46. "Ықтимал қауіпті биологиялық объект"ұғымын түсіндіріңіз.
ықтимал қауіпті биологиялық объект – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын жылжымайтын (стационарлық) немесе орналастырылатын мобильді объект.
ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың (бұдан әрі – төтенше жағдай) туындауы-негізгі биологиялық қателердің бірі болып табылады.
47. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың негізгі функцияларын сипаттаңыз.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) (бұдан әрі – режимдік комиссия) туралы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және режимдік комиссияның қызметін және құру тәртібін айқындайды.
Режимдік комиссиялар Комитеттің аумақтық департаменттері жанынан патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру және оған қосымша мақсатында құрылады.
Режимдік комиссиялардың қызметін үйлестіру мен бақылауды Комитет бейінді сарапшылар мен мамандарды тарта отырып (келісім бойынша) жүзеге асырады.
Режимдік комиссиялардың құрамы Комитет департаменті басшысының бұйрығымен бекітіледі және Комитет департаменті мен ұйымдардың бейінді мамандарынан қалыптастырылады (келісім бойынша). Режимдік комиссиялар төрағадан - комитет департаменті басшысының инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарынан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Хатшы режимдік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Режимдік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру немесе қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау және оған қосымша;
2) әлеуетті қауіпті биологиялық объектіні биологиялық қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігін зерттеп-қарау;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін қорытынды және оған қосымша не дәлелді негіздемесі бар теріс қорытынды дайындау;
4) әлеуетті қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда консультация беру және әдістемелік көмек көрсету болып табылады;
5) биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық–әдістемелік және өзге де көмек көрсетіледі.
Режим комиссиясының қорытындысы осы Ережеге қосымшада көзделген нысанға сәйкес ресімделеді.
Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |