Осы құрылыстық нормаларында, анықтамаларына сай келетін, келесі атаулар қолданылады:
3.1 Негіз: Құрылыс жұмыстары басталмай тұрғандағы алаңдағы топырақ, жартас немесе үйінді.
3.2 Шөгулер: Топырақтың, құрылымы түпкі өзгерістерге ұшырамаған жағдайдағы, сыртқы жүктемелер, кейде өз салмағы әсерінен нығыздалу деформациялары.
3.3 Беріктік: Материалдың әдетте механикалық кернеу бірліктерімен көрсетілген көрсеткіш.
3.4 Кедергi: Ғимарат элементінің немесе оның көлденең қимасының механикалық бұзылыстарсыз әсер қабылдау қабілеті, мысалы: топырақтың ығысуға деген беріктігі, майыстыру кедергісі, бойлық иілуге орнықтылық жоғалтпау кедергісі, созылу кедергісі.
3.5 Iргетас: Қадалар да енетін құрылыс ғимаратының жерасты көтеруші бөлігі.
3.6 Жеке қада: Қадалар шоғырында, қадалар тұтас алаңында, таспасында көрші қадалардан қашықтықта орналасқан қада.
3.7 Бұрғымалы бұралатын қада: Топыраққа айналдырып батырылатын, крест тәрізді ұшы және спиральдық бұрамасы бар темір құбырдан құралған қада.
3.8 Бұрандалы қада: Топыраққа бұралып батырылатын, металдық бұрандасы қалақтан және металдық құбырлы, көлденең қимасы қалақ қимасымен салыстырғанда едәуір кіші, бағаншадан құралған қада.
3.9 Бұрғыланып қиылысатын қада: Бұрғыланып толтырылатын қадалардың бір түрі. Таспалы немесе құрама (көтергіш және арабөлгіш) конструкциялар түрінде пайданылады.
3.10 Шоқпар тәрізді қада: Ұш жағы қағылғанан кейін кеңейтілген темірбетонды қада.
3.11 Камуфлет өкшелі қағылатын қада: Топыраққа төменгі жағы болат ұштықпен жабдықталған қуыс қада қағылып, сонан соң оның іші және басындағы ұштық бетонмен толтырылып, ұштық аумағында жарылыс көмегімен камуфлеттік өкше жасалады.
3.12 Ростверк: Қадалар топтарын немесе қатарларын жоғарғы жағынан біріктіретін бөлгіш арқалық немесе тақта.
3.13 Кері үйкеліс күштері: Қада айналасындағы топырақ шөккенде қаданың бүйірлік бетінде пайда болатын және тік төмен бағытталған күштер.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік құжаттың мақсаты
Нормативтік құжаттың мақсаты, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, беріктігі, пайдаланылуы мен жарамдылығы, экономикалық тиімділігі, төзімділігі бойынша техникалық қауіпсіздікті ескере, қадалы іргетастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сонымен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіретін қолайсыз тәуекелді болдырмай, шудан қорғау талаптарының да орындалуы.
4.2 Қызметтік талаптар
Қадалы іргетастар механикалық, технологиялық және экологиялық өлшемдері бойынша жобаланғанда, құрылыс және пайдалану кезінде келесі атқарушы талаптар орындалуға тиісті:
а) үймереттер мен ғимараттардың, беріктігі мен орнықтылығы бойынша, пайдалану кезінде ақауларсыз және бұзылуларсыз, жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әсерлерге төзе алуы;
б) нысанның өрт қауіпсіздігі – өртті болдырмау, өрт пен түтіннің таралып кетпеуін қамту, түтін жұтатын құрылғылар орнату және де қадалы іргетас негізінің көтеру қабілетін бүкіл, құрылыстық нормалары (ережелер жинағы) бекіткен, уақыт бойы сақтау;
в) санитарлық-гигиеналық жағдай бойынша талаптарды сақтау;
г) нақты жоба бойынша анықталған шудан қорғау және тағы басқа да талаптарды орындау.
5 ЖҰМЫСШЫ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Жалпы жағдайлар
5.1.1 Қадалы іргетастың құрылымын (табиғи және жасанды негіздердегі қадалардың), сонымен қатар, қадалардың түрлерін және қадалы іргетастардың типтерін (мысалы, қадалар шоғыры, таспасы, алаңы) таңдау кезінде, құрылыс алаңының инженерлік ізденістер материалдарында көрсетілген нақты жағдайын, топырақтың беріктік, деформациялық сипаттамаларын және іргетас материалдарының физикалық-механикалық қасиеттерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге және негізгі құрылыс материалдарын үнемдеп жұмсауға бағытталған талаптарды сақтай отырып, мүмкін болатын жобалық шешімдерді техникалық-экономикалық салыстыру негізінде таңдап алынған, іргетасқа әсер ететін есептік жүктемелерді ескеру қажет.
5.1.2 Қадалы іргетастарды құрылыс алаңындағы инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометеорологиялық ізденістердің нәтижелері негізінде, сонымен қатар, жобаланатын ғимараттар мен үймереттердің қызметін, құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерін, олардың пайдаланылу жағдайын, іргетасқа әсер ететін жүктемелерді және жергілікті құрылыс жағдайын ескере отырып, жобалау керек. Қадалы іргетастарды тиісті және жеткілікті инженерлік-геологиялық негіздемесіз жобалауға болмайды.
5.1.3 Инженерлік ізденістер нәтижелерінде, іргетастың, оның ішінде қадалы іргетасты жобалауға керекті, қадалардың түрлерін және құрылыс алаңындағы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлардың өзгеру мүмкіндігін (құрылыс және пайдалану кезеңдерінде) алдын-ала болжамдау арқылы олардың көлемдік өлшеулерін (қадалардың ұзындығының және көлденең қимасының өлшемдерін, қадалардағы есептік жүктемелерді) анықтауға арналған, сонымен қатар, игерілетін инженерлік шаралардың түрлері және көлемі жөніндегі мәліметтер болуға тиісті. Iзденістер материалдарында топырақтың зертханадағы және далалық жағдайдағы зерттеулерінің мәліметтері, ал кейбір жағдайда, қадалы іргетастарды жобалаушы мекеменің белгілеуі бойынша, қадалардың статикалық және динамикалық жүктемелермен жүргізілген сынақтаулардың нәтижелері келтірілуге тиісті. Сонымен қатар, топырақтар қабаттары, олардың екі шекті күйлер топтары бойынша есептеулерде пайдаланылатын физикалық-механикалық сипаттамаларының есептік мәндерімен, жерасты суларының болжамды және тұрақталған деңгейі, ал зондтау нәтижелері белгілі болған жағдайда-зондтау кестесі көрсетілген геологиялық қималар берілуге тиісті.
5.1.4 Жегілік ортада пайдалануға арналған қадалы іргетастарды жегілік ортада іргетастар мен негіздерді жобалау бойынша шарттарына сәйкес, ал қадалы іргетастардың ағаш құрылымдарын сонымен қатар, шіруден, бүлінуден және ағаш құртымен зақымданудан сақтау жөніндегі талаптарды ескере отырып жобалау керек.
5.1.5 Осы бөлімнің ережелері, қағылып, басылып, бұралып немесе бұрғыланып, бұрғылау кезінде бетондалып немесе бетондалмай, орнатылған, топырақтық негізге қапсырылған, жұлынатын және көлденең жүктелген қадаларды жобалауға арналған.
5.1.6 Осы бөлімнің ережелерін қадалы-тақталық іргетастарға тікелей қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |