Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Пайдаланылатын ғимараттардың энергетикалық тексерісін (сканерлеу мен энергоаудит) ұйымдастыру



бет4/32
Дата01.07.2016
өлшемі2.51 Mb.
#170007
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

6 Пайдаланылатын ғимараттардың энергетикалық тексерісін (сканерлеу мен энергоаудит) ұйымдастыру




6.1 Ғимараттарды энергетикалық тексеріс түрлері


Атқарылатын жұмыстардың көлемі бойынша энергетикалық тексеріс экспресс-тексеріс (сканерлеу) және кешенді тексеріс (энергоаудит) болып бөлінеді.
6.1.1 Ғимараттарды сканерлеу

Сканерлеу (нысанды зерттеу) – энергоаудиторға энергияны үнемдеудің шынайы мүмкіндігін анықтауға, ғимараттың, инженерлік жүйелердің, қоршау конструкцияларының жағдайын, ғимаратты пайдалану және күту режимін анықтауға мүмкіндік беретін ғимараттың энергетикалық тексерісінің бір түрі (экспресс-тексеріс). Осы нәтижелердің негізінде энергияны үнемдеудің әлеуетін анықтауға арналған техникалық-экономикалық бағасы орындалады (ЭҮ). Жоба табысты болған жағдайда ғимараттың қожайыны кешенді энергетикалық тексеріс (энергоаудит) жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Сканерлеуді жүргізу тәртібі 6.2 бөлімде көрсетілген. Сканерлеу кезінде 6.2.4 - 6.2.8 бөлімшелері міндетті болып табылмайды.

Сканерлеу кезіндегі экономикалық есептеулер келесі негізгі көрсеткіштерді қамтуы қажет:

- таза үнем, теңге /жыл; кВт-сағ/жыл;

- инвестициялар, теңге;

- өтелімділік мерзімі, жыл.
6.1.2 Ғимараттарға энергоаудит жүргізу

Энергоаудит бөлмедегі ауаның температурасы мен ылғалдығы, жарық, желдетілетін ауаның шығыны және ғимараттың энергияны тұтынуға әсер ететін басқа параметрлерін аспаптық өлшеу сияқты кешенді энергетикалық тексеруді қамтиды.

Өткізу мерзімдері бойынша энергоаудиттер мыналарға бөлінеді:

а) бастапқы: Энергетикалық тексеруден өтпеген ғимараттарда өткізіледі

б) кезектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімнен сирек өткізілмейді.

Энергоаудит жүргізу тәртібі 6.2 бөлімде көрсетілген.

Энергоаудит кезіндегі экономикалық есептеулер келесі негізгі көрсеткіштерді қамтуы қажет:

- таза үнем, теңге /жыл; кВт-сағ/жыл;

- инвестициялар, теңге;

- таза қолда бар құн коэффициенті;

- өтелімділік мерзімі, жыл.

6.2 Энергиялық тиімділікке қатысты ғимараттың энергетикалық тексеруін өткізу тәртібі (сканерлеу және энергоаудит)



6.2.1 Энергетикалық тексеріс кезіндегі жұмыстардың құрамы

Энергетикалық тексеріс жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:

- объектіні жалпы тексеру;

- ғимарат, салыну мерзімі, пайдалануға берілу уақыты туралы жалпы мәліметтерді жинастыру;

- ғимараттардың, инженерелік жүйелердің және инженерлік жабдықтың көлемдік-жоспарлау, конструктивті шешімдердің жалпы сипаттамаларын жинастыру;

- бұрындары объектіде жөндеу, қайта салу, жаңарту жұмыстарына қатысты материалдарды зерттеу;

- ғимаратқа және инженерлік желілерге қатысты қолда бар техникалық құжаттың көлемін анықтау;

- ғимараттардың және инженерлік жүйелердің қоршалатын конструкцияларының техникалық жағдайын тексеру;

- алынған ақпаратты талдау;

- аспаптық өлшемдер (энергоаудит жүргізу барысында);

- энергетикалық және экономикалық есептеулерді жүргізу.
ЕСКЕРТУ Ғимараттың энергетикалық тексерісін жылыту кезеңінде өткізеді.
Энергетикалық тексеріс кезінде әрекеттердің келесі кезектілігін сақтау қажет:

- дайындық (жоспарлау);

- инспекция;

- ғимараттың жағдайын сипаттау;

- энергетикалық есептеулер;

- экономикалық есептеулер;

- Есепті ұсыну.

К қосымшасына сәйкес энергетикалық тексеруді өткізетін мамандарға қойылатын талаптар.


6.2.2 Энергетикалық тексеріске дайындық

6.2.2.1 Жұмыстардың көлемін алдын ала бағалау үшін объектіге шығуды ұйымдастыру.

6.2.2.2 Ғимаратты сканерлеуге және/немесе энергоаудитті жүргізуге құжатты рәсімдеу.

6.2.2.3 Құжатқа қол қойғаннан кейін ғимараттардың энергетикалық тексеруін өткізетін ұйым ең азы 5 күн бұрын жазбаша түрде болатын іс-шара туралы ғимараттың иесін хабардар етеді. Хатқа жұмыстың басында ғимарат иесіне ұсынылуы тиіс қажетті құжаттама тізбесі берілген (А, Б, Б* қосымшалары).

6.2.2.4 Тексеру өткізілетін объектіге келісімен энергоаудитор:

а) ғимараттың иесін (бірінші орынбасарын немесе оның орынбасарын, (тұрғын үйлер үшін – ПИК төрағасы немесе оның орынбасарын, ПИК болмаған жағдайда – үйді басқарушыға) тексеруді бастау туралы хабардар етуі;

б) ғимараттарды және инженерлік желілерді тексеру кезінде тексерілетін объектінің өкілдерін (қызмет көрсететін техникалық персонал ішінен) қатыстыру мәселесін шешеу;

в) ғимараттың сканерлеуін өткізетін топтың құрамын келісу;

г) ғимараттың иесін тексеру жоспарымен таныстырып, іс-әрекеттердің реттілігін және өткізу мерзімін анықтайтын тексеру жоспарын жасау;

д) жоспарланған келу уақытын келісу;

е) ғимарат иесі әзірлеген ақпаратпен танысу (формалары А, Б, Б* қосымшаларында келтірілген);

ж) техникалық құжаттаманы жинау (ғимаратқа берілген техникалық паспорт, ғимараттың бас жоспары, жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің жобасы, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің, желдету жүйесінің жобасы және А қосымшасында келтірілген т.б.;

з) ағымдағы жылда және алдынғы 2 жылда энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтарды жинау (формалар Б қосымшасында және/немесе Б*қосымшасында келтірілген);

и) энергия мен ресурстарды жабдықтаушылармен шарттық жүктемелер туралы ақпаратты (электрмен, жылумен, сумен қамсыздандыру және су жүргізу, газбен қамсыздандыру жөніндегі қызмет көрсету шарттарының көшірмелері, энергияны есептеу жүйелеріне, жылытуға жұмсалатын жылу ағымын автоматты реттеу жүйелеріне және басқаларын сервистік қызмет көрсету шарттары);

к) алдынғы 2 жылда қолданыстағы тарифтер мен тарифтер туралы мәліметтер.

л) жеке қазандардан жылумен қамтамасыз етілетін объектілер үшін отынның шығыны және сипаттамасы ((отын маркасы және сұрыбы; төменгі жұмыс жылу қабілеттілігі (Qрн); күлділігі (Ар), ылғалдығы (Wр), күкірттің құрамы (Sp); формалар Б* қосымшасында келтірілген) туралы мәліметтер алу қажет;

м) қазандық жабдыққа орнатылған техникалық паспорттар, сондай-ақ, жабдықты жөндеу туралы ақпаратты, техникалық кему, жабдықтың жұмыс режимдері туралы мәліметтер;

н) жинастырылған ақпараттын талдауын өткізу;

о) испекцияға әзірлену (тексеру).
6.2.3 Объектіні тексеру (инспекция)

6.2.3.1 Тексеру мақсаты – ғимараттың қазіргі жағдайын, техникалық жүйелерінің, оны пайдалану сипатын және шарттарын анықтау, сондай-ақ, энергоресурстарды үнемдеудің әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау және бөлмелерде ортаны жақсарту.

6.2.3.2 Тексеру жүргізу үшін сауалнама парағын пайдалану керек (В қосымшасы).

6.2.3.3 Ғимараттардың техникалық жағдайын анықтау кезінде ҚР ҚБҚ 1.04-07-2002 ұсыныстарын пайдаланған жөн.

6.2.3.4 Ғимараттардың қоршалатын конструкцияларын көріп тексереді, техникалық жағдайы кейіннен сауалнама парағында «Түсініктемелер» жолында түсініктемелер беріле отырып, сыртқы белгілері бойынша бағаланады (В қосымшасы). Қоршалатын конструкцияларының барлық қажетті типтерін терезелердің, қабырғалардың және т.б. аудан көлемін бағалай отырып белгілеген жөн.

6.2.3.5 Ғимараттардың қоршалған конструкцияларын және инженерлік жүйелерін қарап тексерген кезде 3-кестеде келтірілген ұсыныстарды пайдаланған жөн.


3-кесте – Энергетикалық тексеріс жүргізу кезіндегі ұсыныстар


Қоршау конструкциялары

Қоршау конструкциялары

Қабырғаларды тексеру

қабырғаларды тексерген кезде мыналарға назар аудару керек:

- қорғаныс жабындылардың жағдайына;

- ақау учаскелерінің, жарықтың, сондай-ақ, фактуралы және қорғаныс қабаттарындағы күйзелістердің бар-жоқтығына;



Жабынды тексеру және шатыр

Жабынды шатырдан да, бөлмелерден қарап тексереді. Оның үстіне:

- жабынның конструктивті сұлбасын;

- жабынның жағдайын, - қорғаныс жабынының жағдайын;



«3-кестенің жалғасы»

- терезе және есік ойықтарының қосылған, жиектелген тораптардың жағдайына;

- ағып түскен іздердің барлығына, олардың таралуына және пайда болу себебіне;

- конструктивті шешімге және қолданылатын материалдардың түріне.


- жабын мен шатыр элементтерінің қалындығын;

- ақау учаскелерінің (жарықтың, ойықтардың, иілген жерлердің), ағып түскен іздерді, олардың таралуын және пайда болу себептерін;

- жабынды пайдалану шарттарын, су толып қалатын учаскелерді су бұрғыш жүйелердің жағдайын анықтайды.


Едендерді тексеру
Еден жабынының типі мен конструктивті шешімі техникалық құжатты зерттеу негізінде анықталады.

Қарап тексеру кезінде көрінетін күйзелістердің (шұңқырлардың, кетіктердің, жарықтың және т.б.) орнын және сипатын белгілейді.

Жабынның күйзеліске ұшыраған учаскелерін, бұзылулардың тереңдігін, едендердің түйісу тораптарының басқа құрылыс конструкцияларына, құбырларына және технологиялық жабдыққа байланысу жағдайын, сұйықтықтардың тұрып қалу учаскелерін анықтайды.

Материалдардың даналап жасалған жабындары үшін тігістердің жағдайын: ағаш еденнің иілген жері мен былқыл болуы.




Рулонды материалдардан жасалған шатырларды тексеру

Рулонды материалдардан жасалған шатырларды тексерген кезде мыналарға назар аудару керек:

- ірі дәннен құйылған қорғаныс қабатының жағдайына, сондай-ақ, шатырлардың шаң-тозаңның немесе құмға толып қалуын;

- түйісетін жерлердегі оқшаулану жағдайы;

- Оқшауланатын қабаттардың – ішіне майысқан жерлердің, ауа және су қаптарының және тігістердегі іздердің жағдайынан кілемнің ажырауы.

Темір шатырларды тексерген кезде мыналарды тексеру керек:

- рең жағдайын, шатырлардағы әсіресе, қабырға астаушаларындағы ойықтарды.



Материалдардың даналап жасалған шатырлар үшін (жабынқыш, асбестоцементті тақтасы және т.б.) қосымша мыналарды анықтайды

- фасонды элементтермен қырлардың және қабырғалардың жабынын; шатыр элементтерінің ағаш қырлы бөренеге түйісуі.




Мөлдір жарық конструкцияларды тексеру

Мөлдір жарық конструкциялардың техникалық жағдайы сыртқы белгілері бойынша қарап бағаланады:

- мөлдір жарық конструкция элементтерінің ақауларын және бүлінген жерлерін анықтайды;

- ашылу құралдарының жұмыс тиімділігі;

- ағаш және пластмассалы элементтердің жағдайы – олардың деформациясы мен бұзылуы;





«3-кестенің жалғасы»

- тығыздауыштардың жағдайы, мөлдір жарық конструкцияларының элементтері арасында ойықтардың бар-жоқтығы, қабырғалар мен жабындылардың түйісетін учаскелерінде қуыстардың тығыз болмауы, конденсациялық ылғалдың өтуі;

- терезе мұқабаларының және т.б. сыртқы жармаларында су қайтатын жердің бүлінуі.






Инженерлік желілер

Инженерлік желілерді тексерген кезде қарап тексеріп пайдаланушылардан сауалнама алу керек. Ғимаратта қызмет көрсететін жеке құрамнан, тұрғындардан, қызметкерлерден сауалнама алу, жүйелерді қарап тексеру негізінде мыналар анықталады:

- қыста қоршаулардың ылғалдығымен байланысты проблемалар бар ма, қатып қалу кездесе ме;

- терезелер мен есіктердің ауа өткізгіштігі қандай, жел өті бар ма;

- жылудың, электр энергиясының, судың, отынның қандай көздері қолданылады;

- жылытуда, сумен қамтамасыз етуде, электрмен жабдықтауда қандай да бір кідірістер бар ма;

- инженерлік жүйелерді басқару жүйесі мен олардың техникалық жағдайы қандай;

- ішкі ауасы қолайсыз температурадағы бөлмелер бар ма;

- проблемалық учаскелер бар ма, суыту қажет пе;

- инженерлік жүйелердің жедел жөндеу жұмыстары қажет пе.

6.2.3.6 Тексеру нәтижелерінің түсініктемесі сауалнама парақтары формасына енгізіледі.

6.2.3.7 Ғимараттар мен инженерлік жүйелерді тексерген кезде фотосуреттер, суреттемелер, нобайлар, сұлбалар жасап, түсініктемелер әзірлеу керек.

6.2.3.8 Ғимараттар мен инженерлік жүйелерді тексеру барысында қайта жөндеу және микроклиматты жақсарту іс-шараларын жасау үшін жалпы ескертулер әзірлеу қажет.


6.2.4 Өлшеулерді жүргізу

Аспаптық тексеру энергияны тұтыну тиімділігін бағалауға және/немесе ұсынылған ақпараттың растығына қатысты күмән туындаған кезде қажетті қосымша ақпаратты алу мақсатында өткізіледі.


6.2.5 Ғимараттардың ауа-жылу режимін тексеру

Тұрғын үйлердегі бөлмелерде, қоғамдық, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарындағы микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген көрсеткіштеріне қойылатын жалпы талаптар МСТ 30494-96 мемлекетаралық стандартымен орнатылған.

Қоғамдық ғимараттарда жұмыс істемейтін уақытта жұмыс уақыты басталар алдында қажетті параметрлерін қамтамсыз ету шартымен микроклимат көрсеткіштерін төмендетуге рұқсат етіледі.
6.2.6 Микроклимат параметрлерін бақылау әдістері

Азаматтық ғимараттардағы бөлмелер микроклиматының параметрлері және өлшеу құралдарына қойылатын талаптарды мемлекетаралық стандарт МСТ 30494-96 белгілейді.

Бөлмелердегі микроклиматтың көрсеткіштерін тіркеуден өткен және тиісті сертификаты мен тексеру туралы куәлігі бар құралдармен өлшеу керек.
6.2.7 Бөлменің жарықтылығын тексеру

Бөлме жарықталуының талап етілетін деңгейі бөлменің тағайындауына, қарап жасалған жұмыстың орындалуына байланысты және ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 реттеледі.

Жарықталынуды өлшеу түрлері ҚР өлшеу құралдары тізіліміне енген люксметрлер көмегімен жүргізіледі.
6.2.8 Ғимараттың сыртқы қоршаған конструкцияларын тепловизорды қолданып тексеру

Ғимараттардың және олардың тораптарының сыртқы қоршаған конструкцияларының жылудан қорғау сапасын тексеру және неғұрлым жылуды көп жоғалтатын бөліктерін анықтау қажет болған жағдайда тепловизиялық тексеру әдісін қолданған жөн.

Тепловизорды қолданып ғимараттардың сыртқы қоршаған конструкцияларына тексеру жүргізу әдістемесі ҚР ЕЖ 4.02-03-2003 көрсетілген.
6.2.9 Ғимарат жағдайының сипаттамасы

Алдыңғы кезеңдегі жинап алынған ақпарат негізінде ғимараттың сипаттамасын жасау қажет:

- ғимарат жөніндегі мағлұматтар;

- тексеруге арналған толтырылған сауалнама парақтары;

- сызбалар;

- техникалық сипаттамасы;

- фото- және бейнематериалдар;

- өлшеулер нәтижесі.


6.2.10 Энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды жасап шығару

Тексеру барысында, сауалнама парақтарын толтыру барысында, ақпаратты сараптау барысында Энергоаудитор энергияны неғұрлым тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар құрамын қалыптастыруы қажет.

Инвестиция көлемін есептеу барысында жобаның іске асуымен байланысқан барлық шығындарды (тендерлік құжаттарды дайындауға және тендерді өткізуге жұмсалған шығындар, жобалық әзірлемелер, материалдар, монтаж, пайдалану шығындары және басқалары) ескеру керек.
6.2.11 Энергетикалық есептеулерді жұргізу

6.2.11.1 Екі есептеу жүргізу қажет:

- энергияны үнемдеу іс-шараларын іске асыруға дейінгі меншікті энергияны тұтынуды анықтау (ағымдағы энергияны тұтыну);

- энергияны үнемдеу іс-шараларын іске асырғаннан кейінгі күтілетін есептелегн энергияны үнемдеуді анықтау.

6.2.11.2 Жылыту кезеңінде ғимараттарды жылыту үшін пайдалы жылу энергиясында меншікті қажеттілікті анықтау жөніндегі есептеулер ҚР ҚН 2.04-21-2004*, МҚЕ 2.04-101-2001, ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001*, ҚР ҚнжЕ 4.02-42-2006, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес өткізіледі.

6.2.11.3 Ғимаратта қысыммен айдалатын жабдықты пайдаланған кезде энергия шығынын анықтау жөніндегі есептеулер ҚР ҚнжЕ 4.01- 41-2006*, ҚР ҚнжЕ 4.02-42-2006, ҚР ҚН 4.04-23-2004* нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес өткізіледі:


ЕСКЕРТУ Ұқсас есептеулер үшін, Қазақстанның жағдайына бейімделген қолданыстағы нормативті құжаттарға негізделген бағдарламалық өнімдер қолданылуы мүмкін.
6.2.12 Экономикалық есептеулерді жүргізу

6.2.12.1 Есепте техникалық ұсыныстар мен іс-шаралардың экономикалық бағасын, инвестициялық ұсыныстарын қамтуы керек.

6.2.12.2 Энергетикалық есептеулерді орындау осы Нұсқаулықтың Г қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

6.2.12.3 Инвестицияны есептеу барысында нарықта қалыптасқан бағалар қолданылады.

6.2.12.4 Есептеулер үшін Қазақстан жағдайына бейімделген бағдарламалық өнімдер қолданылуы мүмкін.
6.2.13 Энергоаудит пен энергомониторинг жүргізген кезде алынған мағлұматтардың автоматтандырылған өңдеу үшін Бағдарламалық қамтымқа қойылатын талаптар

6.2.13.1 Бағдарламалық өнім Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес және Қазақстанның жағдайларына бейімделген пайдалануға енгізілген жылды ескере отырып, ұсынылған ғимарат түрлерін есептеу үшін жасалуы тиіс.

6.2.13.2 Бағдарламалық қамтымға қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ 34.010-2002 мемлекеттік стандартында келтірілген.
6.2.14 Энергетикалық тексеру жөнінде есепті әзірлеу

Д немесе Е қосымшасына сәйкес форма бойынша энергетикалық тексеру жөніндегі есепті әзірлеу керек.

Энергоаудит жөніндегі есеп нәтижелерін энергетикалық тексеру және энергомониторинг жөніндегі Мағлұматтардың ақпараттық базасында кейіннен қолдану үшін Л қосымшасында келтірілген кестеге енгізіңіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет