Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ



бет3/10
Дата19.06.2016
өлшемі439 Kb.
#148011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ



4.1 Нормативтік құжат мақсаты
4.1.1 Нормативтік құжаттардың мақсаты келесілерді қамтамасыз етуге бағытталған:

- негізгі ғимараттардың, құрылыстар мен өнеркәсіптік көлік объектілерінің сенімділігі мен беріктілігі, оның кідіріссіз жұмысын;

- қауіпті және тез тұтанатын жүктерді тасымалдау кезінде адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін;

- әр түрлі өнеркәсіптік көлік түрлерінің олардың айырмашылықты ерекшеліктерінің есебімен өрт қауіпсіздігін;

- жер, жер қойнауларын, су ресурстарын, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануар әлемін қорғау туралы қазіргі заңнаманың талаптарын қанағаттандыратын қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қазіргі нормативті-техникалық құжаттарды.
4.2 Функционалдық талаптар
Осы құрылыс нормаларының талаптары негізгі техникалық құрылымдар мен өнеркәсіптік көліктің құрылғылары және санитарлы-гигиеналық талаптарын орындау, адамның денсаулығы мен өміріне қоршаған ортаға қолайсыз жағдайлардың пайда болуын болдырмау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының «Техникалық басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен құрылғылардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігі жөнінде», «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» және «Темір жол көлігіне қауіпсіздік талаптар және онымен байланеысты инфрастуктуралар» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өнеркәсіптік көліктің қазіргі объектілерінің реконструкциясына және жаңа объектілердің жобалануы мен құрылысына бағытталған, сонымен қатар нормативтік құжаттарға ҚР ҚНжәнеЕ 3.03-09-2006, ҚР ҚБҚ 1.04-15-2002 бағытталған.

КӨЛІКТІҢ ЦИКЛДІК ТҮРЛЕРІ
5 ЖОЛТАБАН ЕНІ 1520 ММ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Жобалау бірінші кезекте өнеркәсіптік теміржол көлігін Техникалық пайдалану ережелерінде (ТПЕ) мазмұндалған поездар қозғалысының негізгі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.1.2 Өнеркәсіптік теміржол көлігінің жобалары жанасу станциясы жұмысының технологиясын, жеке жағдайларда – жалпы пайдаланылатын теміржол желілерінің ең жақын учаскелік немесе сұрыптау станцияларын ескеретін негізгі өндіріс талаптарынан шыға отырып әзірленеді (одан әрі – жалпы пайдалану желілері).

5.1.3 Өнеркәсіптік теміржол көлігінде инженерлік коммуникацияларды жобалау өртке қарсы қауіпсіздік құрылғыларының құрылысын қарастыруы, сонымен қатар төмендегілерге сәйкес келуі тиіс:

- Қауіпті және оңай тұтанатын жүктерді тасымалдау кезінде адамдар мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау ережелері;

- Қазақстан Республикасының 16.01.2012 № 22 Өрт қауіпсіздігі ережелері.
5.2 Жолтабан ені 1520 мм теміржол көлігінің негізгі есептік параметрлері
5.2.1 Жоғарыдан және жанынан қарағандағы бейіні
5.2.1.1 Басқарушы көлбеу шамасы (әрбір жеке кірме және жалғағыш жол үшін) поездың есептік массасына, тартым түрі мен еселігіне, локомотив типіне байланысты тасымалдау көлеміне, топографиялық шарттарға сәйкес тартымдық және техника-экономикалық есептеулер негізінде таңдалуы тиіс.

Сәйкес негіздеу кезінде қозғалыс бағыттары бойынша жүк ағындары өлшемдерінің перспективада анық айқын және тұрақты айырмасы бар жолдар үшін бағыттар бойынша түрлі басқарушы еңістер қолдануға жол беріледі.

5.2.1.2 Бөлек пункттардағы жолдардың жоспары және бойлық бейіні.

Бөлек пункттар мен жеке парктерді жолдың тік учаскелерінде орналастырған жөн. Тартымдық жолдарды тік учаскелерге орналастырған жөн. Кері қисықтарда тартымдық жолдардың орналасуына жол берілмейді. Бөлек пункттардың қылтасын жолдың тік учаскелеріне орналастырған жөн. Ерекше қиын жағдайларда және қолданыстағы бөлек пункттарды қайта құру кезінде сәйкес негіздеу кезінде қылталарды бағыттамалы бұрмаларды салудың сәйкес сұлбаларын қолдану арқылы орналастыруға болады. Айқаспа сыртындағы қисықтармен (поездардың аялдамасыз өтуі қарастырылатын жолбардан басқа) қоса бөлек пункт жолдарының қисық сызықты учаскелерінде, сыртқы рельстің көтеріңкі жерін, ауыспалы қисықтарды және шектес қисықтар арасында тікелей қосындыларды қарастырмауға рұқсат етіледі.

