Анализаторлар үш бөлщектен тұрады:
1) перифериялық орган –сезім мүшелері (рецепторлар).
2) өткізгіш бөлім –рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар.
3) мидағы орталықтар.
Бірінші компоненті – сезім мүшелері -әр түрлі құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың міндеті –сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшіе жүйкелік қозуға айналдыру. Екінші компоненті -өткізгіш бөлім –сыртқы энергияның сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары, төмен) жайып отырады. Үшінші компоненті –мидағы орталықтар. Ми орталықтары –мидың бір жерінде бұлжымай қатып қалған алқап емес, күрделі қарым –қатынас жасап отыратын, бір –бірімен тығыз байланыстағы ми алаптары. Ол алаптар ортаның қойған талабына сай бірінің орнын бірі басып отыруға, бір топ нейрондардың атқаратын қызметін екінші алап атқаруға қабілетті келеді. Психология пәнінде ми қабығын мұндай қызметін компенсаторлық әрекет деп атайды.
Сезіну түлері.
Адамда пайда болатын түйсіктерді үлкен үш топқа бөледі:
1. Сыртқы сезінулер. Олардың рецепторларын экстроцепторлар (латын тілінен аударғанда – «сыртқы қабылдаушы») деп атайды. Бұл түйсіктерге көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі немесе органикалық сезінулер. Олардың рецепторларын интероцепторлар деп атайды. Олардың сезім мүшелері ішкі организмде орналасқан. Ішкі түйсіктер бір жеріміздің ауырғанын хабарлап отырады және ашығу, шөлдеу, тою, лоқсуды білдіреді.
3. Қозғалыс немесе кинестезиялық сезінулер. Бұл түйсіктер денеміздің қозғалысын реттеп отырады, рецепторлары –проприоцепторлар деп аталады. Олардың рецепторлары бұлшық еттерде, сіңірлерде болады.
Сыртқы сезінулер:
1. Көру сезінуі. Біздің өмірімізде көру түйсігінің ерекше маңызы бар.
Зерттеулерге қарағанда адам 180 түрлі түсті және олрдың арасындағы 10.000 –нан аса реңкін айыра алады. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық және хроматикалық болып бөлінеді.
Хроматкалық –гректің «түсті, боялған» деген сөзінен шыққан.
Ахроматикалық –түссіз. Ахроматикалық түстер –қара, ақ, сұр түстер.
Хроматкалық түстерге –қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түстердің барлық реңктері кіреді.
Көру мүшесі –көз. Оның негізгі бөлімі –көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен қпталған щар тәріздес нәрсе. (ақ түсті тамырлы және торлы қабық). Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмырқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа айналады. Мөлдір қасаң кабық арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі енеді.
Тамырлы қабық ақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ең ішкі , үшінші қабықты торлы қабық дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |