Осы нұсқаулық ұйымдастыру тәртібін белгілейді және энергияны тұтынуды (энергомониторингті) бақылауға азаматтық ғимараттардың энергетикалық тексерілуіне (сканерлеу және энергоаудит) қойылатын жалпы талаптарды белгілейді және энергетикалық тексеру мен энергомониторингті жүзеге асыратын мамандарға арналған.
2.1 Ғимараттарды энергоаудит және сканерлеу энергияны тұтынудың нақты күйін бағалау және ғимараттарда энергияны тиімді пайдалану және микроклиматты жақсарту үшін жүзеге асыратын іс-шаралардың жасау мақсатында орындалады. Энергоаудит нәтижелері бойынша белгіленген үлгінің энергетикалық паспорты жасалады немесе қолда бар үлгімен нақтыланады.
2.2 Энергомониторингті ғимараттарды пайдалану мерзімі бойы ғимараттарда энергияны тұтынуды басқару мақсатында, оның ішінде энергияны үнемдейтін іс-шараларды жүзеге асырғаннан кейін өткізеді.
3 Нормативтік сілтемелер
Осы Нұсқаулықты қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 Сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер
ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* Құрылыстық климатология.
ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыс жылу техникасы.
ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ҚНжЕ 3.02.-04-2009 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.
ҚР ҚНжЕ 3.02.-02-2009 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар.
ҚР ҚНжЕ 3.02.-43-2007 Тұрғын үй ғимараттары.
ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006* Ғимараттардың ішкі су құбыры мен канализациясы.
ҚР ҚН 2.04-21-2004* Азаматтық ғимараттардың энергияны тұтынуы мен жылулық қорғанысы.
ҚР ҚН 4.04-23-2004* Тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардың электрлі жабдығы. Жобалау нормалары.
ҚР ЕЖ 4.02-03-2003 Кішкентай көлемдегі тепловизорды қолдана отырып, ғимараттардың сыртқы қоршайтын конструкцияларының жылу техникалық тексерістері.
МС МСТ 30494-96 Тұрмыстық және қоғамдық ғимараттар. Бөлмелердегі микроклиматтың параметрлері.
МЕЖ 2.04-101-2001 Ғимараттардың жылулық қорғанысын жобалау.
ҚР ҚБҚ 1.04-07-2002 Ғимараттар мен құрылыстардың физикалық тұрғыда тозуын бағалау ережелері.
Мемлекетаралық стандарт МСТ 31168-2003. Тұрмыстық ғимараттар. Жылытуға жұмсалатын жылу энергиясының меншік тұтынуын анықтау әдісі.
ЕСКЕРТУ Осы Нұсқаулықты пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқықтық актілер туралы ақпараттық көрсеткіштер, нормативті-техникалық құжаттар тізбесі, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарының және ағымдағы жыл жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ағымдағы жылы жарияланған ай сайынғы ақпараттық бюллетень-журналдар мен көрсеткіштерге сәйкес келетін стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативті құжаттардың көрсеткіштері бойынша сілтемелі құжаттардың қолданылуын тексерген жөн. Егер сілтемелі құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы Нұсқаулықты пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелі құжат ауыстырылмай бас тартылған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлікте қолданылады.
4 Терминдер мен анықтамалар
Осы құжатта сәйкес анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады:
4.1 Ғимараттың энергетикалық тиімділігі: Бөлмелердің микроклиматының нормаланатын оңтайлы параметрлерін ұстап тұру үшін жылу энергиясын тұтынудың берілген дәрежесін қамтамасыз ететін ғимараттың және оның инженерлік жабдығының қасиеті.
4.2 Ғимараттың энергетикалық тиімділігі класы: Пайдалы жылу энергиясының жылыту кезеңі үшін жылытуға ғимараттың меншікті қажеттілік мәндерінің қашықтығымен сипатталатын ғимараттың энергетикалық тиімділік деңгейін белгілеу.
4.3 Тиімділіктің көрсеткіші: Мемлекеттік стандарттармен белгіленген энергетикалық ресурстарды тұтынудың меншікті шамасы.
4.4 Жылыту кезеңі үшін жылытуға арналған ғимараттың пайдалы жылу энергиясындағы меншікті қажеттілік: Ғимараттың жалпы жылыту ауданы бірлігіне (оның жылытатын көлемі) және жылыту кезеңінің градус-тәулікке қатысты ондағы бөлмелердің микроклиматтың қалыпты оңтайлы параметрлерінде ауа алмасуын және қосымша жылудың бөлінуін есепке ала отырып, ғимараттың кеміген жылуын өтеуге қажетті есептік жылыту кезеңі үшін жылыту энергиясының мөлшері.
4.5 Бөлменің микроклиматы – ауа температурасының, қоршалатын конструкциялардың, ауа ылғалдығы мен қозғалысының көрсеткіштерін сипаттайтын, адамға ықпал ететін бөлменің ішкі ортасының жағдайы.
4.6 Микроклиматтың оңтайлы параметрлері – адамға ұзақ уақыт бойы және жүйелі түрде әсер еткен кезде терморегуляция механизмдерінің ең аз күш салуы кезінде ағзаның қалыпты жылу жағдайын және бөлмеде отырған адамдардың кемінде 80%-ында қолайлықты сезінуді қамтамасыз ететін микроклиматтың көрсеткіштері мәндерінің үйлесімділігі.
4.7 Микроклиматтың рұқсат етілген параметрлері – адамға ұзақ уақыт бойы және жүйелі түрде әсер еткен кезде жайсыздықтың жалпы және жергілікті сезімін тудыруы, терморегуляция механизмдерінің қатты күш салуы кезінде көңіл-күйдің және жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауын тудыруы мүмкін және денсаулық жағдайының нашарлауын тудырмайтын көрсеткіштер мәндерінің үйлесімділігі.
4.8 Энергияны үнемдеу – энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, ғылыми, өндірістік, техникалық және экономикалық іс-шараларды жүзеге асыру.
25.12.1997 жылғы «Энергияны үнемдеу» № 210-1 ҚРЗ.
4.9 Энергетикалық ресурс – қазіргі кезде қолданылатын немесе келешекте қолданылуы мүмкін энергияны тасымалдаушы.
4.10 Энергияны тұтыну: Объект тұтынатын энергоресурс мөлшерін айқындайтын физикалық шама.
Негізгі түсініктерді мағыналық түсінудің бір мәнді түсінуі үшін одан әрі мәтінде келесі түсініктер келтірілген:
4.11 Энергияны тиімді пайдалану: Техника мен технологиялардың даму деңгейі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау кезінде энергияны үнемдеп шынайы пайдалануға қолжеткізу.
4.12 Энергетикалық тексеру: Қолданылатын энергетикалық ресурстардың көлемі, энергетикалық тиімділік, энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін анықтау және энергоаудит және энергетикалық паспорт жөніндегі есепте алынған нәтижелерді айқындай отырып, энергетикалық тиімділікті арттыру көрсеткіштері туралы рас ақпаратты алу мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
4.13 Ғимараттарды сканерлеу: Энергетикалық ресурстарды үнемдеудің шынайы мүмкіндігін анықтауға және ғимараттағы ортаны жақсартуға мүмкіндік беретін ғимараттың энергетикалық тексерісін өткізудің бірінші кезеңі (экспресс-зерттеу). Сканерлеудің нәтижелері бойынша энергияны сақтаудың жалпы әлеуеті мен қажет етілетін инвестициялар анықталады және энергоаудитті жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылданады.
4.14 Ғимараттардың энергоаудиті (энергоаудит): Энергетикалық ресурстарды пайдаланудың мүмкін экономикалық тиімді оңтайлануын анықтауға бағытталған техникалық, ұйымдастырылған экономикалық және өзге де іс-шаралардың байланысқан кешені.
4.15 Энергомониторинг – (энергияны тұтынуды бақылау) – қажетті және күтілетін деңгейде энергетикалық шығындарды тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған басқару аспабы.
4.16 Аспаптық тексеріс: Стационарлы және тасымалданатын құралдардың көмегімен энергияны тұтыну жүйесінің параметрлерін өзгерту мен тіркеу.
4.17 Энергияны үнемдеу жөніндегі ұсыныстарды жасау: Оларды жүзеге асыруды, болжанған шығындарды және физикалық әрі ақшалай көріністе болжанған әсерді бағалай отырып, объектінің энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық, ұйымдастыру, техникалық және технологиялық жетілдірудің негіздемесі.
4.18 Ғимараттарды желдетуге жұмсалатын энергияны тұтыну: Микроклиматтың оңтайлы параметрлерін ұстап тұру үшін желдету жылу шығындарын өтеу арқылы (берілетін ауа температурасына дейін келетін ауаның жылынуы) энергияны немесе қуатты ақырғы тұтынуы.
4.19 Ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын энергияны тұтыну: Тұрмыстық қажеттіліктер үшін суды жылытуға керекті энергияны немесе қуатты тұтыну және ыстық судың температурасы бойынша қажетті тұрақты параметрлермен қамтамасыз ету.
4.20 Желдеткіштермен және сорғылармен энергияны тұтыну: Желдету жүйесінің немесе жылыту, желдету немесе суыту жүйелерінің циркуляциялық сорғыларының желдету жұмыстарына қажет энергияны немесе қуатты тұтыну.
4.21 Жарықтандыруға жұмсалатын энергияны тұтыну: Жарық беруге қажет энергияны немесе қуатты тұтыну.
4.22 Ғимаратта орнатылған түрлі жабдыққа жұмсалатын энергияны тұтыну: Энергияны тұтынудың басқа баптарына кірмеген, барлық қалған жабдықтың, оның ішінде тасымалданатын және стационарлы тоңазыту камералары, тоңазытқыштарының жұмыстарына қажет энергияны немесе қуатты тұтыну.
4.23 Суытуға жұмсалатын энергияны тұтыну: Бөлмелерде тиісті микроклиматты қамтамасыз ету үшін қолданылатын суыту жүйесінің энергиясын немесе қуатын тұтыну.
4.24 Сыртқы жабдықпен энергияны тұтыну: Ғимараттың сыртындағы жабдықпен (сыртқы жарықтандыру, субұрқақтар, көше жылытқыштар, қарды ерітетін жабдық және т.б.) энергияны немесе қуатты тұтыну.
Достарыңызбен бөлісу: |