5.2.1.3 Тиеу-түсіру жолдарының жоғарыдан және жанынан қарағандағы бейіні.

Тұрақты технологиялық тиеу-түсіру жолдарын тік учаскеде орналастырған жөн.. Аршық үңгубеттерінде және үйінділерде жолдар, тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандыратын сигналдармен қоршалған сақтандырғыш тіреулермен аяқталады. Жарылғыш материалдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйылтылған көмірсутегі газдары мен өрт қауіптілігі жоғары басқа газдарды тиеу және түсіру үшін арнайыландырылған жолдарды орналастыруды сәйкес қоймалар мен жүк шептерін жобалау бойынша талаптарды ескере отырып, қабылдаған жөн.


5.2.2 Жер үйіндісі
Жоспарланатын аумақтарда жер үйіндісін жобалауды, ережеге сай, тереңдетілген немесе жартылай тереңдетілген балласттық қабаты бар жолдар төсемесі астында, жоспарланбайтын аумақтарда – ашық балластық қабаты бар жолдар төсемесінің астына қарастырған жөн. Кірме және технологиялық теміржол жолдарының жер үйіндісінкәсіпорынның бас жоспарымен, алаңның вертикаль жоспарымен және алаң ішілік су бұрғышпен байланыстырып жобалаған және беріктігін есептеген жөн. Нашар топырақтарда беріктігі мен төзімділігін тексеруді кез келген осьтік жүктеме кезінде жүргізген жөн. Жер жолағының сенімділігін қамтамасыз ету үшін төмендегілерді қарастырған жөн:

- топырақты, оның ішінде негізгі алаң, табиғи негіз аймағында үйіндімен, сонымен қатар үйінділердің үйме грунттарында (тау жыныстары) тұрғызылатын үйме табандарын тығыздау.

- жер жолағының құрылысы үшін, құм бөлшектері болатын құмдақтан басқа, барлық түрдегі сазды грунтты пайдалану кезінде сорғытқыш грунттан (геотекстильмен комбинация мүмкіндігі) тұратын қорғаныш қабатының (жастықтар) балласттық призмасы астына орнату;

- техника-экономикалық негіздеу негізінде геотоқыма материалдарын негізгі алаңда, қорғаныш қабатының астына, қиябеттерде, сонымен қатар нашар негізде қолдану;

- аяздан қабару деформациясын, оның ішінде жылу оқшаулағыш материалдарды (көбікпластарды, қожды, шымтезекті) пайдалануды болдырмау;

- жер бетіндегі және жер асты суларын бұру.


5.2.3 Жолдың жоғарғы құрылысы
5.2.3.1 Жылжымалы жолдардан басқа жолдың жоғарғы құрылысының орналасуын жолдың ішкі категориясына, жүктерді тасымалдау көлеміне және жылжымалы құрамның осьтік жүктемесіне байланысты қабылдаған жөн. Жолдардың екі жолды және көп жолды учаскелері үшін тасымалдау және осьтік жүктеме көлемімен ерекшеленетін жүктік және бос бағыттар немесе жолдар үшін жоғары құрылысының түрлі қуатын қолдануға жол беріледі.

5.2.3.2 Жолдың қисық учаскелерінде балласттық призма қалыңдығын тік учаскелер үшін бекітілген қалыңдықтағы балласттық қабаттың ішкі рельсі астында сақтаған кезде сыртқы рельстің көтерілуін ескере отырып қабылдаған жөн.

5.2.3.3 Балласттық призма беті ағаш шпалдар бетінен е төмен және темірбетон шпалдардың ортаншы бөлігінің бетімен бір деңгейде болуы керек. Балласттық призма беті беттік сулар ағысын қамтамасыз ету үшін тік бір жолды учаскелерде жол осінен жол жағасына қарай көлбеумен жоспарланған болуы керек; екі жолды учаскелер үшін осындай көлбеуді жол аралық осьтен қарастырған жөн.

6 ЖОЛ ТАБАНЫ 750 мм ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНЕ ТАЛАПТАР
6.1 Негізгі ережелер
6.1.1 Осы тарау нормалары жер асты кен қазбаларының жолтабаны 750 мм теміржол жолдарына, өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысқан, сонымен қатар оларды пайдалану (аршықтарда үңгубет жолдары, үйінді жолдары, шымтезек қазбаларында тасымалдамалы жолдар, ағаш тасу тармақтары) кезеңінде жоспарда және бойлық бейінде орын ауыстыратын жұмыс жолдарына және салынатын жолдарға қатысты емес.
6.2 Жол табаны 750 мм теміржол көлігінің негізгі есептік параметрлері
6.2.1 Жоғарыдан және жанынан қарағандағы бейіні
6.2.1.1 Аралықтардағы жолдардың жоғарыдан және жанынан қарағандағы бейіні.

Жолдың қисық учаскелерін мүмкіндігінше үлкен радиустермен жобалаған жөн. Жылжымалы құрам айналатын немесе вагондарға тіркеу жүргізілетін жолдарға арналған қисықтардың радиусынан кем болуы керек. Бағыттамалы бұрмаға жанасатын қисықтың радиусы жанасатын бағыттамалы бұрманың ауыстырмалы қисығының радиусынан кем болмауы керек.

6.2.1.2 Бөлек және тиеу-түсіру пункттарында жолдардың жоспары және бойлық бейіні. Станцияларды, разъездер мен басып озу пункттарын, сонымен қатар жеке парктерді жолдың тік учаскелеріне орналастырған жөн. Кері қисықтар болған кезде барлық жағдайларда қауіпсіз маневрлік жұмыс үшін жеткілікті көрінерлікті қамтамасыз еткен жөн. Бөлек пункттардың жолдарындағы, сонымен қатар тиеу-түсіру шептері шектеріндегі жолдарда қисықтарды (поездарды аялдамасыз өткізу қарастырылатын басты және солармен шектес қабылдап-жөнелту жолдарынан басқа) сыртқы рельстің өрлеуісіз, ауыспалы қисықтарсыз және шектес қисықтар арасында тік қосындысыз жобалаған жөн. Тартымдық жолдарды тік учаскелерде орналастырған жөн.

Бөлек пунктты шұғыл бұрылысты бойлық бейінде орналастыру кезінде бейін элементтерінің ұзындығы мен қиылысуы аралықтардағы жолдар үшін бекітілген нормаларға сәйкес келуі керек.

Локомотивті немесе вагондарды құрамнан ажырату және маневрлік операциялар жүргізу қарастырылатын бөлек пункт жолдарының бойлық бейіні жылжымалы құрамның өздігінен кету мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Құрамдарды немесе вагондар топтарын ауыстырып қою үшін және вагондарды шегіндіру арқылы сұрыптау үшін ғана пайдаланылатын тартымдық жолдардың бойлық бейінін шектес жол учаскесінің бойлық бейініне сәйкес маневрлер кезінде осы құрамдардың немесе вагондар топтарының орнынан қозғалуын, сонымен қатар вагондардың тежегіштері сөндірулі кезінде оларды орнықтырып тоқтатуды қамтамасыз ету жағдайы кезінде қолдануға болады.

Тиеу-түсіру жолдары, сонымен қатар вагондарды жөндеуге, локомотивтерді және локомотивсіз жеке вагондарды жабдықтауға және тұрағына арналған жолдарды горизонталь алаңда орналастырған жөн.


6.2.2 Жер үйіндісі
Бір жолды жер үйіндісінің (негізгі ауданының) енін толық шегіндіруден кейін ашық балластық қабаты бар жолдың тік учаскелерінде үсті бойымен. Тіреуіш қабырғалар орнатқан кезде төменгі қазба, сонымен қатар төзімді қатты тау жыныстары (массив қаттарының жолақ жағына құлауы болмаған кезде нашар моритын) қазбасының енін азайтуға болады.

Жолдың қисық учаскелері үшін жер үйіндісінің енін қисықтың сыртқы жағынан ұлғайтқан жөн. Станциялық және тиеу-түсіру жолдарында жер жолағын кеңейту қарастырылмайды. Ашық балластық қабаты бар сорғытпайтын грунттан алынған бір жолды жер үйіндісі үстінің (құйма призманың) көлденең кескінін үсті бойынша және жер үйіндісінің еніне тең табаны бар трапеция түрінде жобалаған жөн. Екі жол астына салынатын жер үйіндісінің үстін жер үйіндісінің еніне тең табаны бар үшбұрыш түрінде жобалаған жөн. Сорғытпайтын грунттан алынған жапсарлас екінші жол жер үйіндісінің үстін қолданыстағы жолақтан көлденең көлбеумен бір еңісті етіп жобалайды. Үйінді қиябетінің табаны мен резерв немесе су жүретін жыра жарқабағы арасындағы бермаға қарастырған жөн.


6.2.3 Жолдың жоғарғы құрылысы
6.2.3.1 Жолдың жоғарғы құрылысының қуаты жолдардың категориясы мен мақсатына, сонымен қатар локомотив осіне жүктемесіне байланысты.

6.2.3.2 Рельстерді жаңаларын қарастырған жөн. Базаларда дәнекерлеу арқылы немесе жолға салатын жерде ұзын өлшемді рельстік желілерді салу ұсынылады.

6.2.3.3 Шпалдардың бір және екі типті ағаш түрін қарастырған жөн. Үшінші категориялы сыртқы жолдарда, ағаш тасу тармақтарында және станция жолдарында үшінші типті шпалдарды салуға болады. Темір-бетон шпалдарды қолдану техника-экономикалық есептеулермен негізделген болуы керек.

6.2.3.4 Балласт ретінде балластқа берілетін техникалық жағдай талаптарын қанағаттандыратын жергілікті материалдарды пайдаланған жөн.

6.2.3.5 Бағыттамалы бұрмалар салынатын рельстердің типіне сәйкес болуы керек. Қайта құрылатын, сонымен қатар сәйкес негіздеу кезінде қиын жағдайларда орналастырылатын жолдар үшін тұйық қиылыстарды қолдануға болады.

6.2.3.6 Балласт салуға жол беретін көпірлер мен жолөткелдердегі жолды шпалдың төменгі төсемінен бастап жоғарғы қорғаныш қабатына дейін су айырғыш нүктелерде оқшаулау қиыршық тас балластқа салған жөн.



7 АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
7.1 Негізгі ережелер
7.1.1 Автомобиль жолдарының түрлі элементтері мен инженерлік құрылғылары бойынша нормалар жиынтығы түрлі категориядағы автомобиль жолдарының жалпы техникалық деңгеймен және олардың маңызды көліктік-пайдалану сипаттамаларын байланыстырады.

7.1.2. Автомобиль жолдары тасымалдау мақсаты мен жылдық есептік көлеміне байланысты категорияларға бөлінеді.

7.1.3 Негізгі жолдар қызмет ету мерзіміне байланысты тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Уақытша жолдарға, қызмет мерзімі үш жылға дейін аршықтар мен үйінді керпештерінде орналасатын жолдар жатады. Уақытша жолдар үшінші категориялы нормалар бойынша тасымалдау көлеміне тәуелсіз жобаланады.

7.1.4 Жүгі бар жалғыз автомобильдер қозғалысы жылдамдығының есептік мәндері жол учаскелерінің геометриялық элементтерінің шектік мәндерін анықтайды, оларды ҚР ҚНжәнеЕ 3.03-09-2006 сәйкес қабылдаған жөн.


7.2 Өтер жолдың көлденең және бойлық бейіні мен жоспары
7.2.1 Көлік бермаларында орналасатын ашық кен қазбалары кәсіпорындарының автомобиль жолдарының бойлық бейіні төменгі жағынан қоршаумен және жоғарғы жағынан су бұрғыш үймеретпен бірге қарастырылады. Автомобиль жолдарының («к» категориялы) көліктік берма ені жоғары жатқан қиябеттен, су бұрғыш үймереттен, өту бөлігінен, жол жағасынан, қоршаудан және жер жолағының жарқабағын қоршаудан бөліп тұратын қауіпсіздік жолағынан (опырылу призмасы) сусымаларды жинауға арналған кювет сыртындағы сөрелердің көлденеңөлшемдерімен анықталады.

7.2.2 Құрамда есептік болып табылатын автопоездар қозғалысы болған кезде өту бөлігінің арттыру керек.

7.2.3 Өту бөлігін, ережеге сай, жолдардың барлық учаскелерінде екі еңісті көлденең бейінімен қабылдаған жөн, онда вираж құрылысы талап етілмейді.

7.2.4 Екі еңісті көлденең бейін кезінде жол жағасының көлденең көлбеулерін өту бөлігінің көлденең көлбеулерінен көп қабылдаған жөн.

7.2.5 Алаң ішіндегіден басқа бір жолақты жолдар үшін өту бөлігі мен жол жағасының көлбеуі бірдей.

7.2.6 Радиусы аз жоспардағы қисықтарда, салу, жанасу және қиылысу аймақтарында орналасқан жолдардан басқа вираждар салуды қарастыру қажет.

7.2.7 Екі еңісті бейіннен бір еңістіге ауысу - ауыспалы қисық бойымен, ол болмаған кезде жанасатын тік учаскеде жүзеге асырылады.

7.2.8 Барлық жағдайларда, жергілікті жер жағдайлары бойынша бұл техникалық түрде мүмкін және экономикалық түрде мақсатты болып көрінетін болса, автомобиль жолдарының жоспары мен бойлық бейіні элементтерінің параметрлерін ҚР ҚН және Е 3.03-09-2006 сәйкес қабылдаған жөн.

7.2.9 Шектес бойлық көлбеулер көлбеулердің алгебралық айырмасы кезінде вертикаль қисықтармен түйіседі.

Кубтық параболалар түріндегі шектес вертикаль қисықтарды түзу салындықсыз түйістіруге немесе сплайн-функция түрінде бойлық бейінді жобалауға болады.

7.2.10 Горизонталь қисықтардың радиустары аз болған кезде ауыспалы қисықтарды орналастырған жөн. Ауыспалы қисықтарды орналастыру мүмкін болмаған кезде жобалаудың қысылтаяң жағдайы үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдық режиміне шектеу енгізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет