КІРІСПЕ
Берілген нормативтік құжат Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін құрылыста нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленген және көлік құрылысының қауіпсіздігін қамтамассыз ететін техникалық регламентін дәлелдеуші база элементтерінің бірі болып табылады.
Осы құрылыс нормаларын өнеркәсіптік көліктің түрлі құрылғылары мен құрылысын жобала, нормативтік ережелер жиынтығын тұрады, ол жаңа объектілерді жобалауға және қолданыстағыларын, сонымен қатар өнеркәсіптік көліктің жеке ғимараттарын, құрылысы мен құрылғыларын, тиеу-түсіру объектілерімен қоса, өндіріс саласына және жеке меншік нысанына тәуелсіз қайта құруға қойылатын негізгі талаптарды бекітеді.
ЕСТЕЛІКТЕР ҮШІН
____________________________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК
ПРОМЫШЛЕННЫЙ ТРАНСПОРТ
|
Енгізілген күні 2015–07–01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары жаңа объектілерді жобалауға және кешенділерін, сонымен қатар өнеркәсіптік көліктің әр түрінің жеке ғимараттарын, құрылысы мен құрылғыларын халық шаруашылығы саласына, ведомостволық бағыныштылығына және жеке меншік нысанына тәуелсіз қайта құруға қойылатын талаптарды бекітеді. Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік көлігінің барлық түрлеріне қатысты.
1.2 Осы құрылыс нормалары жеке ғимараттарға, жалпы қолданыстағы құрылыстар мен құрылғылар объектілерге қатысты емес.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтеме нормативтік құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының заңы «Техникалық реттеу жөніндегі» 9 қараша 2004 жылдан № 603- 11.
Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Өрт қауіпсіздігі жөнінде» 6 қаңтар 2009 жылы № 14 бекітілген.
Техникалық регламент «Темір жол көлігінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және онымен байланысты инфраструктура» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 04 тамыз 2010 жылы № 794 бекітілген.
Техникалық регламент «Автокөлік жолдарын жобалау кезінде қауіпсіздік талаптары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 31 наурыз 2008 жылы № 307 бекітілген.
ҚР ҚНжәнеЕ 2.02-05-2002 «Ғимараттар мен құрылғылардың өрт қауіпсіздігі».
ҚР ҚНжәнеЕ 3.03-09-2006 «Автокөлік жолдары».
ҚР ҚБҚ 1.04-15-2002 Жүк аспалы жолдарды қауіпсіз пайдалану ережесі.
№ 22 16.01.2012 жылдан Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері.
ЕСКЕРТУ Осы құрылыс нормаларын пайдалану кезінде жыл сайын ағымдағы жыл жағдайы бойынша құрастырылатын ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілдер тізімі», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарының көрсеткіші және «Мемлекет аралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» бойынша сілтеме құжаттар әрекетін тексеру мақсатты. Егер сілтеме құжат алмастырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті пайдаланған кезде алмастырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алған жөн. Егер сілтеме құжат алмастырылмастан алып тасталған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Құрылыс нормаларының осы редакцияларында сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер пайдаланылды:
3.1 Тереңдетілген балласт қабат (призма): Ойыққа, үстіңгі жағы жоспарланған аумаққа жанасатын бетімен бір деңгейде болатындай салынған балласт қабат (призма).
3.2 Көлік бермасы: Технологиялық көлік коммуникациялары орналасқан аршық кертпешінде горизонталь немесе көлбеу алаң.
3.3 Жолдың жоғарғы құрылысы: Жылжымалы құрам қозғалысын бағыттауға, жылжымалы құрам доңғалақтарының қысымын қабылдауға және оны жер жолағына, көпірлердің, эстакадалардың, жол өткелдерінің аралық құрылысына беруге арналған теміржол жолы конструкциясының бөлігі; балласт қабаттан, шпалдардан, рельстерден, бекітпелерден, айдап кетуге қарсы құрылғылардан, ауыстырмалы білеулері бар бағыттамалы бұрмадан тұрады.
3.4 Алаң ішілік теміржол және автомобиль жолдары, конвейерлік, гидравликалық, арқандық аспалы көлік желілері: Кәсіпорын аумағында және жекеленген өндіріс аумақтарында болатын теміржол жолдары, автомобиль жолдары, үздіксіз көлік.
3.5 Теміржол жылжымалы құрамының габариті: Сыртқа шықпастан тік горизонталь жолда (жол табанында анағұрлым ыңғайсыз орналасуы және рессорларда бүйірлік көлбеу мен динамикалық тербелістер болмаған кезде) бос күйінде, сондай-ақ жүктеулі күйінде қойылған, сонымен қатар максимум нормаланатын тозуы бар теміржол жылжымалы құрамы орналасуы тиіс жол осінің көлденең перпендикуляр кескіні.
3.6 Құрылысқа жақындау габариті: Ішінде жылжымалы құрамнан басқа құрылыс пен құрылғылардың ешқандай бөліктері, сонымен қатар жол жанында жатқан материалдар, жылжымалы құраммен тікелей өзара әрекеттесуге арналған құрылғылардың бөліктерін қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар түспеуі тиіс жол осінің көлденең перпендикуляр кескіні.
3.7 Гидроқоспа (қоймалжың): Ірілігі әр түрлі сусымалы немесе ұсатылған қатты материалдардың сумен механикалы қоспасы.
3.8 Жалпы пайдаланылмайтын теміржол көлігі: Жалпы пайдаланылмайтын теміржол жолдары, ғимараттар мен үймереттер, жеке жағдайларда теміржолдың жылжымалы құрамы, сонымен қатар келісім-шарт негізінде жалпы пайдаланылмайтын орындарда жұмыстарда (қызметтерде) жеке және заңды тұлғалардың қажеттілігін қамтамасыз етуге немесе жеке басының қажеттілігіне арналған басқа мүлік енетін өндірістік-технологиялық кешендер жиынтығы;
3.9 Технологиялық кәсіпорындардың теміржол көлігі: Кәсіпорындар аумағында тауарлардың орнын ауыстыруға және кәсіпорынның жеке қажеттілігі үшін теміржол жылжымалы құрамына бастапқы-соңғы операциялар жүргізуге арналған теміржол көлігі.
3.10 Жер жолағы: Жер бетін өңдеу нәтижесінде алынатын және теміржол жолдарының үстіңгі құрылысын немесе автомобиль жолының жол төсемесін салуға, жолдардың төзімділігін және оны атмосфералық және жер астысуларының әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге арналған грунттық құрылыс кешені. Темір жолдардың жер жолағы құрамына үйінді, ойық, сонымен қатар қорлар, кавальерлер және су ағызғыш құрылғылар (кюветтер, астаушалар, тау маңы және банкет сырты шұңқырлары, сорғытқыштар және т.б.), бекіткіш және қорғаныш құрылыстар енеді. Автомобиль жолдарының жер жолағы өтер бөлігінен, екі жол жағасы, бөлгіш жолақтан немесе парапеттерден құралады.
3.11 Жолдың геометриялық элементтерінің мәні: Нормативтік, немесе жол учаскелерінің және ондағы құрылыстың жоспары мен бейіні элементтерінің есептік сандық мәндері (конструкциялық элементтер ені, жоспарда және бойлық бейінде қисықтар радиусы, еңістер және т.б.).
3.12 Басшылық етуші көлбеу: Ең үлкен бойлық көлбеу, есептік жылдамдықпен орнатылған норма салмағымен поездың қозғалысын қамтамасыз етуші.
Достарыңызбен бөлісу: |