8.3 Дренчерлік қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары
8.3.1 Дренчерлік өрт сөндіру қондырғыларын автоматты түрде қосуды оятқыш
жүйелерден немесе өрт дабылы жүйелерінен алдын ала қарастыру керек.
8.3.2 Өрт сөндірудің әрбір секциясы үшін жеке басқару түйінін алдын ала қарастыру
керек.
Бірнеше функционалды байланысты дренчерлік бүркеніштер үшін бір басқару
түйінін алдын ала қарастыруға рұқсат етіледі. Дренчерлік бүркеніштерді қосуды
автоматты түрде немесе қолмен (қашықтықтан немесе орнынан) жүзеге асыруға рұқсат
етіледі.
8.3.3 Көлемді көбікті өрт сөндіру кезінде үй-жайды көбікпен толтыруды қорғалатын
жабдықтың ең жоғарғы нүктесінен асатын 1 м қарағанда кем емес биіктікке дейін алдын