құрылғысын тиімді пайдалануға кедергі келтірмеуі керек;

- күнге күюден қорғаныс құралдары, мысалы күннен қорғайтын крем;

- күн ашық болған ауа райында жұмыс істеу кезінде күннен қорғайтын көзілдірік немесе көру мүшелерінің қорғаныс құралдарындағы арнайы сүзгілер, әсіресе ашық кеңістікте және қыста жұмыс істеген кезде.

9.2.4 Егер жеке қорғаныс құралы (мысалы, каска) пайдаланушыға шақталуы керек болса, ол кию үшін қолайлы және дұрыс шақтау кезінде пайдаланушыға жақсы сәйкес келуі керек. Қолайлылық және шақтау жұмыстарды бастаудың алдында қауіпсіз орында тексерілуі керек.

9.2.5 Қорғаныс каскасы өнеркәсіптік альпинистің басын тек жоғарыдан құлайтын заттардан ғана емес, сонымен қатар құлау жағдайындағы соққыдан да қорғауы керек.

МЕМСТ 12.4.087 талаптарын қанағаттандыратын құрылыс каскаларын, МЕМСТ 12.4.091 сәйкес сынақтан өткен спорттық альпинистік және спелеологиялық каскаларды, және осылардан кем емес қорғаныс деңгейін қамтамасыз ететін және осы Ережелерде көрсетілген басқа да талаптарды қанағаттандыратын каскаларды пайдалануға рұқсат беріледі.

Пенополистиролдан жасалынған корпусы бар каскаларды биіктіктегі жұмыстарды жүргізу кезінде пайдалануға тыйым салынады.

9.2.6 Каскаларға қойылатын қосымша талаптар жұмыстарды орындау шарттарының талаптарына байланысты орнатылуы мүмкін және орындалуы керек (мысалы, электр оқшаулауға қойылатын талаптар).

Қажеттілікке байланысты, қорғаныс каскалары тыныс алу, есту немесе көру мүшелерінің қорғаныс құралдары секілді басқа пайдаланылатын жеке қорғаныс құралдарымен үйлесімді болуы керек.

9.2.7 Қорғаныс каскасы жұмыстарды жүргізу кезінде касканың өздігінен жылжу мүмкіндігін болғызбайтын, оны баста бекітудің біріктірілген жүйесін пайдаланумен реттелуі керек.

Қорғаныс каскасын баста бекіту жүйесі өнеркәсіптік альпинистің салмағынан асатын үзілу мықтылығына ие болатын иек астындағы белбеулерден тұруы керек. Y-тәрізді иек астындағы белбеулерді пайдалану ұсынылады, олардың жоғарғы «Ү» нүктелері касканың корпусына бекітіледі.

Иек астындағы белбеулер жұмысшылар тыйым салынған немесе жұмыс аймағында болған кезде немесе альпинистік жүйенің бөлігі болып табылғанда (мысалы, сақтандыруды жүзеге асырса) салынған және байланған болуы керек.

9.2.8 Өнеркәсіптік альпинистпен пайдаланылатын қорғаныс киімі мен аяқ киімі қолайсыз ауа-райыдан және жұмыстарды жүргізу объекті ортасының және жұмыс барысында пайдаланылатын материалдардың теріс әсерінен қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір нақты жағдайда қорғаныстың қажетті деңгейі жұмыс жағдайларына байланысты анықталады.

9.2.9 Қорғаныс киімінде кез келген жылжымалы жабдықпен ұсталуы мүмкін бос етектер немесе бөлшектер болмауы керек.

Қорғаныс киімінің қалталары сыдырмамен немесе түймелерден өзгеше «жабу үшін түрт» қағидасы бойынша әрекет ететін фурнитурамен жабдықталуы керек.

Қорғаныс киімі жылжу және ауа кіру мүмкіндігін бере отырып барабар қорғанысты қамтамасыз етуі керек.

9.2.10 Қорғаныс аяқ киімі жақсы шақталған, жақсы ілінісуді қамтамасыз етуі және қорғаныстың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуі керек.

Ұлтаны жұмсақ және сәйкес келетін күлшіні бар берік жұмыс бәтеңкелерді пайдалану ұсынылады. Қажет болған жағдайда, бәтеңкелер металдан жасалынған тұмсықтармен жабдықталуы керек. Құрылыстарда өрмелеу кезінде аяқтар үшін тіректі жақсарту үшін жабысқақ резеңкелі ұлтандар ұсынылады.

9.2.11 Жұмыс және қорғаныс қолғаптары барабар қорғанысты қамтамасыз етуі, жақсы қонуы керек және жұмысшының қауіпсіздік құралдарын және жабдықтарын пайдалану қабілетіне кедергі келтірмеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет