16 ӨРТ ДАБЫЛ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 16.1 Өрт дабыл жүйелерді құрылымдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
16.1.1 Өрт дабыл жүйелері «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды
автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға
хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi
талаптар»
техникалық регламентінің 4.7, 4.9, 4.11-бөлімдерінің талаптарына және осы
нормалардың талаптарына жауап беруі керек.
16.1.2 Өрт дабыл жүйелерінде қолданылатын өрт хабарландырушылары және өрт
қабылдау-бақылау аспаптары «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты
түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және
оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар»
техникалық регламентінің 4.8 және 4.10-бөлімдерінің талаптарына сәйкесінше жауап
беруі керек.
16.1.3 Өрт дабыл жүйелерін жобалау кезінде жалған іске қосылуларды (дабылдарды)
шектеу бойынша шаралар қарастыру керек:
- қол өрт хабарландырушыларын тиiстi орналастыру;
- өрт хабарландырушыларын тиiстi таңдау және өрт хабарландырушыларын
орналастыру;
- жүйенің түрін және конфигурациясын тиiстi таңдау;
- электр магниттік кедергілерден қорғауды қамтамасыз ету;
- дабыл сигналдарын сүзуді қамтамасыз ету.
16.1.4 Хабарландырғыштың механикалық бүліну қауіпі бар орындарда оның
жұмысқа жарамдылығын және тұтануды анықтау тиімділігін бұзбайтын қорғаныс
конструкциясы қарастырылуы тиіс.