9.1 Гидротехникалық ғимараттарды өртке қарсы шаралары және олардың өртке қауіпті санаттары қолданыстағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуі керек.
9.2 Әр тұрмыстық бөлмеде, өртті қадағалау уәкілетті органдарымен келісілуі бойынша өнеркәсіптің техникалық басшысымен бекітілген өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі инструкция, сонымен қатар бастапқы өртті сөндіру құралдары болуы тиіс.
10 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
10.1 Гидротехникалық ғимараттарды пайдалану барысында, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария бойынша қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес, әр жұмыстың түріне қатысты орнатылған қауіпсіздік техника ережелері сақталуы тиіс.
10.2 Қауіпсіздік техника ережелерін жалпы сақтауды және басшылық етуді пайдалануға беретін ұйым жүзеге асырады. Пайдалану қызметіндегі әр жұмысшы, өз жұмыс орнында қауіпсіздік техника ережелерін біліп, оларды орындау керек. Пайдалану қызметінің техникалық қызметкерлері әр квартал сайын жұмыс орнында инструктаж өткізеді, оны жұмыс орнында инструктаж тіркейтін журналға жазып қояды.
10.3 Төтенше жағдайларды алдын алатын және олардың пайда болуы кезінде нұқсандарды төмендету мақсатында, келесі шараларды өндеу керек:
-
төтенше жағдайлар кезінде хабарландырулар жүйелерін өндеу;
-
гидротехникалық ғимараттарда қауіпті бұзылулар мен апаттық жағдайларды жедел алдын алатын, нысанда қажетті құрылыс материалдары қорының болуы;
-
қызметкерлермен апаттық құралдар байланысының болуы;
-
гидротехникалық ғимараттарда апаттық жағдайларды жою кезінде, нысанда қызметкерлердің жедел жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын жоспарының болуы.
10.4 Лаңкестілік байбаламдарға қарсы шаралар өндеу қажет, яғни лаңкестілік әрекет байбаламдарын алдын алу бойынша әрекеттер өндеу, сонымен қатар оның болуы кезінде, оларды жою бойынша шаралар қарастыру.
Қарастыру қажет:
-
гидротехникалық ғимаратты тұрақты бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
қызметкерлер арасында түсіндірмелі жұмыстар жүргізу;
-
қызмет телефон нөмірлері көрсетілген щиттерді іліп қою;
-
тиісті жағдайларда кіреберіс жолдардан тұру.
11 АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
11.1 Барлық гидротехникалық ғимараттарда, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша заңдылықпен қарастырылатын ережелер мен нормалардың орындалуы қамтамассыз етілуі керек, сонымен қатар апаттарды, қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруларды жоятын және алдын алатын шаралар жүргізілуі тиіс.
11.2 Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін гидротехникалық ғимараттарды пайдалануға беру тиым салынады.
11.3 Гидротехникалық ғимараттардың құрылысы және пайдалануға беру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария ережелері мен нормаларының сақталуын тексеретін мемлекеттік бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бойынша уәкілетті органдар арқылы жүзеге асады.
11.4 Гидротехникалық ғимараттарды тұрғызу және пайдалануға беру бойынша қауіпсіз жұмыстарды қамтамассыз ететін негізгі талаптарға жатады:
-
жұмысқа арнайы дайындығы мен біліктілігі бар тұлғалар ғана жіберіледі, ал гидротехникалық ғимараттарды басшылық етуге, сәйкес келетін, арнайы білімі бар тұлғалар жіберіледі;
-
гидротехникалық ғимараттарды тұрғызу және пайдалануға беру бойынша жұмыстармен айналысатын тұлғаларды арнайы киіммен, жеке және ұжыммен қорғанатын құрадармен қамту;
-
қауіпсіздік талаптарына, сонымен қатар санитарлық ережелер мен тазалық нормативтерге сәйкес келетін көліктерді, жабдықтар мен материалдарды қолдану.
11.5 Гидротехникалық ғимараттардың басшылары жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төнуінің мүмкіндігі кезінде, мезет жұмыстарды тоқтатып, жұмысшыларды қауіпсіз орындарға жеткізуге міндетті.
12 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
12.1 Гидротехникалық ғимараттар нысандарын пайдалануға беру, жобада қарастырылған барлық экологиялық талаптардың толық көлемде орындалған жағдайы кезінде және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құрған, қабылдағыш комиссия әрекеті бойынша жүзеге асады.
12.2 Гидротехникалық ғимараттардың экологиялық қауіпті нысандарында жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібі, табиғатты тұтынушы арқылы өнделген арнайы жағдайға сәйкес орнатылуы тиіс.
12.3 Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен инструкциялардың бұзылуын тапқан немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды, сонымен қатар қоршаған ортаның кірленуін анықтаған жұмыскер, қолынан келгенше жою немесе алдын алу шараларын қолданып, пайда болған оқиға туралы диспетчерлерге немесе басшылыққа хабардар етуге міндетті.
12.4 Табиғат тұтынушы болған апаттар мен қоршаған ортаға келіп түсетін ластандыратын заттармен пайда болатын апаттар жөнінде, оларды көргеннен бастап, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды екі сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
12.5 Жер қойнауын пайдаланушы міндетті:
-
жұмыстарды жүргізу кезінде, халықаралық тәжірибеде қабылданған, стандарттарға негізделген технологиялар мен тиімді әдістерін тандауға;
-
жер қойнауын тиімді пайдалануға, жұмысшылардың, тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамассыз ететін технологиялық схемалар мен жұмыстарды жүргізу жобаларын сақтауға.
13 СЕЙСМИКАЛЫҚ АУДАНДАРДА ТАУ КЕН ЖҰМЫСТАРЫМЕН ӨНДЕЛГЕН АЙМАҚТАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
13.1 Осы құрылыс нормаларының ережелері тау кен жұмыстарымен өнделген аймақтардағы, нормативтік сейсмикалығы 6 баллдан және MSK-64 сейсмикалық шкаласы бойынша одан көп аймақтарда орналасқан немесе орналасатын гидротехникалық ғимараттар үшін арнайы талаптарды орнатады.
13.2 Нормативтік сейсмикалықты анықтау барысында Қазақстан Республикасы аймағының жалпы сейсмикалық аудандыру картасын қолдану ұсынылады.
13.3 Жобаланатын, тұрғызылатын және пайдаланылатын тау кен жұмыстарымен өнделген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың сейсмикаға төзімділігін қамтамассыз ету үшін, келесі талаптар орындалуы керек:
-
құрылыс алаңының бастапқы және есептік қызметі арқылы жобалау кешені кезеңінде арнайы зерттеулер жүргізу, сейсмикалықпен байланысты қауіпті үрдістер мен құбылыстардың болуы, есептік сейсмикалық әсерлерді анықтау, сейсмикалық есептік әсерлердің жиынтығын алу;
-
ғимараттың сумен және топырақпен динамикалық өзара әсерлесуін ескеру арқылы, ғимараттардың және олардың элементтерінің төзімділігі мен беріктігін бағалау бойынша есептеулердің жиынтығын орындау (ал қажет болған жағдайда сынақтардың да);
-
ғимараттың сейсмикалық төзімділігін жоғарлататын материалдар мен құрылымдық шешімдерді қолдану;
-
қауіпті геодинамикалық құбылыстарды анықтау кезінде ғимаратты пайдаланудың үрдісін жүргізу жөнінде, соған орай – жер сілкіңісін бақылау бойынша жобаға арнайы бөлімдегі ерекше жауапты ғимараттарды қосу;
-
гидротехникалық ғимараттардың және олардың негізінің жағдайын кезеңдік тексеру, соған 5 баллдан және одан жоғары жерсілкіңісі болып өткеннен кейін.
13.4 Тау кен жұмыстарымен өнделген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттар есептік жерсілкіңісін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз етіп, меншіктік жөндеуге жарамдылығын сақтау арқылы (су тежеуіш ғимараттар үшін арыңды жинақ құрамында – жоғарғы бьеф деңгейіндегі пайдалану ережелерінде қарастырылған жағдайында қабылдануы керек. Бұл жағдайда ғимараттың қалыпты жағдайын бұзбайтын қалдық ығысулар, деформациялар, жарылулар мен басқа да бұзылулар рұқсат етіледі. I және II классты арыңды жиынтық құрамындағы су тіреуіш ғимараттар ең үлкен есептік жерсілкіңісін арыңды жиынтықтың немесе меншікті бұзылу қауіпісіз қабылдауға қабілетті болуы керек.
13.5 Сейсмикалық микроаудандыру сияқты, инженерлік-геологиялық ізденістерде де қабаттың тереңдігі бойынша, ауданның геологиялық түзілісі ерекшеліктеріне сәйкес топырақтың сейсмикалық қасиеттері анықталынуы керек.
Топырақтың категориясы және оның физикалық-механикалық және сейсмикалық сипатамалары, ғимараттың пайдалану және құрылысы кезінде топырақтар қасиеттерінің мүмкін болатын техногендік өзгерістеріне сәйкес анықталынуы тиіс.
Егер аймақтың есептік сейсмикалығы ЕЕЖ әдістері арқылы анықталынған жағдайда, ғимарат негізі топырақтарының жылдамдық, жиілік және резонансты сипаттамалары қосымша анықталынады.
13.6 Сейсмикалық әсерлер, егер аймақтың есептік сейсмикалық шамасы 7 балл және одан жоғары болғанда ескеріледі.
Сейсмикалық әсерлер жүктер мен әсерлердің ерекше үйлесімдер құрамына қосылады.
13.7 Су тіреуіш ғимараттардың құрамындағы арыңды жиынтықтың I немесе II классына сейсмикалық ауданда мүмкін болатын ошақтың негізгі шекаралары мен, олардың сипаттамалары мен орналасуы орнатылуы керек, соған қоса онда сейсмикалық әсерлердің және ғимаратқа әсер ететін сейсмикалық толқындардың бағыты мен орналасу сипаттамалары айқындалып көрсетілуі тиіс.
13.8 Гидротехникалық ғимараттардың және олардың негіздерін есептеуде, келесі сесмикалық жүктеулер ескерілуі тиіс:
-
ғимараттың және оның негізінің көлемі бойынша таратылған (сонымен қатар бүйірлік себінділер) инерциялық күштер;
-
ғимараттың сумен түйісуі беті бойынша гидродинамикалық қысымының таратылуы, ол инерциялық әсермен пайда болып, ғимарат негізінің сұйықтық бөлігінде ауытқиды;
-
гидродинамикалық қысым, су қоймасының бетінде жерсілкіңісі толқындары кезінде пайда болады.
Қажетті жағдайларда ғимараттың негізінде блоктардың үйлесімді жылжуы ескеріледі, олар сейсмикалық толқындардың өтуімен пайда болады.
Сонымен қоса, жерсілкіңісі құбылыстарымен байланысты мүмкін болатын әсерлер ескеріледі, олар: тектоникалық бұзылулар бойынша ығысулар, топырақтың отыруы, құлаулар мен көшкіндер, топырақтың жабысуы.
Негіздің инерциялық қасиеттерін ескермеу, арнайы негіздеме болған жағдайда рұқсат етіледі.
13.9 Гидротехникалық ғимараттар ғимараттардың түрі мен классына және есептік жерсілкіңісінің деңгейіне байланысты динамикалық теория немесе сызықтық-спектрлік теория әдістері арқылы сейсмикалық әсерлерге есептелінуі керек.
13.10 Негізде, бүйірлік есбіндіде немесе гидротехникалық ғимараттың денесінде байланыспаған суға қаңыққан топырақтардың немесе әлсіз байланысқан топырақтардң болуы барысында, зерттеулерді осы топырақтардың мүмкін жабысу дәрежесі мен саласында бағалау үшін орындау қажет. Осы зерттеулер нәтижесінде алынған кеуекті қысым тапшылығы жөніндегі мәліметтер көрсетілген топырақтардың деформациялық және беріктік қасиеттерін анықтау кезінде қолданылуы керек.
Бұл жағдайда сейсмикалық әсерлер кезінде мүмкін болатын әсерлерді ескеру керек, сонымен қатар басқа да локальды қайта нығыздалу және топырақтардың бұзылуы сияқты әсерлерді (мысалы, көрсетілген ғимараттың элементтерінде сазды тиксотропты топырақтардың болуы– осы топырақтардың аққыштығы мүмкін болған жағдайда).
13.11 Гидротехникалық ғимараттардың және олардың негіздерін сейсмикалық жүктердің есебімен тексеру ҚР ҚН және Е 3.04-04 нұсқауларына сәйкес жасалыну керек.
Ғимарат есептік схема бойынша өзінің орнықтылығын жоғалтып, топырақ сілемінің бөлігімен бірге жылжыған жағдайда, ғимараттар мен негіздердің орнықтылығын есептеген кезде негізідің есеп облысының жылжытылатын бөлігінде топырақтың сейсмикалық күштерін ескеру керек. Топырақтың сейсмикалық күштерін ескеру схемасының басқа түрін таңдау тиісті негіздемені талап етеді.
Жылжытылатын топырақ сілемдерінің шекті күйін анықтаудың, сонымен қатар шөгу кезіндегі бүйір қысымын табудың нақты тәсілдері жобалық ұйымдармен конструкциялардың ерекшеліктерін және ғимараттарды пайдалану шарттарына сәйкес қабылданады.
Ескерту - Егер топырақ сілемдері ғимараттың екі бүйір жақтарымен жанасып жатса, онда орнықтылықты есептеуде екі топырақ сілемдеріндегі сейсмикалық күштер бір бағытта әрекет етеді және осының әсерінен ғимараттың бір жағына түсетін жалпы қысымды арттырады және қарсы жатқан бүйірге түсетін қысымды азайтады.
13.12. Гидротехникалық ғимараттарды жобалаған кезде оның үстіңгі қырларында сорғыларды орналастыру болжамдалса, сейсмикалық әсерлер кезінде беріктік пен орнықтылықты есептегенде бұл сорғылардың ықпалын ескеру керек.
Сонымен бірге сорғылардың есеп нысаны ретінде өзіндік ерекшеліктерді ескеру керек:
-
ғимаратты пайдаланудың әр түрлі уақыттық кезеңдерінде сорғылар қабаттарының ауыспалы биіктігі;
-
сорғыларды қиыстыратын топырақтардың елеулі бірыңғайсыздығының мүмкіндігі және олардың сорғылар қабаттарының биітігі бойынша физика – механикалық қасиеттері;
-
сорғыларды қиыстыратын топырақтардың уақыт бойынша құрамы мен қасиеттерінің өзгеру мүмкіндігі.
Ғимаратты пайдаланудың әр түрлі уақыт кезендері үшін оның жоғарғы қырындағы сорғылар жағдайларының негізгі ерекшеліктері ғимараттың жобалау кезінде анықталуы және ғимаратты пайдалану барысында заттай бақылау және зерттеулердің мәліметтері бойынша дәйектелуі тиіс.
13.13 Ғимараттың жармасында, су қоймасы аймағында және астыңғы бьефте жер сілкінісі әсерінен тау жыныстарының үлкен массаларының және жеке тасты сілемдерінің бұзылуы су торабының негізігі үймереттерінің зақымдануына, асу толқындарының пайда болуы және елді мекендер немесе өндірістік ұйымдарды су басуына, гидротехникалық ғимаратты қалыпты пайдалануына нұқсан келтіретін әр түрлі зақымдардың пайда болуына алып келетін әлеуетті қауіпті жаға еңістер орнықтылыққа тексерілуі тиіс.
Жаға еңістері үшін «қабылданған қызмет мерзімі» берілген су торабының ғимараттардың максималды мәніне тең.
13.14 Гидротехникалық ғимараттарды, олардың негіздерін және жағалық еңістерді орнықтылыққа есептеген кезде сейсмикалық күштер әсерлерінен туындайтын қосымша (динамикалық) будың қысымын, сонымен қатар деформациялық, беріктілік және басқа да топырақ ерекшеліктерін ескеру керек.
13.15 Гидротехникалық ғимараттарды сейсмикалық әсерлеріне есептегенде өзіндік тербелістер периодтарын және сейсмикалық күштерін анықтаған кезде ғимаратпен бірге тербелетін сұйықтық бөлігінің инерциялық әсерін ескеру керек.
13.16 Ғимаратты тектоникалық жарылым жерінде орналастыру қажеттілік туындаған кезінде су торабының негізгі үймереттері бірыңғай құрылымды - тектоникалық блокта, оның шекарасында үймерет бөліктерінің өзара жылжулар мүмкіндігі жойылатын жерде орналастырылуы керек.
Ғимарат бөліктерінің өзара жылжуларын жоюға мүмкін болмаған кезде жобада үймереттің қауіпсіздігіне зақым келтірмейтіндей дифференциалды жылжуды қабылдай алатын арнайы конструктивтік шаралар жасалануы тиіс.
13.17 Ғимараттың орнықтылығы бұзылуы мүмкіндігі болған жағдайда, сонымен қатар үймереттің денесіндегі және негіздердегі сұйылту салдарынан шамадан тыс деформациялардың дамуы және үймереттің денесіндегі және негіздірдегі топырақ күйінің сейсмикалық әсерлер нәтижесінде басқа да құрылымдық өзгеруі кезінде жасанды нығыздау немесе бұл топырақтарды күшейтуді ескеру керек.
13.18 I және II классты су тірек ғимараттар жобасында құрылыс аймағының есептік сейсмикалық деңгейі жобалық жер сілкінісі 7 балл және одан жоғары болғанда, сонымен қатар басқа да геодинамикалық процесстердің қауіпті көрінісі мүмкін болғанда (қазіргі тектоникалық қозғалыстар, көшкіндер, кернеулік-деформациялық күйдің немесе геологиялық ортаның үстіңгі бөліктерінің гидрологиялық режимдерінің кенет өзгеруі және т.б) геодинамикалық бақылаудың кешенді жүйесінің кешенді жиынтығын жасауды ескеру керек.
Геодинамикалық бақылау кешенді түрде жасалынады және құрылыстың басталуынан гидротехникалық ғимаратты пайдаланудың аяғына дейін барлық уақытты қамтиды.
13.19 Барлық гидротехникалық ғимараттар, олардың міндетіне, классына, конструкциялары мен жасалыну материалдарына тәуелсіз 5 балл және одан жоғары сейсмикалық күштерінің әсерінен кейін сараптамаға ілінуі тиіс. Сонымен бірге ғимаратта орнатылған барлық бақылаушы өлшеуіш аппаратураларының көрсетулері қолма-қол талдану, сонымен қатар үймеретті барлау керек. Белгіленген деректер негізінде беріктіктің, орнықтылықтың және ғимараттың пайдалану сапасының сараптық және есептік бағалауы жүргізіледі.
Ғимаратты барлау және оның күйінің (беріктіктің, орнықтылықтың және пайдалану сапасының) ұқсас бағалауы ғимаратта бақылаушы өлшеуіш аппаратураларының орналастырылмаған кезінде де жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |