Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер



бет7/25
Дата15.06.2016
өлшемі2.21 Mb.
#136868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)


Қауіп

Қауіптің сипаттамасы

Алдын алу шаралары

Жел

- Салқындаудың немесе гипотермияның ықтимал жоғары қауіпі, төмен ылғалдылық кезінде сусызданудың жоғары қауіпі

- Жұмыстың тиімділігінің төмендеуі

- Бригада мүшелерінің арасындағы байланысқа кедергілер

- Бекітілмеген жабдықтар немесе материалдар желмен жұмыс аймағына айдалу қауіпі

- Байланыстың қиыншылықтары


- Егер жағдайлар қауіпті болса, жұмыстарды тоқтату керек.

- Қолғаптарды және бас киімдерді қоса сәйкес келетін аяқ киімді және киімді кию керек.

- Бекітілмеген материалдарды жұмыс алаңына бекіту керек.

- Жел жіптерді айдауы, соған байланысты олар оларды алу қиын жерлерге кетуі мүмкін екеніне естен шығармау керек.



Найзағай

- Найзағайдың соғуына байланысты электро тоғының ұруы, естен тану немесе қаза табу орын алуы мүмкін

- Альпинистік жабдық жұмысшыға тоқ өткізгіш ретінде қызмет етуі, сол арқылы электр тоғының ұруына алып келуі мүмкін



- Найзағай қауіпі бар болған жағдайда жұмыстарды тоқтату керек.

Нашар жарықтандырылған алаң немесе түнде жұмыс істеу

- Өткір немесе шығып тұрған объектілер (метал құрылымдар, шегелер, болттар, және тағы басқалар) орынын ауыстырып жатқан жұмысшылар үшін көзге көрінбейтін болуы мүмкін

- Жұмысшылардың ұйқысының келуі



- Сәйкес келетін жарықтандыруды қамтамасыз ету керек: алаңды жарықтандыру және/немесе басқа тағылатын шамдар және қол шамдар.

- Қосалқы аккумуляторларды, жарық көздерін және шамдарды қарастыру керек.



Шаң

- Тыныс алудың қиындауы, ықтимал аллергиялық реакция

- Шаңданған ортада ұзақ уақыт болудың ықтимал қауіпі



- Бақылаудың/ күресудің сәйкес келетін инженерлік құралдарымен қамтамасыз ету керек.

- Бақылаудың/ күресудің сәйкес келетін инженерлік құралдары мүмкін емес немесе ыңғайсыз болғанда сәйкес келетін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек.




11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)


Қауіп

Қауіптің сипаттамасы

Алдын алу шаралары

Химиялық заттардың болуы

- Тыныс алудың қиындауы, бас айналу, естен тану

- Терінің, көздердің, ішкі органдардың химиялық күюлері



- Жұмысшыларда жұмыс алаңында жұмыс кезінде пайдаланылатын барлық химиялық заттар үшін материалдардың қауіпсіздігі туралы ақпараттық беттер бар болуы керек.

- Сәйкес келетін жеке қорғаныс құралдары және бақылаудың/ күресудің инженерлік құралдары болуы керек.



Шектелген кеңістікке кіру

- Жұмыс аймақтарында уытты газдар немесе жұмыс істеу үшін оттегінің жеткіліксіз мөлшері болуы мүмкін

- Кеңістік қол жетімдікті күрделендіретін, шектелген кіретін/шығатын жерге ие болуы мүмкін



- Шектелген кеңістіктер үшін жасалынған процедураларды сақтау керек.

- Улану кезінде шектелген кеңістікке кіргенге дейін құтқару жоспарын жасау және жүзеге асыру керек.



Шудың жоғары деңгейі бар аймақтар

- Есту қабілетінің тұрақты немесе уақытша зақымдануы

- Коммуникацияның қиыншылықтары

- Шудың жоғары деңгейлері қауіптің ескерту сигналдарын және басқа да сигналдарды естіртпеуі мүмкін


- Есту мүшелерін қорғау қажет болады, ерекше қатты шу (120 dBA) бар жерлерде қорғаныстың бірнеше түрлері қажет болуы мүмкін.

- Қолмен берілетін сигналдарды жұмыстарды бастағанға дейін келісу керек.

- Жұмысшылар рация үшін дыбысты оқшаулайтын қорғаныспен қарулануы мүмкін.


Жәндіктердің шағуы немесе жануарлардың тістеуі

- Шағудың немесе удың күшіне байланысты жұмысшының еңбек қабілетін жоғалтуы немесе жарақат алуы мүмкін

- Өрмекшілер, жыландар, сарышаяндар немесе басқа да жәндіктер өмір сүруі мүмкін жерлерге абайлап кіру керек.

- Қолғаптарды тұрақты түрде пайдалану, алғашқы медициналық көмек жиынтығына күтілетін шағуларға сәйкес келетін препараттарды қосу керек.




11.1-кесте – Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындаумен байланысты қауіптер (жалғасы)


Қауіп

Қауіптің сипаттамасы

Алдын алу шаралары

Көліктердің жылжуы

- Соққыдан немесе басудан жарақат алу мүмкін

- Жұмыс аймағын және тыйым салынған аймақты мұқият қоршау керек.

- Қажеттілікке байланысты жалауларды, көрсеткіштерді, реттеушілерді, жарықтандыру аспаптарын пайдалану керек.

- Жұмысшыларды көзге жақсы көрінетін киімдермен қамтамасыз ету керек.


Жануарлардың (құстардың, жарқанаттардың және т.б.) нәжістері

- Жануарлардың нәжістері арқылы тасымалданатын зиянды ағзаларды – ауру көздерімен тыныс алу мүмкін

- Жұмысшыларға қорғаныс қолғаптары немесе респираторлар керек болуы мүмкін.

Жануарлардың ұялары

- Құстар, жарқанаттар, бауырымен жорғалаушылар және кеміргіштер өздерінің ұяларын қорғау үшін жұмысшыларға шабуыл жасауы, олардың назарын аударуы және олардың жұмыстарды тиімді және қауіпсіз орындауына кедергі жасауы мүмкін

- Шошытудың рұқсат берілген құралдарын пайдалану керек.

Вандализм

- Анкерлеу жүйесін немесе жіптерді қаскүнемдікпен зақымдау

- Жұмыс аймағын қоршауды қамтамасыз ету керек.

- Күзетшілерді қою керек.


11.5 Жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының, жұмыстарды орындау орынын қараудың, қауіптерді анықтаудың және тәуекелдерді бағалаудың және жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісімен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жобасының негізінде жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентін жасауы керек.

Жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті нақты жағдайлар үшін жұмыстарды орындау процедурасын бекітуі керек, оны бригаданың мүшелері және жұмыстарды орындау үшін тартылған альпинистік емес қызметкерлер басшылыққа алуы керек.

Технологиялық регламент жұмыстарды орындау орындарына қол жетімдікті және жұмыстарды орындау орындарынан эвакуациялауды қамтамасыз етумен байланысты процедураларды және технологиялық жабдықты (дәнекерлеу, газдық, сырлау және тағы басқа) пайдалану процедураларын белгілеуі керек.

Технологиялық регламент мүмкіндігінше жұмыстарды орындау жағдайларының өзгеруі кезінде жұмыстарды қауіпсіз орындаудың баламалы процедураларын қарастыруы керек.

11.6 Жұмыстарды орындау едәуір қауіппен байланысты болған кезде технологиялық регламент әбден талданып жасалынуы керек:

- жеткіліксіз табиғи жарықтандыру жағдайларында жұмыс істеу;

- альпинистік жабдықты зақымдауы мүмкін жабдықпен жұмыс істеу;

- судың үстінде жұмыс істеу;

- шектелген кеңістікте және (немесе) қол жетімдік шектелген/қиындатылған кеңістікте жұмыс істеу.

Шектелген кеңістікте және/немесе қол жетімдік шектелген/қиындатылған кеңістікте қол жеткізу, жұмыс істеу және эвакуация процедураларын жасау үшін арналған ұсыныстар осы Ережелердің Е-қосымшасында көрсетілген.

11.7 Қауіптерді анықтаудың және тәуекелдерді бағалаудың, жұмыстарды ұйымдастыру жобасының, жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентінің, жұмыстарды орындау орынын қараудың негізінде жұмыстардың жауапты жетекшісі апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын жасауы керек.

Апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарын келесілерді анықтауы керек:

- құтқару жұмыстарының жетекшісін және егер құтқару жұмыстарының жетекшісі қиын жағдайға ұшырайтын жағдайлар үшін құтқару жұмыстарының жетекшісінің орынбасарын;

- ілінген қалыпта тұрған жұмысшылардың өз бетімен шұғыл эвакуациялану әдістерін және жолдарын;

- жердегі қызметкерлердің өз бетімен шұғыл эвакуациялану әдістерін және жолдарын;

- ілінген қалыпта тұрған және жұмысшыларға ілінген қалыптан өздігінен шығуға мүмкіндік бермейтін жарақаттар алған жұмысшылардың эвакуациялану әдістерін және жолдарын;

- ілінген қалыпта тұрған және естен танып қалған жұмысшылардың эвакуациялану әдістерін және жолдарын;

- биіктіктен жабдықтарды және материалдарды шұғыл алу немесе оларды қауіпсіз қалыпқа ауыстырудың әдістерін және жолдарын;

- эвакуацияланған қызметкерлерді және биіктіктен түсірілген жабдықтар мен материалдарды орналастыру үшін арналған қауіпсіз аймақтарды;

- объектіде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету үшін арналған орынды, әдістерді және құралдарды;

- жедел медициналық көмектің бар-жоқтығын, мүмкіндіктерін және әрекет ету уақытын;

- кәсіби медициналық көмек көрсету үшін зардап шеккен адамдарды жеткізу орындарын;

- бригада мүшелерінің, объектінің басшылығының және жедел әрекет ету қызметтерінің арасындағы байланыс жүйесін;

- объектінің және сыртқы апаттық-құтқару қызметтерімен және жедел әрекет ету қызметтерінің өзара әрекет ету процедураларын;

- құтқару операцияларын жүргізу үшін күштерді және қаражаттарды есептеу;

- құтқару операцияларын жүргізу үшін қажетті арнайы жабдықтарды және анкерлерді;

- апаттық жағдайларды және олардың салдарын оқшаулау және жою үшін арналған басқа да іс-шараларды.

Апаттық жағдайларда әрекет ету жоспары барлық ықтимал апаттық жағдайларды қарастыруы керек.

Алаңдағы апаттық жағдай кез келген уақытта пайда болуы мүмкін жұмыстарды орындау (ядролық қондырғылар, континенттік қайраңның қондырғылары, мұнай өңдеу зауыттары және тағы басқа) жағдайларында, апаттық жағдайларда әрекет ету жөніндегі анық нұсқаулар жұмысшылар жіптерде болған кезде апаттық жағдайлардың пайда болуы жағдайына жұмыстарға тапсырыс берушінің техникалық жетекшісімен берілуі керек.

11.8 Қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау нәтижелері, жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті, сондай-ақ апаттық жағдайларда әрекет ету жоспары бригаданың барлық мүшелерімен және объектінің апаттық-құтқару қызметтерімен талқылануы керек.

Осы ақпараттарға қатысып отырғандардың күдіктері, келіспеушіліктері немесе түсінбеушіліктері пайда болған кезде көрсетілген құжаттарды қайталап талқылау және, қажет болған жағдайда оларды түзету керек.

Бригаданың барлық мүшелері, сондай-ақ объектінің апаттық-құтқару қызметтері жұмыстарды орындаумен байланысты тәуекелдерді және апаттық жағдайларда әрекет ету процедураларын анық түсінуі керек.

11.9 Жұмыс аймақтары мен тыйым салынған аймақтар қоршалуы керек. Қоршау үшін тіреулердің арасында тартылған (орнатылған), 3,5 м аспайтын ара қашықтықта, жердің, беттің, аражабынның немесе төсемнің деңгейінен 1,0 – 1,2 м биіктікте орнатылған жіп, сым, металдан жасалынған бұрыштықтар, арматура шыбықтар, таспалар түріндегі қоршаулар пайдаланылуы керек, оларға әрбір 1,5 – 2,0 м сайын қызыл матадан жасалынған жалаушалар ілінуі керек; немесе бөгеттер немесе құрал-жабдық қалқандары пайдаланылуы керек.

Қоршау радиусы биіктіктегі жұмыстар жүргізіліп, жүктер мен материалдар тасымалданып жатқан барынша жоғары биіктікке байланысты алынуы керек. Қоршау радиусы барынша жоғары биіктікке тең болып алынуы керек, ал бұл мүмкін емес болғанда келесілерді құрауы керек:

- 50 м дейін – 10 м кем емес;

- 100 м дейін – 15 м кем емес;

- 150 м дейін – 20 м кем емес;

- 200 м дейін – 25 м кем емес;

- 200 м асқанда – 30 м кем емес.

Қоршау радиусын орнату кезінде жүктердің (материалдардың) желдің әсерінің нәтижесінде немесе ғимараттың (құрылыстың) бетіне немесе жерге соғылудың нәтижесінде тік құлаудан ауытқу мүмкіндігін есепке алу керек.

Жұмыс немесе тыйым салынған аймаққа шығатын кіре берістер, өтетін жерлер немесе есіктер бекітілуі немесе тосқауылмен жабылуы керек.

Осымен бірге қоршаудың/тосқауылдың жанында (қоршауда/тосқауылда, есікте) СТ ҚР МЕМСТ Р 12.4.026 бойынша Г03 тыйым салу белгілері және Д06 ескерту белгілері орнатылады (ілінеді).

11.10 Қысқа уақыт жүргізілетін жұмыстарды орындау кезінде 11.9-ның талаптарына жауап беретін қоршаулардың орынына, жұмыс және тыйым салынған аймақтарда қауіп туралы ескерту үшін сигнал берушілерді (бақылаушыларды) қоюға болады.

11.11 Жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмыс және тыйым салынған аймақтың қоршауының түрін, оны орнатуды, жұмыстарды бастаудың алдында бар-жоқтығын және жағдайын таңдауы керек.

11.12 Жұмыстардың жауапты жетекшісі сақтандыру сызбаларын және сақтандыру жіптерінің бекіту нүктелерін, жіптерді қысылудан, майысқан жерлерде зақымданудан немесе өткір жиектерге қажалудан қорғаудың әдістерін анықтауы керек.

Сақтандыру жіптерін бекіту нүктелері бір жұмысшыға 10 кН кем емес жүктемеге шыдауы керек.

11.13 Сызбаны таңдау объектінің ерекшеліктеріне, орындалатын жұмыстардың сипаттамасына және жұмысшылардың жұлыну жағдайында ең аз ықтимал тік және маятниктік (бүйірлік) құлауын қамтамасыз ету талаптарына байланысты анықталады, бұл кезде құлаған жұмысшының денесіне түсетін соғатын жүктеменің шамасы 6 кН аспауы керек.

Таңдалынған сақтандыру сызбасы және жұмыстарды орындау тәртібі жұмыс процесінде және жұмыс орындарына жете бергенде жұмысшылардың бірінің үстінде бірі болу мүмкіндігін болдырмауы керек.

11.14 Әрбір анкер кем дегенде барынша күтілген алты еселік статикалық және барынша күтілген екі еселік динамикалық жүктемеге шыдайтындай болып таңдалуы керек.

Құлаудан қорғау жүйесінің анкерлері оған бекітілген әрбір жұмысшыға кем дегенде 22,2 кН беріктікке ие болуы керек.

Беріктігіне күдік бар анкерлерді пайдалануға тыйым салынады.

11.15 Анкерлерді орнатудың жалпы қағидалары өзіне келесілерді қосады:

- анкерлер жұмысшылар жұмыс аймағына кірмей тұрып құлаудан қорғаныс жүйесіне бекітілуі үшін жұмыс аймағынан тыс жерде орнатылуы керек;

- тартқыштарды өткір жиектермен және ластаушы заттардан қорғау қажет болған кезде, протекторларды және басқа да буферлік материалдарды пайдалану керек;

- жалғастыру элементтеріне артық жүктеме түспеуі, майысатын жеріне немесе бойына бір осьтен асатын жүк тиелмеуі керек;

- рычагтың бекіту нүктелеріне әсерін барынша азайту керек, мысалы, сүйеніш және құбырлар секілді элементтердің төменгі бөліктерін пайдалану арқылы;

- тартқыштардың ықтимал конфигурацияларының ең мықтысы пайдаланылуы керек;

- анкерлер барлық уақытта орнату және тексеру үшін мүмкіндігінше ыңғайлы болатындай қарапайым болулары керек;

- анкерлер уақытында орнатылулары керек;

- анкерлік тартқыштармен жасалынған бұрыштар көп нүктелік анкерлерді орнату кезінде әрқашан есепке алынуы керек: анкерлік тартқышпен жасалынатын бұрыштар көп болған сайын әрбір бекіту нүктесіне көп күш беріледі;

- 11.1а)-суретте көрсетілген үшбұрышты конфигурацияны пайдаланбау керек, себебі әрбір бекіту нүктесіне әсер ететін күш 11.1б)-суретте көрсетілген Y-тәрізді конфигурацияны пайдаланғанға қарағанда көп болады;

- анкерлерді орнатуды тек білікті қызметкерлер ғана басқаруы және қадағалауы керек;

- әрбір альпинистік жүйе үшін кем дегенде екі анкер орнатылуы керек (үш бекіту нүктесін пайдалану артықшылықтар береді);

- анкерлер өзара кем дегенде 15 см ара қашықтықта және олар орнатылатын қалыңдығы кем дегенде 15 см болатын негіздің шетінен кем дегенде 15 см ара қашықтықта орнатылуы керек;

- орнатылған анкерлер олар орнатылатын негіздің материалы қаншалықты берік болғанына байланысты берік болады; анкерді орнатардың алдында негіздің беріктігін анықтау керек. Осыны анықтау әдістерінің бірі балғамен ұрып көру болып табылады: егер материал күңгірт немесе барабан секілді дыбыс шығарса немесе үгілсе, бұндай негізге анкерді орнатуға тыйым салынады.








а) үшбұрышты конфигурация

б) Y-тәрізді конфигурация



Тартқыштармен жасалынған бұрыш

Y-тәрізді конфигурация

Үшбұрышты конфигурация

0

50%

70%

60

60%

100%

90

70%

130%

120

100%

190%

140

150%

290%

150

190%

380%

160

290%

570%

170

580%

1100%


11.1-сурет – Тартқыштардың конфигурациясына және бұрышқа байланысты көп нүктелі анкерлердегі бекіту нүктелеріне әсер ететін күштер
11.16 Анкерлердің екі түрінің бірін (немесе екі түрінде) орнату ұсынылады: кеңейткіш болттар немесе эпоксидті шайырға орнатылатын болттар.

Кеңейткіш болттар әрқашан жылжуға жүктеме үшін және жылжуға жүктеме ретінде орнатылуы керек. Кеңейткіш болттар өндірушінің нұсқауларына сәйкес мұқият тартылуы керек. Кеңейткіш болттардың ұсынылатын диаметрі 12 мм құрайды.

Эпоксидті шайырға орнатылатын болттарды негіздің өте қатты емес материалына орнату ұсынылады. Тек қолданудың осындай түрі үшін арнайы арналған немесе болттың өндірушісімен ұсынылған шайырлар ғана анкердің құрылғысы үшін пайдаланылуы керек. Осындай анкерді орнату өндірушімен көрсетілген талаптарға және шектеулерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі керек. Анкерді мақсатқа сай пайдаланудың алдында қатудың сәйкес келетін уақыты өтуі керек. Болтты орнататын тесік шайырды құярдың алдында мұқият тазалануы керек. Болттар 100 мм кем тереңдікке орнатылмауы керек.

11.17 Анкерлер орнатылмайтын жағдайларда, сондай-ақ негізделген жағдайларда анкерлер ретінде автомобильдерді, жылжымалы жабдықтарды немесе ағаштарды пайдалануға болады.

Автомобильдерді анкерлер ретінде пайдалану кезінде:

- автомобильдің кілті ілініп тұрған альпинистте болуы керек;

- рульдік бағанаға ескерту белгісі ілінуі керек;

- бекіту автомобильдің тек құрылымдық элементтеріне ғана жүзеге асырылуы керек. Бекіту нүктелері кез келген басқа анкерлер секілді 22,2 кН жүктемеге шыдаулары керек;

- қажет болған жағдайда жіптерді немесе тартқыштарды өткір жиектерден және (немесе) автомобильдегі майдан қорғау үшін майысқан жерлерде жіптерді қорғау орнатылуы керек;

- автомобиль жұмыс аймағынан тыс тұраққа қойылуы керек. Автомобиль таза, құрғақ бетте болуы керек. Автомобильді қиыршық тасқа тұраққа қоюға тыйым салынады. Жиектеме немесе парапет бар болған жағдайда автомобиль жиектеменің немесе парапеттің артында болуы керек;

- автомобиль күш автомобильдің ұзын осьіне тік бұрышпен түсетіндей етіп тұраққа қойылуы керек. Тұрақ тежегіші немесе трансмиссия анкерді ұстаудың жалғыз құралы ретінде пайдаланылмауы керек.

Жылжымалы жабдық (бульдозерлер, крандар және тағы басқа) анкерлер ретінде пайдаланылғанда блоктаудың/сөндірудің және хабарлаудың процедураларын қатаң сақтау керек. Осындай жабдықтың кілті ілініп тұрған альпинистте болуы керек. Қалған жағдайларда автомобильдің көмегімен анкерлеу кезіндегі сақтық шараларын сақтау керек.

Анкер ретінде пайдаланылатын автомобильдің немесе жылжымалы жабдықтың салмағы биіктікте жұмыстарды орындау үшін жеткілікті болуы керек. Автомобильдің немесе жылжымалы жабдықтың салмағының жеткіліктілігі жұмыстардың жауапты жетекшісімен жүргізілетін есеппен анықталуы керек.

Анкер ретінде ағаштарды пайдалану кезінде ең кішкентай диаметрі 200 мм болатын ағаштар пайдаланылуы керек. Анкер ретінде пайдалану үшін ағаштың жарамдылығына әсер ететін әсерлер ағаштың беріктігін (ағаш солып қалған болмауы керек), тамырлық құрылымын және тамырлардың түрін қосады. Жұмыстардың жауапты жетекшісі нақты ағаш сәйкес келетін анкерлеуді қамтамасыз ететіндігі туралы ақырғы шешімді қабылдауы керек. Альпинистік операцияларды жүргізу кезінде ағаштың діңіне үйкелетін жіппен ағаштың зақымдануын болдырмау үшін сақтық шараларын қолдану керек.

11.18 Анкерлік тартқыштар, егер анкерлік тартқыштардың біреуі істемей қалса, соққылық жүктеме бүкіл жүйеге берілмейтіндей орнатылуы керек.

Өнеркәсіптік альпинизм үшін анкерлеудің әдеттегі қауіпсіз сызбаларының мысалы 11.2-суретте көрсетілген.

11.19 Жұмыстардың жауапты жетекшісі жұмысқа қатысатын жұмысшылармен бірге жұмыстарды ұйымдастыру жобасына, технологиялық регламентке және апаттық жағдайларда әрекет ету жоспарына сәйкес қажетті құралдарды және қорғаныс құралдарын, жабдықтарды, аспаптарды және материалдарды таңдауы, олардың толықтығын және жағдайын тексеру; жоғарғы жұмыс аймағын биіктіктен құлауы мүмкін бекітілмеген заттардан тазалау керек. Алып тастау мүмкін емес заттар бекітілуі керек.


а) Бір-бірімен «қос сегіздік» көмегімен бірге жалғанған, екі тең жүктелген анкерлердің мысалы

б) Қос қорғанысты қамтамасыз ету үшін проушинасы бар болттарды пайдалану мысалы

в) Қос қорғанысты қамтамасыз ету үшін өзін өзі сақтау байламдарын пайдалану мысалы
11.2-сурет – Өнеркәсіптік альпинизм үшін анкерлеудің әдеттегі сызбаларының мысалдары

12 Жұмыстарды бастау
12.1 Сақтандыру, жұмыс орынын анықтау және жылжуды шектеу жүйелерін таңдау
12.1.1 Егер жұмыстарды орындаудың жоспарланған әдісі егер жұмысшы жұмыс бетімен басқарылатын физикалық байланысты жоғалтса еркін құлау орын алатын болатындай болса сақтандыру жүйесін пайдалану керек (12.1в-суретті қараңыз). Сақтандыру жүйесі өзіне құлау жағдайында соққы күшін ең жоғарғысы 6 кН дейін шектейтін жүйені немесе энергияны сіңірушіні, толық байламды (мысалы, сәйкес келетін сақтандыру құрылғысымен бірге динамикалық жіпті) және жоспарланған жұмыс түрі үшін жарамдылығы үшін таңдалынған басқа да жабдықты қосуы керек.

12.1.2 Егер жұмыстарды орындаудың жоспарланған әдісі жұмысшы жартылай немесе толығымен ұсталынатын қалыпта болатындай болса жұмыс орынын анықтау жабдығын пайдалануға болады (12.1б-суретті қараңыз). Жұмыс орынын орналастыру анықтау жүйесі өзіне орындалатын жұмыстарға байланысты төменгі байламды немесе толық байламды қосуы керек.

12.1.3 Егер мақсат жұмысшының жылжуын құлау тәуекелі бар аймақтарға қол жетімдік мүмкін емес болуы үшін шектеу болса жұмыс орынын шектеу үшін арналған жабдықты пайдалануға болады (12.1а-суретті қараңыз). Жұмыс орынын шектеу жүйесі ретінде сақтандыру жабдығын, жұмыс орынын анықтау жабдығын немесе шектелген ұзындықтағы сақтандыру мұртымен пайдаланылатын сақтандыру белдігін пайдалануға болады.

12.1.4 Жұмыс орынын шектеу үшін арнайы жасалынған жабдық жұмыс орынын анықтау үшін немесе сақтандыру жабдығы ретінде пайдаланылмауы керек.

Жұмыс орынын анықтау үшін арнайы жасалынған жабдық сақтандыру жабдығы ретінде пайдаланылмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет