Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым


Елестету Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды



бет7/14
Дата30.03.2023
өлшемі42.67 Kb.
#471435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Сезіну. абылдау. сыну. Елестету. Ес ж не назар. Ойлау ж не с й

Елестету
Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял -адамға ғана меншікті психикалық процесс,өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық қызмет. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады.Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де тауып алуға болады. Қиял –аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптен қолы жетпей жүрген мақсатын ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп ширай түседі.
Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял еңбек үстінде күшті болады. Еңбек тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс.
Елестетудің физиологиялық негізі ми қыртысының үлкен ми сыңарларында бұрынырақ пайда болған уақытша байланыстар. Қиялдау әрекетіне қозу мен тежелу процестері қатынасып отырады. Қиял екі сигнал жүйесімен тығыз байланысты. Қиялды адам сөз арқылы жеткізгенде екінші сигнал жүйесі жетекші роль атқарады.
Елес түрлері.
Елестету екі түрге бөлінеді:
1. Ырықсыз, пассив қиял.
2. Ырықты, актив қиял.

Ырықсыз қялда адам алдына мақсат қоймайды. Мысалы, адамның шым-шытырық түс көруі, аспандағы бұлттарға қарап, оларды түрлі құбылыстарға ұқсату...Бұл пассив қиял.


Ырықты қиялда адам алдына мақсат қояды. Образдарды әдейілеп жасайды.
Мысалы, қиялдың белсенді түрі балалардың ойын әрекетінен байқалады. Олардың ұшқыш, , ғарышкер, дәрігер рольдерін ұқыптылықпен орындағанда көруге болады. Ырықты қиял адамның еңбек әрекетінде де іске асады,өйткені адам өзінің еңбегінің нәтижесі жемісті болуы үшін түрлі жоспарларды ойластырады, алдына мақсат қояды. Яғни бұл қиял ырықты, актив.


Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

Қайта жасау қиялы адамның өткен тәжірибесіндегі болған образдарды қайта елестетіп, сөз тітіркендіргіштеріне байланысты туады.


Қайта жасау қиялының міндеті –жаңа объекті жасау емес, табиғаттағы бар затты, өзі нақты қабылдамағанмен сол қалпында қайта елестету. Қайта жасау қиялы адамның дүниетаным өрісін кеңейту үшін керекті психикалық процесс. Қайта жасау қиялы оқыту жұмысында маңызды орын алады –балалардың алдына практикалық міндет қоюы. М., заттың суретін салу немесе моделін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет