Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет2/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#32373
1   2   3   4   5   6   7

Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства.

Мазмұны


1.

Қолдану аймағы

3

2.

Нормативтік сілтемелер

3

3.

Анықтамалар және терминдер


4

4.

Негізгі нормативтік ережелер

4

4.1

Жалпы ережелер

4

4.2

Негізгі көрсеткіштер

5

4.3

Қатты тұрмыстық қалдықтар түзілуінің бағдарлық нормалары

6

4.4

Учаскелерді таңдап алу

6

4.5

Қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау

7

4.6

Қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу нормасын есептеу әдістемесі

8

Қосымша А. ҚТҚ жинақталу нормаларын анықтау үшін нысандар мен есептік бірліктер

12

Қосымша Б. Тұрғын үйлер мен қоғамдық мақсаттағы нысандардың коммуналдық төлқұжаты (1-2 Формалар).

14

Қосымша В. Қала және ауыл елді мекендерін тұрғындарының санына қарай бөлу

16

Қосымша Г. ҚТҚ жинақталуының бағдарлық нормалары (1-4 Кестелер)


17

Қосымша Д. ҚТҚ жинақталу ведомостері (1-3 Формалар)

20


ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ

НОРМАЛАРЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА ОПРЕДЕЛЕНИЯ НОРМ НАКОПЛЕНИЯ

ТВЕРДЫХ БЫТОВЫХ ОТХОДОВ



Енгiзiлген уақыты – 2011.05.01

.


1. Қолдану аймағы
1.1 Бұл Әдістеме тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік органы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аймақтық органдары; қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, жоюды, зарарсыздандыруды және өтелдеуді жоспарлайтын, басқаратын және жүзеге асыратын басқа ұйымдардың қолдануы үшін жасалған.

1.2 Бұл Әдістеме Қазақстан Республикасының территориясында қолдану үшін жоспарланған қатты тұрмыстық қалдықтардың (одан әрі – ҚТҚ) түзілу нормасына, есептеулер мен тарифтік саясатқа қатысты жалпы әдістемелік талаптарды тағайындайды.

1.3 Бұл Әдістеменің ережелері ҚТҚ түзілуінің бағдарлық нормаларын және елді мекендерде жинақталатын және шын мәнісінде шығарылатын (жойылатын) қалдықтардың мөлшерін анықтау үшін қолданылады.

1.4 Бұл Әдістеменің ережелері қызметі ҚТҚ жинау, шығару және өтелдеу жүйесін жоспарлау мен басқаруға байланысты жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.


2. Нормативтік сілтемелер
Бұл Әдістемені қолдану үшін төмендегі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

- Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қазанындағы №1118 «ҚР бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр қуатын, жылу, ыстық су мен салқын су және басқа коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері туралы» Қаулысы;

- МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбекті қорғауды басқарудың жүйелері»;

- ҚР СНмЕ 2.04-01-2001. «Құрылыстық климатология»;

- ҚР СН 1.04-15-2002. «Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар»;

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 28.07.2010 ж. №555 санитарлық ережелерді бекіту туралы «Коммуналдық мақсаттағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Бұйрығы.


ЕСКЕРТУ. Бұл Әдістемені қолданған кезде сілтеме жасалған стандарттар мен классификаторлардың жұмыс жасау мерзімін жылма-жыл басылатын ақпараттық тізім және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын басылып шығатын ақпараттық бюллетеньдер мен тізімдер бойынша тексерген жөн. Егер сілтемелік құжат алмастырылған (өзгерген) болса, онда бұл Әдістемені қолданған кезде алмастырылған (өзгерген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат өзгермеген болса, онда құжатты сілтеме берілген ережеге қатысы жоқ бөлігінде қолданады.



Сонымен қатар, бұл стандартта ЕАСС Мемлекетаралық стандартының (Стандарттау мен сертификаттау бойынша Евразиялық орталық) МемСТ 12.0.230-2007 (ILO-OSH 2001) талаптары ескерілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет