Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТАЛАПТАРЫ



бет5/10
Дата19.06.2016
өлшемі439 Kb.
#148011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТАЛАПТАРЫ



11.1 Теміржол көлігінің 1520 және 750 мм болатын жолтабан еніне арналған өрт қауіпсіздігінің бөлек талаптары
11.1.1 Өнеркәсіптік теміржол көлігіндегі инженерлі байланыстың жобалауы келесі құжаттарға сәйкесінше болуы тиіс:

Теміржол көлігі арқылы жүкті, қауіпті және тез жанғыш жүктерді тасымалдау кезіндегі ережелер;

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002;

Қазақстан Республикасындағы 16.01.2012 № 22 бастап өрт қауіпсіздігінің ережелері.

11.1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы локомотивті-вагонды деполарда локомотивтерді және вагондарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын келесі жағдайларға байланысты қарастыру керек:

- бояу жұмыстары жүргізілетін орындарды құрылыстың басқа бөлмелерінен екінші типті өртке қарсы қабырғалармен бөлектеу керек. Бұндай жағдайларда локомотивті жұмыс істемейтін жағдайларға ауыстыру үшін механикалық құрылғылармен ескертілген жөн. Бұдан депо ішінде орналасқан механикалық құрылғылар жарылуға қауіпсіз жерде атқарылу керек.

- дизельді жанар жағармай және майдың белгіленген қорын сақтауға арналған ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 арнайы майлы-жанғыш материалдарды сақтайтын қоймаларда сақтайды.

11.1.3 Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жылумен жабдықтау.

Сумен жабдықталған жобаның жүйесі барлық теміржол көлігінің (қызметті-техникалық және өнеркәсіптік ғимараттарда, жөндеу шаруашылығының бөлімдері және жылжымалы құрамды жабдықтау) барлық бөлімдеріне ауыз су шаруашылықты және керекті жабдықтармен қамтамасыз етуі керек.

Қалыптастыру, ажырату жұмыстары жүргізілетін және тиеп-түсіру оталары мен тез жанғыш жүктердің вагон тобы немесе жылжымалы құрамның сыртқы өрт сөндіруі станциада, бөлек парктарда, жүктік бөлімдерінде және басқа да жерлерде жүргізіледі.

Өртке қарсы тұратын су құбыры және құрылғыларында ашық алаңдағы құрылыс пен жүктердің, вагондардың немесе ғимараттардың өрт сөндіруіне кетектін судың шығынын жобалау керек.

Станциадағы және жүктік пункттердегі өртке қарсы тұратын су құбырын сақиналы жүйеде жобалау керек.

Сутартқыш желісіндегі өртке арналған гидранттардың орналасқан жері осы желі арқылы қызмет көрсететін ғимараттарға, ашық қоймалар мен жүктері бар алаңдарға, вагондардың қалыптастыру және ажырату жұмыстары кезіндегі өрт сөндіруін қамтамасыз етуі тиіс.

11.1.4 Өнеркәсіптік теміржол көлігіндегі әкімшілік және қызметті-техникалық ғимараттарды автоматты өрт сөндіру және сигнализациялармен қамтамасыздандыру керек.

11.1.5 Станциаларда және оқшауландырылған паркттерде сондай-ақ жүктік фронттарда хабар беретін өрт сигнализация кнопкасын, ал станциа бойынша кезекшілерге өрт байланысының орталық бөлімшесімен тікелей телефонды байланыс орнату керек.
11.2 Автомобиль көлігіндегі өрт қауіпсіздігінің жеке талаптары
11.2.1 Өрттің қауіпті факторларынан адамды және мүлікті қорғау және автомобиль көлігіне тиген әсерінің салдарын шектеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша қабылданған № 307 2008 жылдың 31 наурызынан бастап «Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздіктің талаптары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша қабылданған № 14 2009 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламенттерімен қамтамасыздандырылған.

11.2.2 Автокөлік кәсіпорындарының жобалары № 22 16.01.2012ж. бастап Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігінің Ережелеріне сәйкес техникалық ғимараттар мен құрылғылар қаралу керек.


11.3 Арқанды аспалы және гидравликалық көліктің өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Өрттің қауіпті факторларынан адамды және мүлікті қорғау және арқанды-подвескалы және гидравликалық көліктеріне тиген әсерінің салдарын шектеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша қабылданған № 14 2009 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламентінің бір немесе бірнеше әрекеттерімен қамтамасыз етеді:

- өрт ошағының таралуының шегін шектеумен қамтамасыз ететін көлемді-жоспарлы шешімдерді қолдану;

- өрт болған жағдайдағы адамдарды қауіпсіз көшіру шектеулерін қанағаттандыратын көшіру жолдарының құрылғылары;

- өрт болған жерді табу құрылғыларының жүйесі, өрт болған жағдайдағы адамдарды көшіруді басқару;

- коллективті қорғанысты қолдану жүйесі;

- отқа төзімділікті және өрт қауіптілігінің топтарымен негізгі құрылыстық үйлесімін қолдану;

- отқа төзімді құрамдарды қолдану (соның ішінде антипирен және отқа төзімді бояулар) және құрылыстық материалдар;

- өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану;

- автоматты орнатылған өрт сөндіргішті қолдану.
11.4 Конвейерлі көліктің өрт қауіпсіздігінің жеке талаптары
Галерея мен эстакадаларды жобалаған кезде келесі өртке қарсы шараларды ескерген жөн:

- жер үсті-жер асты галереяларда орнатылатын конвейерлер отқа төзімді ленталармен қамтамасыздандырған жөн;

- тез жанғыш жүктерді тасымалдауларға арналған галереялар жанбайтын материалдардан жасалуы керек. Жанбайтын жүктерді тасымалдау кезінде жанғыш материалдар галереясы ескерілген жөн;

- жанбайтын жүктерді тасымалдау үшін жанатын материалдардан жасалған галереяны қарастыру қажет; алдыңғы және қоршалған конструкциялары бар жанатын материалдардан жасалған галереялар мен эстакадалар үшін жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы зоналарды қарастыру қажет;

- жерүсті галереясы мен алдыңғы эстакадасы және қиын жанатын материалдардан жасалған қоршау конструкциялары бар, ғимараттармен қиылысқан жерлерде жанбайтын материалдардан жасалған зоналар қарастырылады;

- қайта тиеу тораптарда қиыстырылған орындарында өртке қарсы зоналардағы өртке қарсы есіктері бар өртке қарсы тіреулерді қарастырған жөн.

- галереяның ғимаратпен қиылысқан жерлерінде А, Б және В категорияларының өндірушілерімен кемінде жарты сағат өртке қарсы тұрақты есікті немесе су ұстауын қарастыру қажет;

- галерея мен эстакадалардың әрбір өртке қарсы аймақтардан (ғимаратқа жалғасқан өртке қарсы аймақтардан басқа) өртке төзгіш материалдардан жасалатын баспалдаққа шығу қарастырған жөн;

- рельс үстінен галерея мен эстакадалардың орналасуы тепловоз тартым күші кезіндегі теміржол жолдары мен галерея және эстакадалардың қиылысқан жерлерінде әр бағыттағы галерея және эстакада бөлімдерінің жануынан сақтауды қарастырған жөн;

- шлак және балқытылған металлдарды тасымалдуға арналған теміржол жолдары мен галерея және эстакадалардың қиылысқан жерлерінде өртке төзгіш материалдардан жасалған қалқандармен сақталу қажет.



12 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
12.1 Осы құрылыс нормаларының талаптары адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға, зиян келтіру қолайсыз жағдайларының пайда болуын болдырмайтын санитарлы-гигиеналық талаптардың, сонымен қатар ҚНжәнеЕ ҚР 3.03-09-2006 нормативтік құжаттарының орындалуына бағытталған.

12.2 Өнеркәсіптік көлік жобаларында қарастырылатын шешімдер жер, жер қойнаулары, су қорлары, атмосфералық ауа, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау қызмет ететін заңнаманың негізінің талаптарын қанағаттандыруға міндетті, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметін басқаратын қызмет ететін мемлекеттік стандарттар.

12.3 Құрылыс пен қойнауды қорғау үшін бөлінген территорияны қызмет ететін заңнамаға сәйкес орындау қажет.

12.4 Үңгужол мен құрылыс алаңдарда пайда болатын өндірістік, шаруашылық-өндірістік және шалағай қалдық сулар тазартуға жатады, олардың деңгейі санитарлық нормалармен және шалағай қалдық сулардың ластануынан қорғау нормаларына сәйкес анықталады. Нормативті таза және ластанған өндірістік қалдық сулар бөлек қарастырылуы қажет.

12.5 Инженерлік коммуникациялардың жобалау нормалары қалдық сулармен ластанудан жер үсті суларды қорғау бойынша № 481-II 9 тамыз 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Су кодексімен сәйкес қалдық суларды тастау бойынша санитарлы-гигиеналық шартқа жауап беру керек және санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және басқа да табиғатты қорғау органдарымен келісілуі қажет.

ӘОЖ 621.7.067 МСЖ 45.020



Кілт сөздер: темір жол көлігі, автокөлік көлігі, гидравликалық көлік, аспалы арқан көлігі, конвейерлік көлік, жер төсемі, жылжымалы құрам, жердің жоғарғы қабаты, жүру бөлігі, қиылыс, бойлық және көлденең жоспар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет