Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Энергомониторингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі



бет5/32
Дата01.07.2016
өлшемі2.51 Mb.
#170007
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

7 Энергомониторингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7.1 Энергомониторингті өткізуді ұйымдастыру


7.1.1 Ғимаратта энергомониторингті өткізу мақсаты – энергияны қисынды пайдалану.

Энергияны жұмсаудағы тұрақты бақылау:

- энергоресурстарды өнімділігі жоқ шығындардың көздерін анықтауға;

- ғимарат пен жабдықты пайдалану режимін оңтайландыруға;

- ғимараттарды және жабдықты пайдаланған кезде туындайтын техникалық проблемалармен энергияны тұтынудағы ауытқуларды уақытылы анықтауға;

- аса жоғары энергияны тұтыну себептерін жою жөніндегі іс-қимылдардың жылдамдығын қамтамасыз етуге;

- энергияны үнемдейтін жобалардың тиімділігін бағалауға;

- пайдаланушы қызметкерлердің энергияны үнемдеу жөніндегі дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

7.1.2 Энергоаудитор біліктілігі бар мамандар немесе ғимаратты пайдаланатын техникалық қызметкерлер арасынан арнайы дайындалған тұлғалар ғимараттарда энергомониторингті өткізеді.

7.1.3 Ғимараттардағы энергомониторинг Энергомониторингті өткізу шарты, еңбек келісімі, бұйрық негізінде жүзеге асырылады.

7.1.4 Энергомониторинг ғимараттарда, (жылу энергиясын және/немесе отынды есептеу жүйелерімен, электрлі энергияны жұмсау санауыштарымен, суды жұмсау санауыштарымен, сыртқы ауа температурасының өзгеру жүйесімен) жабдықталған немесе энергомониторингті өткізу барысында осындай жүйелермен жабдықталатын ғимараттарда өткізіледі.

7.1.5. Энергомониторингті өткізуді ұйымдастыру ғимарат иесіне жүктеледі.


    1. 7.2 Энергомониторингті өткізу тәртібі

7.2.1 Энергетикалық мониторинг энергияны тұтынудың мерзімдік (әр апта сайынғы) тіркеуіне және сыртқы ауа температурасының бір аптадағы орташасын өлшеуге негізделген.

7.2.2 Ж қосымшасында келтірілген 1.1; 1.2; 1.3; 1.4; 1.5 формаларына сәйкес энергияны есепке алу жүйесі туралы ақпарат пен ғимарат жөніндегі жалпы мағлұматтарды жинау керек.

7.2.3 Б және/немесе Б* қосымшалары формасы бойынша соңғы үш жылда әдетте энергияны тұтыну туралы ақпаратты ғимарат иесінен алу керек.

7.2.4 Энергоаудит бойынша энергетикалық есептеулер нәтижелерімен танысу керек (болған жағдайда).

7.2.5 Сыртқы ауа температурасынан энергияны тұтынуға байланысты графикті салу керек (есептік Э-Т қисығы) - И қосымшасы. Э-Т қисығы энергетикалық есептеулер негізінде салынады және сыртқы ауаны түрлі температурасында қандай энергия тұтыну болу керектігін көрсетеді.



    1. 7.3 Энергияны есептеу құралдарының көрсетілімдерін тіркеу

Энергияны жұмсаудың әр апта сайынғы тіркеуі кезінде келесі іс-қимылдар реттілігі сақталуы керек:

7.3.1 Әр апта сайынғы көрсетілімдерді белгілі бір уақытта алу керек.

7.3.2 Сыртқы термометр көрсетілімдерін алу және Ж қосымшасында келтірілген 1.6 формасын, соңғы көрсетілімді алған уақыттан сағаттар санын толтыру, сыртқы ауа температурасын аптадағы орташасын есептеу; Сыртқы ауаның орташа температурасы туралы ақпарат жергілікті метеорологиялық стансадан алынуы мүмкін.

7.3.3 Жылу энергиясын есептеу құралдарының көрсеткіштерін алу және Ж қосымшасында келтірілген 1.7 формасын толтыру керек.

7.3.4. Өткен аптадағы жылу энергиясын есепке алу құралдары көрсеткіштерінің архивтік мағлұматтарын (жаппай шығын, жылу тасығыш температурасы, есепке алу құралы жұмысының сағаттары) талдау керек.

7.3.5 Электрлі энерги шығынын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу және 1.7 формасын толтыру керек.

7.3.6 Судың жұмсалу есебі құралдарының көрсеткіштерін алу, 1.7 формасын толтыру керек.

7.3.7 Отынды жұмсауды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу (жеке жылумен қамтамасыз ету көзі болған жағдайда), 1.7 формасын толтыру керек.

7.3.8 Формаларды толтырған кезде «Ескертулер» бөліміне энергияның жұмсалуына әсер етуі мүмкін іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы ақпаратты енгізу керек.


    1. 7.4 Өлшемдердің мағлұматтарын апта сайын өңдеу

7.4.1 Аптадағы есепке алу құралдарының көрсеткіштер мағлұматтары энергомониторинг жөніндегі есепті жасау қолайлығы үшін Ж қосымшасында келтірілген 1.7 формасынан 1.8 формасына ауыстырылуы керек (бір айға, бір жылға).

7.4.2 Бір аптаға жалпы энергияны тұтыну есебін орындау керек, аптасына КВт-сағ.

7.4.3 Меншікті энергияны тұтыну есебін орындау керек, (аптасына КВт-сағ/м2).

7.4.4 Э-Т қисығына (И қосымшасына сәйкес) сыртқы ауа температурасының бір аптадағы орташасына байланысты меншікті энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтары енгізілуі керек. Көлденең осьте бір аптадағы орташа сыртқы температура, ал тігінен жылытылатын ауданның бірлікке шаққандағы энергияны тұтынуы.

7.4.5 Ағымдағы жағдайды талдау керек.

7.4.6 Біршама ауытқулар орын алған жағдайда (10%-дан астам) Э-Т қисығында олардың себептерін анықтау керек. Күн радиациясы, жел, ыстық сумен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне тұтынышулардың жүктемелері 5-10% диапазонында орналасқан.

7.4.7 Э-Т қисығындағы ауытқулар 10%-дан асуы жабдықтың жарамсыз күйін немесе баптау параметрлерінің бұзылуын көрсетеді.

7.4.8 Энергияны тұтынудағы ауытқуды тудырған себептерді жоюға шара қолдану керек.

7.4.8.1 Э-Т диаграммасындағы ауытқулар туралы ғимарат иесін жазбаша түрде хабардар ету керек.

7.4.8.2 Қабылданған шаралар және ауытқуларды тудырған себептерді жою күні туралы жауапты ақпаратты алу керек.

7.4.9 Энергомониторинг жөніндегі айлық есепте алынған ақпаратты көрсету керек.

7.4.10 Энергомониторингтің қолмен алынған процедураларындағы мағлұматтар энергомониторингке арналған арнайы бағдарламалық қамтыммен енгізіліп өңделуі мүмкін.

    1. 7.5 Энергомониторинг жөніндегі есепті ұсыну тәртібі мен формасы

7.5.1 Осы нұсқаулықтың 7.3 және 7.4 тармақтарына сәйкес энергияны тұтыну жөніндегі апталық мағлұматтар негізінде бір айда энергияны тұтыну туралы есепті әзірлеу керек.

7.5.2 Энергомониторинг нәтижелері туралы есепті әр ай сайын жасалады. Есепте келесі ақпарат қамтылуы тиіс:

- табиғи көріністе бір айда энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтар;

- ақшалай көріністегі бір айда энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтар;

- ағымдағы ай үшін энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтарды талдау нәтижелері;

- шынайы энергияны тұтыну мен есептік мағлұматтармен салыстырмалы баға беру;

- Э-Т диаграммасындағы ауытқулар кезіндегі ұсынылатын шаралар.

7.5.3 Жыл қорытындысы бойынша келесі ақпаратты қамтитын энергомониторинг жөніндегі жылдық есеп жасалады:

- табиғи көріністе бір жылда энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтар;

- ақшалай көріністегі бір жылда энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтар;

- ЭТ диаграмма;

- шынайы энергияны тұтыну мен есептік мағлұматтармен салыстырмалы баға беру;

- бір жыл үшін энергияны тұтыну жөніндегі мағлұматтарды талдау нәтижелері.

7.5.4 Энергомониторинг жөніндегі жылдық есеп ғимарат иесіне жіберіледі.

7.5.5 Энергомониторинг жөніндегі есеп нәтижелерін энергетикалық тексеру және энергомониторинг жөніндегі Ақпараттық мағлұматтар базасында кейіннен пайдалану үшін Л қосымшасының кестесіне енгізу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет